«Бар жақсылық – балаларға!»

 
 
1 маусым балаларды қорғау күні, болашақ ұрпақтың бақытты өмір сүруіне мүмкіндік жасауға арналған күн  және бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелердің бірі.
Ертеңгі елдің болашағы – балалар бақытты өмір сүруде. Оларға мектебіміз тарапынан жасалып жатқан қамқорлық ұшан – теңіз.  Ата – аналардың көпшілігі балаларын жазғы демалыста қайда дем алуға жіберерін білмей жатады.  Осындайда мектебімізде ұйымдастырылған лагерьлер балалардың көңілді де бақытты дем алуларына септігін тигізеді. Ата – аналардың көңілі орнына түседі. Жаз айы басталысымен  каникулға шығатын  бүлдіршіндер лагерьлерде  түрлі танымдық – тәлімдік ойындарға қатысып, көңілді демалысты бастан кешеді.
Биылғы жылы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында 1 маусым күні мектебімізде лагерьдің ашылуына мектебіміздің басшысы М.Қ.Мейманханов  бүлдіршіндерді бүгінгі мерекелерімен құттықтап  жаз айларын қызықты өткізулеріне тілек білдіріп сыйлықтар табыс етті.  Іс – шарға 436 бала қатысып, бүлдіршіндер мектебіміздің 6 сынып оқушыларының өнерлерін тамашалады , «Бүкіл әлем – балалар көзімен» тақырыбында  асфальтқа сурет салу сайысы өткізілді, мектеп жанындағы әр түрлі санаттағы  бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған 35 оқушыға кәсіпкер А.Алимкулованың демеушілігімен және әр сынып жетекшілердің демеушілігімен  қалған 401 оқушыға балмұздақ таратылды және ауылымыздағы мәдениет үйінде үлкен залда балаларға арналған  мультфильм көрсетілді. Осындай қызыққа толы кіршіксіз балалық шақ әр сәбидің көңілін марқайтып, өмірін жадырататыны анық.  Бұндай іс – шаралардың барлығы балаларға жақсылық жасау ешқашан ұмыт қалмағандығының дәлел бола алады. Ал біздің мектебімізде балаларға жақсылық жасау мақсатында атқарылып жатқан осындай іс – шаралар Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаевтің жолдауын қолдауының дәлелі болып табылады.
 
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.