Арманда

Арманда
Адамда үміт өшпес, ол әлі талай белесті бағындырады.
Арманда, арманда және арманда. Адамның арманы шексіз. Адамды өмір сүруге ұмтылдыратында сол — арман. Қиял, өзгеше сезім, болашаққа деген сенім міне осылардың жиынтығынан арман құралды. Тіптен үмітіміз сөнген кезде де, армандауды тоқтатпаймыз. Себебі армандау болашаққа үмітіміздің бар екенін білдіреді. Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді? Ата-анаңның үмітін ақтау қолыңнан келе ме? Өмірде жетістікке жеткің келе ме? Кімге ұқсағың келеді? Кімнен үлгі аласың? Міне осы сұрақтар ойымызға келгенде арманның соңынан еретініміз сөзсіз. Армансыз адам, қанатсыз құс демейді ме? Әлемде қанша адам болса, бәрінің арманы бар. Бірақ кейде армандап отыру жеткіліксіз.
Армандаған нәтижеге жету үшін әрекет жасау керек. Дәл қазір арманыңа жету үшін орныңнан тұр да, 1 қадам болсын жаса. Күнде арманыңа жету үшін уақыт арна. Мейлі жарты сағат болса да күн сайын үздіксіз жұмыс жасасаң, міндетті түрде жемісін көресің. Біраз уақыт өткен соң, қазіргі жасаған әрекеттерін үшін өзіңе рахмет айтатын боласың. Ізден, дамы, оқы. Тек тоқтама, тек бос отырма. Әр күн сен үшін жаңа мүмкіндік. Сол мүмкіндікті пайдалану сенің қолыңда. Арманың мақсатыңа айналсын. Адам жетістікке бір секіріп жеткен емес. Өмірлік мақсатың болса, ырың-жырыңға елеңдемей, ұр-соққа ұрынбай, жай-жай, табандап, күнде 1% болса да алға жылжи бер. Мақсатқа қатысы жоқ қарбаласқа бас қатырып, уақыт бөліп, жүйке жұқартып, қуат құртудың еш қажеті жоқ.
Қазір дамыған заман болғандықтан, адамдар күн сайын үздіксіз жұмыс жасап жатыр. Сен телефонға үңіліп отырғанында, басқа біреу өзінің болашағы үшін ізденіп, оқып отыр. Ал сен ұйықтап жатқанында, басқа біреу тіл үйреніп жатыр. Ия сенің күнің пайдасыз болып, тек уақытыңды бос өткізіп отырсың. Неге? Одан саған зияны ғана келгенін көрсеңде, неге оны әрі қарай жалғастырып келесің?Бос тұрмау керек, бір іспен айналысу керек, бос жүрген адам ұятсыздыққа, намыссыздыққа бейім өмір сүреді. Ал ізденісте жүретін, әр минутын пайдалы өткізетін жандардың болашағы сенікіне қарағанда жақсы болады. Ал сен қазіргі өткізген пайдасыз өткізген уақытына өкінетін боласың. Болашақта өкінбес үшін қазір жұмыс жаса. Жарқын болашақ үшін, ата-анаңның үмітін ақтау үшін еңбек ет. Бәрі өз қолыңда. Тек соны ұмытпа. Дәл қазір өзіңе сұрақ қойшы, Сен өз арманыңа жету үшін қандай қадамдар жасап жатсың? “Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал”-Абайдың сөзі өмірлік ұстанымыңа айналсын.
 
Сейдалы Жанна
10-сынып оқушысы
N°44 “Сырдария” жалпы орта мектебі
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.