Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті исламтанушы мамандарды даярлауда өз үлесін қосып келеді.

 
Назаров Абубакир Буриевич,
 Исламтану мамандығының 1-курс магистранты    
Тунгатова Улжан Аскарбаевна
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
«Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы,
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті исламтанушы мамандарды даярлауда өз үлесін қосып келеді.
 
Кез келген қоғамда орын алып отырған заманауи үрдістер мен мемлекеттік саясатқа қатысы қашанда өзекті сұрақтар орын алып отырады. Осы орайда заман талабына сай елімізде орын алып отырған мәселелерге дұрыс әрі нақты жауап бере алу мақсатында білікті де білімді кадрларды даярлау ісіне аса мән бергеніміз өте орынды.     
Қазақ ұлттық университеті https://www.kaznu.kz/kz исламтанушы, дінтанушы және басқа да білімді де білікті мамандарды дайындау арқылы қоғамдағы өзекті сауалдарға орынды толыққанды жауап беруі мақсатында еңбек етуде. Оған жоғары оқу орнында білім алғысы келетін студенттер санының артуы, тіпті еліміздегі басқа іргелі оқу орындарының түлектерінің ақылы білім алуға ұмтылуы, еліміздің барлық облысынан, исламтану дінтану мамандығын бітірген түлектердің жан-жақты да білікті сапалы қызметі дәлел бола алады. Ұлттық университетте Исламтану мамандығының ашылуы көптеген жас болашақ мамандарға жаңаша жол көрсетуде. Бұл мамандықты менгерген адам міндетті түрде мешіттерде уағыз насихат айтып, жамағатқа имам балып отыруы міндетті емес. Керісінше бұл зайырлы мамандық болғандықтан осы салада тәлім алып оны өзге салаларда қызмет ету барысында амалға асыру ел үшін аса пайдалы деп есептеймін. Исламтану мамандығы мұсылмандық сенімтаным мəселелерімен, діни-саяси қозғалыстарды оқып-үйренумен де шұғылданады. Мұсылмандық құқықтар, салт-дəстүрлер, тұрмыс-тіршілік, мұсылман халықтарының материалдық жəне рухани мəдениетін зерттейді, Бұл мамандық, бүгінгі таңда қоғам мен адам үшін және отбасылық қарым-қатынас мәселелерде ең қажетті мамандықтардың бірі десек қателеспейміз.
Исламның негізгі қайнар көзі Құран Кәрім және Пайғамбар с.а.с сүннеті болғандықтан студенттерге араб тілі және шариғи ілімдер университет табалдырығын аттағаннан бастап яғни бірінші курстан оқытыла бастайды. Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының https://www.kaznu.kz/kz/10844/page/ түлектері түрлі қоғамдық орындарда еліміздегі түрлі діни ағымдардың бағыт-бағдарын саралап, ел игілігі үшін аянбай қызмет етіп, дінге, халқына діни маман ретінде де өз үлестерін қосып келеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дербес үкіметтік емес бірлестік болғанымен, ел бірлігі мен ынтымағы үшін діни басқармаға қарасты мешіттер мен медреселерде қызмет етіп жүрген мамандардың да қосқан үлесі орасан зор екенін айтпасқа болмас.
 
 
 
 
 
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.