Әлемнің екінші ұстазының философиясы

 
Жанатаев Данат Жанатайұлы,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры,доцент
Мурсалы Намаз,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 1- курс магистранты
Екінші ұстаздың философиясы
Әлем мәдениетінде Ислам мәдениеті мен әдебиетінің гүлденуі ортағасырлық ислам фи­ло­софиясының ірі өкілдері әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, әл-Ғазали, ибн-Рушд сынды алып тұлғаларды өмірге алып кел­ді. Ең бастысы, мұсылмандық Шығыс эллиндердің ұлы ру­хани мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізе білді.
Ортағасыр Ислам философтары Аристотель мен Платон трак­таттарын араб тіліне аударып, Шығыс перипатетизмінің негізін қалады. Испандық перипатетизм өкілдері араб ті­лі­нен латын тіліне аударды. Бұл аударма қолжазбалар бү­кіл Еуропаға таратыла бастады. Кейінгі ұрпақты естен шы­ға бастаған эллиндердің рухани мәдениеті мен еркін ой­лауға, өмірге деген сүйіспеншілік көзқарастар негізінде тәр­биеледі. Осы кітаптардан бастап ортағасырлық Еуропада ре­нессанс ұғымы дүниеге келді. Ренессанс – бұл эллинизмнің Еу­ропадағы өркендеуі. Ол Ежелгі Грекия мен Ислам әлемінде бас­тау алған генетикалық бай тұқым болды. Осыдан бастап Ба­тыстық алып өркениеттің алып ағашы өсіп шықты. Бұл Ба­тыс пен Ислам өркениетінің сұхбаттасуының дәлелі.
Ислам философиясының тарихына көз жүгіртетін болсақ, әл-Фараби рухани әлемінің қаншалықты жоғары дең­гей­де болғанына көз жеткіземіз. Философияда Фараби иж­ди­хад дәрежесіне көтерілді, сондықтан да ол фикх, қалам секілді ілімдер бойынша өз ойын білдіріп қана қоймай, сол мә­селелер бойынша лайықты шешім қабылдай алатын еді.
Әл-Фараби үшін адами ойлау ретіндегі философия мен құдайылық туындау жүйесі секілді даналық арасындағы ғасырлар бойы үзілген байланысты қалпына келтіруге тырысқан, құдайылық даналыққа қарсы тұрмайтын ақиқатты философияны көрсеткен Платон мен Аристотель өз дәуірінің прогрессивті ғалымдары болды.
Ал енді әл-Фарабидің антика дәстүрімен байланыстылығы, осының арқасында оның Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанып, даңққа ие болғанын айтар болсақ, әл-Фараби жастайынан Ұлы Аристотель мен Платонның ерте дүниедегі Грецияның философтарының шығармаларымен түпнұсқасынан танысқаны жөнінде деректер бар.
Әл-Фараби рухани әлемінің қалып­тасуы да осы антикалық философиялық дәстүрді бойына сіңірумен байланысты. Анығырақ айтсақ, Аристотель мен Платон философиясы әл-Фараби ойлары­ның теориялық қайнар көзі болды. Платонның және Аристотельдің философиясы әл-Фарабидің философиясының теориялық негізі болғанымен, оның дүниетанымын тек қана плотонизм мен аристотелизмнің қосындысы деп білуге болмайды.
Әл-Фараби Аристотель мен Платонның, әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетті. Оның рухани әлемі, интеллектуалды деңгейі өз заман­дастарын таң қалдырады. Әл-Фараби өз заманындағы өнер білімінің ең асылын таңдап алып, өз дәуірінің шынайы энцикло­педиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, зер салмаған, ғылыми болжам жасамаған бірде-бір ғылым саласы жоқ десек, артық айтқандық емес.
Әл-Фарабиді дүниеге танытқан музыка теориясына арналған шығармаларының бірі «Музыканың үлкен кітабы» еңбегі болып табылады. Ғұлама бұл еңбекте математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді.
«Адам бақытын өз қолымен жасайды. Ақыл-парасатының күші арқылы әуелгі бастамалары мен білімдерін дұрыс пайымдау арқылы және оны қалай пайдалану керектігін терең ойланып, талпынып әрекет жасағанда ғана адам бақытты болады. Игілікке қолы жетеді», — дейді «Екінші ұстаз» атанған әл-Фараби. Адам өмірінің дұрыс жолға түсіп, сәттілікке айналуын, ақыл-парасаты арқылы білімдерін дұрыс пайдаланып, пайымдауының негізінде үлкен жетістікке жететіндігін дәлелдейді. Бәсекеге қабілетті жастарға қажетті дүниенің бірі де осы деп есептеймін. Ғылым да сарқырап ағып жатқан өзен тәрізді,өзен өз сағасын кеңіне жайып, күш жинаған кезінде жақсы көрінеді, бірақ оған бірнеше кіші өзен салалары келіп құйады, және ең басты саласын бірден ажырату мүмкін емес. Біреулер ғылымның дамуын ата-бабамыздың тұрмыс- тіршілігін дамуынан пайда болды десе, келесілері сонау тас дәуіріндегі адам әлем туралы білімін жинап, таратуынан деседі. Енді біреулер бірінші орынға ежелгі Грециядағы біздің дәуірімізге дейінгі ғасардың бірінші жартысында философиядғы дәлелденген білімнің пайда болуымен ұштастырады.Қазіргі кезеңде ғылыми техникалық революцияның дамуы, ғылымның элементтік функциясының кеңеюі, ғылымдағы терең, түпкілікті өзгерістер және олардың адамның, қоғамның, басқа істермен, мәдениеттің әртүрлі формалырымен байланысы ғылым философиясы алдына көптеген мәселеерді қойып отыр. Сондықтан да ғылым философиясы логикалық –гнесиологиялық мәселелерді зерттеумен қатар , ғылымның әлеуметтік философиялық және этикалық мәселелеріне қарауы қажет. Сонымен қатар ғылым туралы ғылым, ғылымның социологиясы, ғылым психологиясы, ғылым логикасы, жартылай мотодология сияқты білім туралы философияның шеңберінен шығып, өздеріне тән әдістер арқылы зерттелді. Бірақ бұл білім тарауларының философиямен байланысы үзілмейді, қайта тереңдей түсті.
Ғылым біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Қоғамның дамуы, ғылымның дамуымен тығыз байланысты. Олар әрқашан бірге жүреді. Әр адам оған өз үлесін қоса алады. Мен ғылымның соңғы жетістіктеріне қуанамын және мүмкіндігінше көп ашулар болғанын армандаймын. Әрине, оның барлық жетістіктері біз үшін пайда әкелген жоқ. Менің ойымша, атом бомбасын ойлап табу – адамзаттың ең үлкен қателігі. Сондықтан, ғылыми білімді тек жақсы ниетпен пайдалану керектігін әрқайсымыз түсінуіміз керек.
Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерек-шеліктері мен мақсаттары бар, бүларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым жеке өзі адамзат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол — тек адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты, үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де, адамзат мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады.Бір анығы – әл-Фараби философиясының қай заманда да өз мәнін жоймайтындығы. Ойшыл-ғалым бақыт дегенді қайсы бір әлеуметтік топтың өкілі екендігіне қарамай, адамның білімділігімен байланыстырды. Әйтсе де, ғалым білімнен де биік тұрған адамзатқа қажетті дүниені анықтап келтірді. Ол: «Адамға бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы»,-деді. «Әрбір адам туған кезден бастап бақытқа жетуге мүмкіндігі бар» деген тұжырым жасады. , әл-Фараби философиясы – әлемдік мәдениет тарихындағы өзгеше философия. Ғалым Аристотельдің материалистік идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Ғылымдар жіктелімі”, “Ізгілікті (қайырымды) қала тұрғындарының көзқарастары”, “Бақытқа жету туралы”, “Бақытқа жол сілтеу”, “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Мысалы, “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде философияны меңгеруге қажетті тоғыз шартты көрсетеді. Сонымен қатар, ежелгі грек ғалымдарының пікірлерін ортаға салып, өз ойларымен бөліседі. Ғалым мұнда негізгі талап ретінде – адамның жан, ар тазалығымен қатар, ел-жұртына, оның ішінде ғылым мен білімге деген қалтқысыз қызметі екендігін нақтылап көрсетеді.ұлы ғұлама Әбу-Насыр әл-Фарабидің философиялық, логикалық-гносеологиялық, әлеуметтік пікірлерімен, эстетикалық, теориялық, жаратылыстану ғылымдары салаларындағы пікірлерімен, ғылыми тұжырымдарымен жете танысу, оның дәуірін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.