Өнер мен діннің құрылымы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.
Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 1-ші курс, магистранты Копбаева Рабиға Зунинқызы
Имидждік мақала.
“Өнер мен діннің құрылымы“ атты тақырыбта ашық сабақ 2 -ші курс дінтану мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерімен өткізілді. Ашық сабақ барысында, студенттеріміз тақырыбты жан-жақты тұсынан аша білді. Өнердің тарихына шолып, әр-түрлі діни түсініктегі көз-қарастардың өнермен ұштасуына шолып, Ежелгі Мыср жане Үнді халықтарының көне Грекия мәдениетіне тоқталып, сабақ соңына қарай Қазақ халқының тарихи ескерткіштеріне және архиялогиялық қазба жұмыстарынан табылған: ,,Алтын адам” және ,,Томирис“ ханшайым туралы түсірілген фильмді талқылау арқылы көнеден Қазақ халқының мәдениетінің жоғары болғандығы, өнерді сүйген халық болғандығы, сенім мен сезім арқылы діни түсініктерін көрсете білген. Әсіресе, күйлері арқылы және табиғатты суреттеу, сөз шешеңдігінің шеберлігімен, дастан жырлар арқылы табиғаттың тылсым күштерін жеткізуге тырысқан. Табылған құнды дүниелер арқылы әсемдікті сүйген халықтың ұрпағы екенімізді мақтан тұтанымызды білдірдік. Студенттер әр діннің өнермен байланысты тұстарына тоқталып, тақырыбты толықтай ашты. Қонағымыз Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доц.м.а. Мұқан Нұрзат апайымыз студенттердің жоғарғы дайындықпен және ұйымдасқан күйде өткенің атап өтіп, өзінің оң бағасын берді. Сабақ барысында екі топқа бөлініп, салыстырмалы деңгейде өткізді. Жасап келген слайдтарын көрсетіп, құнды еңбектерді талдағандарын көрсетіп, ескі түркілердің табылған ,,Алтын адам” жане Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің соғылу тарихына тоқталып, ондағы әр-бір кірпіштің асқан қол шеберліктің туындысы екеніне тоқталды. Сабақ ішінде, сергіту уақыты болды, онда екі команда мүшелері болып жарысып өткізуге тырысты. Соңынан сабақты талдап әр студент өз ойын қорытты. Сабақ барысында, студенттеріміз өздерінің білім, өнерге деген көз қарастарының жоғарғы деңгейде екенің, өз-ара достық, ынтымақтастық дүниелерін көрсете білді. Болашағымыздың осы білімді жастардың қолында екеніне мақтан тұтам.

 
 
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.