«Менің Отаным-Қазақстан» /интеллектуалды сайыс/ «брейн-ринг».

Сабақтың тақырыбы:
«Менің Отаным-Қазақстан» /интеллектуалды сайыс/ «брейн-ринг».
 
Сабақтың мақсаты:
1.Отанды сүюге, қорғауға Қазақстан тарихы туралы білімін тереңдету.
2.Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері туралы білгендерін ортаға салу, оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қиялын, тілін дамыту.
 
Көрнекіліг: Нақыл сөздер, атақты адамдар суреті, буклет кітаптар көрмесі,
Отан туралы оқушылардың салған суреттері, ақпараттық технология.
 
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар Қазақстан мемлекеті болып құрылуы үшін ұзақ та қиын жылдардан өтті. Халқымыз жеке ел болып Қазақстан Мемлекеті атағын алғанда мақтанышпен айтар тарихымыз, ұлы тұлғаларымыз жетерлік.
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау елім менің,
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан-елім менің.
Ғажап қой сұлу көктем, жазың әне,
Тыңдарсың он жүректің сазын әлі.
Шіркін-ай, жер жетпейді бір өзіңе,
Қойнауың тұнған байлық, қазыналы.
Сен неткен Отан-Анам, ғажап едңғ,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан-Қазақ елім.
Ән «Елім менің»
Жүргізуші: «Менің Отаным-Қазақстан» атты сайысымызды бастаймыз.
1-ринг/сұрақ-жауап/.
1.Алматыдағы ең үлкен ғимарат?/Анкара қонақ үйі/
2.Тіл туралы заң қай жылы қабылданды?/1997 жылы шілде/
3.Екінші қазақ ғарышкері қай жылы ұшты?/Талғат Мұсабаев 1996ж.12қаңтар/
4.Қазақ хандығының бірінші астанасы?/Түркістан/
5.Алтын Адамның аты/Сүлей/
6.Қазақстанның ұлттық ойындары?/Бәйге,асық,көкпар/
7Бәйтеректің биіктігі қанша?/97метр.1997жылға сәйкес келеді/
8.1990ж.Алматыда халықаралық ән фестивалін ата?/Азия дауысы/
9.Астанада қазақтың ұлы үш биіне арналған ескерткіші?/билер/
10.Қазақстанның шекаралас елдері?/Ресей,Өзбекстан,Қытай,Қырғызстан/
 
2-ринг/жазбаша/
Тарихи тұлғалар туралы мағлұматтар жазып, айту.
1.Мәншүк Мәметова.
2.Ш.Уәлиханов
3.Д.Қонаев
4.А.Құнанбаев
 
Жүргізуші:
Әділқазылар алқасы қорытынды бағаларын шығарғанша «Сөздің көркі-мақал» деген, білген мақалдарың болса айтыңдар.
1.Тіған жерде жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
2.Отанды сүю отбасынан басталады.
3.Еңбек түбі-береке.
4.Бейнет түбі-зейнет.
5Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ
6.Ырыс алды ынтымақ.
7Татулық табылмас бақыт.
8Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
9.Әке*асқар тауың, Ана-шалқар көлің.
Ер қанаты-ат.
11.Үлкенді сыйласаң қадірлі боласың, Кішін сыйласаң құрметті боларсың.
 
Жүргізуші: Мен Қазақстанның барысымын.
«Қазақстан-2030»

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.