Алғырлар мекені – менің ҚазҰУ-ым

Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті әлемнің ең үздік деген 200 университеттерінің қатарына ілігіп, алға қарай жылдуда. Біздің ойымызша, бұл көрсеткіш біз үшін, білім ордасы үшің, тіпті бүкіл қазақ елі үшін үлкен мақтаныш деп санаймын.
Соңғы статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Қазақ Ұлттық Университетінде 20000-нан аса студент білім алып жатыр. Сол 20000-студенттің 20000 жүрегі «менің университетім – менің мақтанышым» деп соғып тұрғанына кәміл сенімдімін. Барлығымызды біріктірген бір арман, бір мақсат, бір болашақ.
Менің де үлкен арманым – осы білімді білім ордасының студенті атану еді.
Әлі де кешегі күнгі оқиға секілді есімде. Осы университеттің табалдырығын тоздырып, білім алу мектеп кезден бергі аңсаған арманым еді. Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді тапсырғаннан кейін, бала жүрегім әлі де тыным таппай қобалжумен болдым.
Әлі де есімде. 2017 жылдың тамыз айының басы. Мемлекеттік грант иегерлерінің есімі анықталатын күн. Таң атқалы бері дамыл таппадым. Кенет көз алдыма өз аты-жөнім мен жанында Қазақ Ұлттық Университеті деген жазу бірден түсті. Қуанышым соншалық, тіпті жылап жібердім. Шексіз қуаныштың көз жасы еді. Өз білімімнің ақталғанының, өз арманымның шындыққа айналғанының дәлелі.
Енді міне, өз мақсатыма қолымның жеткеніне өздеріңіз куә болып отырсыздар.Берекелі еліміз  Қазақстанда әрбәр қазақтың жүрегі «қазағым!» деп қалай соқса, дәл сол сияқты әрбір ҚазҰУ студенттің жүрегі «менің университетім!» деп лүпілдейтініне нақты сенімдімін.
Осыған орай оқу ордама деген махаббатымды өлең жолдары арқылы жеткізгім келеді:
Мақтанышым – ҚазҰУ-ым
Қара шаңырақ қазағымның бағына
КазГу-ім тұр, әл-Фараби атында.
Қанша жастар білім алып өзіңнен,
Қанша түлек келер сені сағына.
 
Бүгін міне, әлемге атың жетеді,
Өзге елден, білім алып кетеді.
Сенен алған білімдерін азық қып,
Өз еліне мінсіз қызмет етеді.
 
Осындайда қуаныш тұрар кеудемде,
Мақтан етем, сенде оқып жүргенге.
Тәуелсіз ел, Қазақстан жерінде,
Еш алаңсыз өмір сүріп жүргенге.
 
 
 
Мақала авторы: Ерболқызы Назым,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Филология  факультеті,
«Шетел филологиясы» мамандығы,
 1-курс магистранты.
Профессор, доцент Жанатаев Данат Жанатайұлы
         

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.