Оралхан Бөкей

 
Жанатаев Данат Жанатайұлы
әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті
 
Бижанова Айзада
Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты
 
 
Оралхан Бөкей шығармашылығы туралы…
 
Қазақ әдебиетіндегі орны ерекше кезең–ол ХІХ ғасырдың 2-ші ширегі. Дәл осы кезде ұлттық әдебиетіміздің майданына  Алтайдың біртуар перзенті, дарынды да дара жазушы–Оралхан Бөкей келді. Ең алғашқы щығармаларынан –ақ бастап, оқырман оның жаңа дарын, жаңа леп, жаңа философиялық, оған қоса мифологиялық бағыттың басы, бұрын сонды әдебиетімізде болмаған тың адам  екенін   бірден байқайды.Оралхан шығармалары  мифлоголигиялық,философия элементтері бар жаңа модернисттік бағытта болғандықтан, қазақ және шетел оқырмандарының жүрегін бірден жаулай алды. Оның повестері мен романдары, өзінің замандастарына қарағанда ең көп ауладырылған жазушы. Автор туындыларынан біз махаббаты,жалғыздықты, сағынышты, өлім мен өмір, жақсылық пен жамандық мәселелерін  көре аламыз.
Оралханның өмірге, қоғам мен адам қарым-қатынасына, табиғатқа деген көзқарасының қалыптасқан жүйесі болып табылады. Романтизм элементтерін қаламгердің дүниетанымынан, оның қоғам, адам жайында тебіренген ойларынан, табиғат, өмір жайында түйген толғамдарынан, жазушы идеалынан іздеу қажет. Жазушының әр кейіпкері – өзінше бір-бір жұмбақ әлем. Оралхан Бөкейұлы имансыздық пен рухани жұтандық жайлаған қоғамнан безінген тұста ішкі үйлесімді табиғаттан табады. Ол рухани вакуумнан құтылудың амалын табиғаттың арасынан іздейді. Кейіпкердің қоғамдағы кеселді құбылыстарға наразылық білдіріп, табиғатты таңдауы романтикалық бастау қаламгерге натуралистік нақтылықты басып туындыларына «жан бітіріп», сұлулыққа, шексіздікке ұмтылдырған. Оралхан Бөкейұлы кейіпкерлерін бейнелеуде оларды тіпті идеалдандырып жіберетінін байқауға болады. Мысалы: Бура – «Қазақбай ауылының ең соңғы түйесі», Кербұғы – «он сегіз салалы оқыстан жаралар хайуанның ең ақыры», Асан шал мен Ақтан – «ертек адамның соңы», Гүлия – қазақ үшін ең ақырғы Ақжүніс, ең ақырғы Баян, ең ақырғы Жібек», Қоңқай – «дүние жүзіндегі қатыгез әрі мықты шал», Ақбота – «адам күші мен табиғат тылсымын қанды шайқасқа жібермей, қоршап, қорғап жүрген жалғыз жанашыр, жалғыз сақшы жұмбақты қыз». Мұндай мінездемені қаламгердің әр қаһарманынан көруге болады.Жазушының шығармаларында реалистікте, романтикалықта, сипат көптеп кездеседі. Жазушы өзінің көптеген туындыларында өмір шындығын, обьективті жақтарын саралай отырып, өзі қалаған рухани-адамгершілік идеалды шығармаларына арқау етеді. Жазушы шығармаларының қосжелілігінде дау жоқ. Оның шығармаларында романтикалық бейнелеу мен реалистік бейнелеу бір-бірене қарама-қарсы қойылмағаны оның басты ерекшелігі болып табылады.
Романтизм мен реализм бір-біріне қарама-қарсы әдеби бейнелеу тәсілдер емес екені белгілі. Кез-келген көркем шығармада олар ажырамас бірлікте болуы мүмкін. Академик Зейнолла Қабдоловтың сөзімен айтсақ: «Әр суреткер осынау екі әдістің тек біреуімен ғана жазады, екеуінің басын бір жерге қоса алмайды, ол – не таза реалист, не таза романтик болуға тиіс деп түсінсек, қателесер едік. Қай кезде жасамасын, бәрібір, барлық қазақ жазушы-лары жайлы да дәл осыны айтуға болар еді: бәрінің творчествовасында да реализм мен романтизм араласып жүр» [2; 350].Кейбір зерттеушілер Оралхан Бөкейдің шығармашылық өсу жолында «роман-тизмнен реализмге қарай бет бұру» байқалады дейді. Бірақ осыған қарап жазушының шығармашылық өсу жолында романтизмнен реализмге қарай толық көшу деп түсінбеу керек. О. Бөкейдің даусыз реализмін мойындай отырып, біраз зерттеушілер оның алғашқы шығарма-ларындағы романтикалық сарын кейіннен реалистік прозаға ұласты деп пайымдап жүр. Жазушының алғашқы шығармаларында романтикалық сипаттың басым болғаны дау тудырмайды. Бірақ нағыз реалистік шығармалар деп бағаланған, 1984 жылы жарық көрген «Біздің жақта қыс ұзақ» жинағына енген повестестерінен-ақ романтикалық сипат анық байқалады.
Оралхан Бөкей адам мен табиғаттың терең байланысын, бұзылмас бірлігін пантеистік сенім дәрежесіне дейін көтерген адам болмысының мәңгілік мәселелерін романтикалық, философиялық тұрғыдан бейнелей білген. Жазушы шығармаларында кейіпкердің жан күйзелісі, сезімі табиғат құбылыстарымен егіз бейнеленіп, адам мен табиғат арасы ажырамас бірлікте болады. Табиғат – жазушы үшін рухани тазарудың, рухани жаңарудың түрі, тазалық таразысы. Ол табиғат пен шығарма кейіпкерінің тіршілігін байланыстыра суреттейді, себебі табиғатты тереңнен сезінбесең нағыз жазушы бола аласың ба? Оралхан Бөкейдің романтикалық пейзаждарындағы табиғат адамға тән сезімдер мен мінезге ие болады. Жазушы табиғатқа адам іс-әрекетін береді, сондықтан да табиғат суреті антро-поморфозды қасиетімен ерекшелінеді. Мұндай тәсіл – романтизмге тән белгі-лердің бірі болып саналады. Жазушының «Мезгіл әуендері» (1973), «Табиғат-Өмір-Адам» (1974) атты шығармаларында табиғат бейнесін романтикалық тәсілмен бейнелеп жазған. Бұл туындыларда автор мен лирикалық кейіпкер бірігіп кеткен және бірегей образға айналып кеткен. Жазушының дүниетанымының басқа жазушылардың дүниетанымынан бір ерекшелігі, адам мен табиғат бір тұтас бірлікте болатынын да. Жазушы үшін табиғат – идеал. Табиғат – сұлулықтың, тазалықтың, мәңгілік үйлесімнің мекені деп бейнелейді. Адам табиғатқа тәуелді дейді, ал табиғат керісінше адамға тәуелді емес деп философиялық тұрғыдан пайым-дайды. Адам мен табиғаттың терең байла-нысын, бұзылмас бірлігін жазушы пантеистік сенім дәрежесіне дейін көтерген. Жазушы шығармаларында кейіпкердің жан күйзелісі, дүниетанымы, сезімі табиғат құбылыстарымен ажырамас бірлікте болады. Идеологистік тоталиторизмнің тоңы әлі жіби қоймаған кезде іштей қарсылық танытқан, қадау-қадау ойларын қадай атқан шығарманың бірі Оралхан Бөкейдің «Бура» әңгімесі болып табылады. Қаламгер екі аяқты пендеден безіп, ең ақыры өлігін ешкімге көрсетпей кетуімен де тектілік танытқан бураны азаттыққа деген ұмтылстың үлгісі ретіндк көрсетілген ғасырлар бойы іргетасы қаланып, қалып-тасқан құрылысқа жаңаның, өркениеттің енуі құрбандыққа аз талап етпейтіні анық. Обырға айналған «өркениет» ұйып отырған ұлттың рухын сөндіруге, өзін көндіруге ұмтылды. Суреткер осы күдікті ойын төрт аяқты жануардың – бураның тағдырымен таразылыған. Кеңестік қоғамдағы «өркениеттің» тосын келуін қаламгер поезд арқылы береді. Поезда ұлттық құнды-лықтарды тәрк еткендей менменшілік байқалады. Қара бура поезд астына түсіп өледі.Оралхан Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» романында дала образы ерекше кең тыныспен суреттелген. Дала образын кейіптеу арқылы адам мен табиғат арасындағы байланысты аша түскен. Жазушы қоғамдағы тың өзгерістерге яғни жерді қопарып шойын жолдың салынуына, оның қазақ даласына әкелген жақсылығы мен жамандығына іштей келіспеушілікті дала образына сиғыза білген.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.