«Білім негізі-бастауышта»

Оқушылардың дарындылығын, неге икемділігін немесе не нәрсеге қабілетті екендігін анықтауда бастауыш сынып мұғалімдері зор белсенділік танытады. Білім беруде басты нысан — оқушы. Себебі, оқушы тұлғасының қалыптасуы және тыңдата білу зейіннін арттырып, сабаққа ынтасын ояту бастауыш сыныптан орын алады.
Оқу ,тәрбие ісінде әрдайым жетілдіріп, жаңашылдықпен қатар , адамгершілік қасиеттерді де ұмытпай, оқушы бойына сіңіре білген ұстаздар болса, ол алғаш бастауыш мұғалімдері десем артық болмас. Себебі, оқушы өз бойындағы барлық қасиеттерді отбасынан кейін, бастауыш буында жетілдіреді.
Бүгінгі оқушыларды ескі жаттық әдіспен ғана оқыту қиынырақ, әрі қызықсыз болары сөзсіз. Қазіргі уақыттағы балалардың тек қабілетіне ғана емес, психологиялық жағынан да көп көңіл бөлу керек.
Әр бала әртүрлі , әр бала бөлек бір әлем болып келеді. Осы жағынан жұмыстану бастауыш мұғалім үшін жеңіл жұмыс емес. Сондықтан ұстазы ретінде мен шәкірттеріме мейлінше сабақты дәстүрлі емес түрде өткізуге тырысамын.
Сабақ өтімді болу үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын. Мысалы, «Үштік» әдісі , «Қар кесегі», «Бір минуттық әңгіме», «Сұрақ ілмегі», «Бес саусақ », «Эйлер шеңбері» әдісі технологиясындағы 50 түрлі әдістердің тиімді өзіндік бір ерекшелігі бар. Яғни бұл технологияның арқасында дамиды, оқиды, тәрбиеленеді. Оқушылардың зейінінне, көшбасшылық қабілетіне , жас ерекшелігіне қарай прболеманы өздігінен шешуге болатын ыңғайлы әдіс-тәсілдер. Кез-келген әдісті қалай болса солай, не кез-келген сабаққа қолдана беруге болмайды. Сабақ мақсатына, өз сыныбымыздың бейімділігіне және тағы бір ерекшелігі әр табиғат мезгіліне қатысты бағыттап қолдану керек.
Қандай әдісті таңдауға болады? Қайтсемде жақсы нәтижеге қол жеткізуім керек деген ойлар маза бермейтін. Кей кездері таңдаған әдісім нәтиже бермесе,сол сәтте сабақ барысында қолданатын әдістерді өзгертіп отыруға тура келді.
Сабақ кезінде бейтаныс жаңа сөздерден сөздік диктант алып, үлгілі сауатты жазған оқушылардың жұмысын қарай отырып,сауаттылық пайызын байқадым. Жеңіл тапсырмаларды жиі жатқа жаздыру , шағын әңгіме құрастыру, «Шашылған сөздер » әдісі арқылы сөйлемдер құру жұмыстарын жиі қолдану арқылы ұтымды деп есептеймін. Өз сыныбымның білім сапасын тек сандық көрсеткіш арқылы ғана емес,жазба жұмыстардың нәтижесі арқылы біле аламыз.
Сыныптағы сөйлеу мен үлгерімі төмен оқушыларым жазуға келгенде қатесіз жазуға дағдылана бастады. Басқа оқушым буындап оқып,оқығанын қатесіз жазуға үйренді.
Егер мұғалім осынау қызығынан қиындығы асып түсетін жұмысын шын жүректен атқара алмаса, жанбай жатып сөндіріп алсақ, әр бастауыш ұстазы үшін үлкен қателік болар еді. Алдағы отырған оқушылар мұғалім алдында не үйренер екенбіз? Бізге не айтар екен? деген сұрақтары әр сабақ басталған сайын байқайтынымыз сөзсіз. Сондықтан күн сайынғы дайындық оқушы үшін тиімді болуы шарт.
Балалардың бәрі бірдей деп жатады. Олардың айырмашылығын тек ұстаз ғана ескереді. Себебі зерттей отырып , оқушының қабылдауы мен жандүниесі ешқашан бірін -бірі қайталанбайтының түсініп, бағыттаушы боламыз. Еңбек етіп келе жаткан жылдар ішінде ұқсас оқушылар көрген емеспін. Сабақ үрдісінде түрлі әдіс -тәсілдерді, сонымен қатар түрлі формаларды қолдануға тырысамын. Әсіресе ойын технологиясын көп қолданамын, бұл технологияны қолданғанда бүлдіршіндердің көздері жанып тапсырманы орындауға асығып отырады. Бастауыш оқушыларынның ойын баласы екенін барлығымызға белгілі жайт. Сондықтан ойнату арқылы барлық сабақты іске асыруға болады.
Заман талабына сай жаңа адамды қалыптастыру , тәрбиелеп өсіру басты мақсатым деп білемін. Заманауи ұстаз -жаңашылдыққа талпынған , зерттеуші, өз- өзіне сенімді, жан -жақты, жаңа ұрпақтың жаңашылдығын түсіне білумізде.
Техника мен ғылым дамыған заманда, адам санасы жоғарлап , талғамы артқан ғасырда, жаңа мекепке, жаңа заманда ұстаз болу үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді. Әрине бүгінгі таңда әр оқушының жүрегіне жол таба білу, бастауыш ұстаздың өз шеберлігінде. Заманауи оқушыларды заман талабына сай оқыту үшін , техника мен бағдарламаны жетік меңгерген , жан -жақты сауатты ұстаз болуымыз керек.
Қазіргі уақытта ұстаздарға арналған түрлі курстар мен тренингтер, дөңгелек үстелдермен , ұйымдастырылып жататын семинарлардың бірден-бір көмегі мол. Соның ішінде әдістемелік, шығармашылық топтардың жұмыстары мұғалімнің тәжірибе алмасуына түрткі болып жатады. Осының барлығы ұстаздардың игілігі үшін , мектебіміз бен мемлекетіміздің білім сапасын арттыруға жол ашады.
Сонымен, «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады. Олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адам дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» ( Шәкәрім)
Қандай істі бастау , оны өмірге бейімдеу оңай шаруа емес. Осы орайда бастауыш мұғалімдеріне үлкен салмақ болады.
Білім деңгейі қасиет пен қабілетті бағалау жолдарымен жүзеге асады. Өз мақсатыма жету үшін сыныбымның деңгейін анықтап, білімдерін көтеруге, шыңдауға тырысамын. Бастауыш буынның ерекшелігі ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүретін ұстаздардың жұмысы көрініп, сол жұмыс әр төрт жыл ішінде қайталанып,әр төрт жыл бойы өніп, өсіп жататын жеміс ағашы іспетті.
Ұстазды шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеге біз білім мен білік бәсекелес заманда, алдымда отырған шәкірттерімді биіктен көрінуі үшін, күнделікті жасап жатқан ісімізге жаңашылдық еңгізе отырып, жетістік баспалдағына білім мен тәрбиеге арқылы қол жеткіземіз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.