“ Оқу сапасын жақсарту мақсатында физика сабағында интербелсенді пайдалану әдістемесі”

Бүгінгі күн мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсіби шеберлікті талап етеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақ қолында, ал жас ұрпақтың тағдары ұстаздар қолында» демекші ұстаздар қауымының алдына үлкен міндет жүктеп отыр. Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда  оқытудың жаңа технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс тәжірибесі зерттеліп, білім жүйесіне енуде.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауында  «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деген болатын.  Өмір бойы оқып-үйрену дегеніміз тұлғаның әлеуметтік, азаматтық тұрғыдан жарқын болашаққа жету мақсатында өзінің білім, білік, машық, дағды, құзіреттіліктерін үнемі жетілдіру, Ал өмір бойы оқып үйрену оқу мен оқытуда жаңашыл және интербелсенді әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.  Осы мақсатпен әдістемелік тақырыбымды «Физика сабақтарында интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім сапасын арттыру» деп алып, жұмыстанып келемін.
 
Мақсатым:

  • оқушыға білім, білік, дағды, құзырлылық машықтықтарды игерту;
  • білім сапасын арттыру;
  • қызығушылығын арттыру
  • ойлау қабілетін қалыптастыру;
  • тілдік сауаттылығын арттыру;
  • Теориялық білімдерін практикада қолдануға үйрету.

Күтілетін нәтиже:
—   терең ойлануға;
—   ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алуға;
—   ақпаратты жан-жақты талдауға;
—   өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға;
—   пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге;
—   жауапкершілікке (өз білімен, өміріне);
—   басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға.
 
Интербелсенді оқу білімді өздігінен игеруге негізделген. Интерактивті әдістің дәстүрлі әдістерден артықшылығы оқушыны қозғалысқа түсіру енжар
тыңдаушы емес, белсенді өз бетімен білім іздеуші, табиғат, қоғам заңдарын өз бетімен ашушы рөліне енгізу.
Бұл әдісте мұғалім бағыт бағдар беруші, ұйымдастырушы,  ал оқушы белсенді, білімді өздігінен игеруші, өз қажеттіліктерін айқындаушы. Бұл оқудың  әдістемелік ұстанымы білім дайын түрінде берілмейді, білімді күмәнданып қабылдау, бұл ұстаным диологтық қары –қатынас, сыни көқарас пен шығармашылық белсенділікке негізделеді.
 
Интербелсенді оқытуда мынадай жұмыс түрлері арқылы жүзеге асады:

  • Жұптық, топтық жұмыс;
  • Жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары;
  • Рольдік ойындар;
  • Пікірталастар;
  • Ақпарат көздерімен жұмыс;
  • Тренингтер;
  • Кез келген оқу әрекеттерін кері байланыспен аяқтау; т.б.

 
2016 жылы Кембридж университетімен Назарбаев зияткерлік мектебінің бірлескен жобасы аясында  жаңа форматтағы  мұғалімдердің біліктілігін көтеру курсында болып, сертификатталдым. Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасының негізгі ерекшелігі оқушылардың білім алуға деген белсенділігін арттыру және білімді алып қана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуге үйрету.  Курс мазмұнын игеру барысында сабақ үдерісінде оқушылардың іскерлікпен белсенді қатысуына, өз беттерімен білім алуына деген әрекеттері білім сапасының артуына үлкен септігін тигізеді.
Интербелсенді әдіс-тәсілдерді әр сабағыма қолданамын.  8а сыныбында «Тоқ күшін және кернеуді есептеу» тақырыбына берілген сабақта осындай әдіс тәсілді пайдаландым. Бұл сабақта топтық жұмыс, ақпарат көздерімен жұмыстанды.
 
Күнделікті сабақтарымда интербелсенді әдіс-тәсілдерді үнемі және тиімді пайдалануға тырысамын. оқушылардың жаңа материалды өздері игеруіне көп көңіл беремін. Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге  деген қызығушылын және қажеттілігнен туындайды.  Топпен жұмыс кезінде сыныпта ең алғар дарынды оқушыны анықтауға мүмкіндік береді.
Интербелсенді оқытуда мына шарттарды қадағалау міндетті:

  • Жағымды психологиялық орта орнату;
  • Үйренушілерге білім игеруге деген қызығушылық тудыру;
  • Білім игеруде үйренушілерді сәттілікке бағыттау;
  • Білім игеру процесінде бірлескен әрекеттерді қолдану.

Мұндай оқытуда оқушылар қомақты нәтижелерге өзара қарым-қатынас пен әрекеттесу,  бірлескен әрекеттер арқылы жететіндігін біледі , сол себепті де олар үйренудің нәтижесіне деген өз жауапкершіліктерін түсінеді. Сондықтан да мұндай сабақтарда жағымды психологиялық ахуал тудырудың орны маңызды.  Мектептердің негізгі миссиясы «өмір сүруге үйренетін және тұлға қалыптастыратын орта құру» болып табылады.  Үйрететін ұстаз емес, үйрететін орта.  Сондықтан бұндай ортада бірінші кезекте жағымды психологиялық орта орнату керек, бала жағымды ортада ғана өзін еркін сезінеді.
Жағымды психологиялық орта құру-әр сабақтың басты мақсаты.  Бұндай орта құруда ұстаз төмендегідей ережелерді есте сақтау керек:

  • Оқушымен қарым қатынаста қысымнан бас тартып, «жұмсақ» әдістерді қолдану керек;
  • Сыйластық пен сенімге негізделген жеке қарым қатынас орнатуға мүдделі болу, мысалы оқушыға «Сеннің » орнына «Сіз» деп сйлеу арқылы, «Сіз білесіз! Сіздің қолыңыздан келеді!», «Мен сізге кәміл сенемін!» деп сөйлессек оқушыныңбілімге деген ынтасыпайда болады;
  • Топта ортақ іспен айналысу:
  • Әрбір пікірді тыңдай білу;
  • Өзгенің пікірін сөкпеу;
  • Жұмыс түрлерін өзгертіп отыру;
  • Шығармашыл жағынан оқушылардың ашылуы.

Әр сабағымда қолданылатын тиімді  интербелсенді тәсілдер:

  • «Проблеманы айқындау» тәсілі. Бұл тәсілді пайдалану кезеңінде мұғалім оқушыны жаңа білімді игертуге белсендіреді. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өз мақсаттарын айқындайды.
  • «Ой қозғау» тәсілі. Бұл жерде проблеманы  негізгі терминдер арқылы құрастырып, басты мәселені айқындау. Әрбір оқушының идеясы есептеліп, соның ішінен  нақты жағдайда қолдануға тұрарлығы алынады.
  • Кластер тәсілі идеялар мен ақпараттардың арасындағы  байланыстарда айқындауға арналған жазба кестелер.  Негізгі сөз қағаздың ортасындағы шеңбер ішіне жазылып,  одан туындаған сөздер оның жан жағына жазылып шеңберленеді, оқушылар оларды сызықтармен қосып, өзара байланыстары туралы әңгімелейді.

 
 
 
 
 
 
 
 
-«Ойлан, Жұптас, Пікірлес» тәсілі оқушыларға  қандай болмасын тапсырма немесе сұрақ берілгеннен кейіноларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді әдістер. Тапсырманы әрбір оқушы жекеше орынорындапөз пікірін жазады, сосын қасында отырған жұбымен талқылап пікірдлеседі. Мұғалім екі-үш жұпқа өз пікірлерін сыныпқа жариялауын сұрауына болады.
Интербелсенді әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды пайдалана отырып: тақта, кітаптар,  бейне материалдар, слайдылар, флипчарттар, постерлер,  компьютерлер  және  т.т.  таныстырулар жатады.  Сонымен қатар, оқу процесіне топтық пікірсайыстар, жазбаша мазмұндамалар  және  шығармалар,  сұхбаттар,  жастарды  «тең –теңімен» қағидаты бойынша құрдастарымен жұмыс істеуге оқыту, бейнефильмдер  мен  бейнесюжеттерді қарап  шығып  талқылау, әртүрлі науқандар мен акцияларды өткізу.
Оқудың интербелсенді әдістерінің артықшылығы:

  • оқушылардың қызығушылығын туғызады;
  • әрқайсысының оқу үрдісіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
  • әрбір оқушының сезіміне назар аударады;
  • оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
  • оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
  • кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
  • оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
  • өмірлік машықтарды қалыптастырады;
  • мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Интербелсенді әдіс тәсілдерді тек оқу процесінде емес,  тәрбие сағаттарында да қолданамын. Нәтижесінде  өз ойын еркін жеткізе алатын, терең ойлайтын, ақпаратты жан жақты талдап, басқалармен тиімді қарым қатынасқа түсе алатын, өз өміріне, біліміне жауапкершілікпен қарайтын тұлға тәрбиеленеді.  Білім сапасы артып, оқушылар өздігінен  білім алуға ынталанады.  Осындай жүйелі әдіс-тәсілдерді қолданып, жүйелі жұмыс жасау нәтижесінде оқушыларым әр түрлі сайыстарға қатысты.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.