Тәрбие — мәңгілік бренд

Бір күні әлде кім Әбу Наср әл-Фарабиге тамаша болып толыса піскен алманы көрсетіп, сауал қойыпты: «Осы алманың бітім-болмысындағы жақсы қасиет не? Түсі ме, шырыны ма, дәмі ме, әлде бітімі ме?» Сонда әл-Фараби: «Бәрінен де оның ұрығы тамаша. Өйткені, осы алманың өзі сол ұрықтан өсіп шыққан және одан бүкіл бақ пайда болды ғой!» – деп жауап берген екен. Рас, дәні тамаша болса, болашақта содан өсіп шығатын жеміс те керемет болмақ.
Шыр етіп дүние есігін ашқаннан бауырына басып мәпелеген ата-ананың да, жарғақ құлағы жастыққа тимей шәкіртім деп шырылдайтын ұстаздың да мүддесі біреу-ақ. Балам жақсы болса, тәлімді тәрбие алып, Абай айтқандай бір кірпіш дүниенің кетігін тауып, нық қаланса дейді. Алайда ақпаратты лезде қабылдап, сандық әлемді санаулы уақытта меңгеріп, таңғаларлық инноваторлық қабілетке ие болғанмен, шынайы және виртуалды әлемнің айырмашылығын ескермейтін  Z – ұрпағына нені білмек керек?! Оны тәрбиелейтін ұстаз қандай болмақ керек?! Қызық, осы өзекті сауалға  мың неше жыл бұрын өмір сүрген Фараби бабамыз жауап беріп өткен екен…
Өзім мектеп  қабырғасында білім беретін болғандықтан  » Z ұрпағымен » күнде бетпе-бет келемін. Жасыратыны жоқ инновациялық техниканы меңгеру қабілетіне таң қаласың, қылығына тамсанасың.  Қызығушылықтары да салыстырмалы түрде алғанда мүлде басқа. Статистика бойынша  6-11 жас аралығындағы балалардың 66%,  ал жасөспірімдердің 51% уақыттарын өткізу үшін интернет ойындарына жүгінетінін, Ақпаратты лезде қабылдап, сандық әлемді санаулы уақытта меңгеріп, таңғаларлық инноваторлық қабілетке ие екенін аңғартады. Бүгін олар жай ғана балалар, соның өзінде ғалымдар оларды  «МенМенМен ұрпағы» деп аталуды жөн санаған, сонымен қатар «қолына тінтуір ұстап» дүниеге келгендердің тәрбиесіне аса мән беру керек  қажеттігін атап өткен.
Заманына қарай адамы  демекші, қазіргі кездегі балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға  біраз факторлар әcер етеді.  біріншіден, барша саланың ғаламдануы, екіншіден телеуоммуникация, ақпартаттық, интернеттік байланыстардың артуы, үшіншіден рухани жаңару, тазару, сондай-ақ азғындаудың да қатарласа дамуы өзіндік әсерлерін тигізеді. Балалардың дамуына кері әсерін беретін кейбір мәселелер бала санасын түрлі жолдармен уландыруы себеп болып отыр. «Адамзат ұрпағымен мың жасайды», — дегендей, қай кезде де халықтың өзекті мәселесі тәрбие болған. Өкінішке орай  қазіргі таңда мектеп оқушылары түрлі тәртіпсіздікке жол беріп, үлкен мен кіші арасында жарасты сыйластық қалыптастыруда, жұмысбастылыққа байланысты үлкендердің дер кезінде олардың тәрбиесіне мән бермеуі балаларының болашағына балта шабуына алып келіп жатыр. Әр салдардың түбін терең бойлап ақтарсаң, ілігер себеп біреу-ақ  ̶  тәрбиенің өз деңгейінде берілмеуі.
Әл-Фараби бабамыздың бізге қалдырған асыл мұраларында көрнекті орын алатын мәселенің бірі – тәрбие мәселесі. Расында да, сан мың жерден техниканың тілін меңгеріп, білімімен сусындатқанымен, «құлтемір» бізге тәрбие бере ала ма?!  Мәселен, «Философияны үйрену үшін алдын-ала нені білу қажет» деген еңбегінде ғалым: «Ғылым үйренуге кіріспекші кісі … тәрбиелі, адамгершілігі мол, адал, қулық-сұмдықтан және басқа ағат мінез-құлықтан аулақ болуы қажет»,- деп түйіндейді. Тіпті, оқып-білім алу, ғалым адам болу мәселесін тәрбиемен тығыз байланыстырады.
Жас ұрпаққа және жеке адамдарға тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйретіп, еңбек тәрбиесін беретін, ұстаздық жасайтын адамдарды өте жоғары бағалаған. Фарабидің ойынша тәрбиеші адам –„мәңгі нұрдың қызметшісі”. «Жаман қылық – ол жан ауруы. Бұл ауруды кетіру үшін тән ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек»,- дейді ғұлама. «Бақытқа жету жолы» атты трактатында жастарды батырлық, жомарттық, қайырымдылық, қанағаттылық, шешендік, доспейілділік, т.б. қасиеттерді қалай тәрбиелеу қажеттігі жайлы нақты баяндайды. «Бақытқа жету жолы» атты трактатында жастарды батырлық, жомарттық, қайырымдылық, қанағаттылық, шешендік, доспейілділік секілді қасиеттерге баулу қажеттігін тілге тиек етеді. Баланың жеке және жас ерекшелігіне мән беріп, балаға қамқорлықпен қарап, қарым-қатынас жасауға баса көңіл бөледі. Ежелгі грек ойшылдарына сілтеме жасай отырып ғұлама балаларды белсенді түрде оқытуды 7-8 жасынан бастауды нұсқайды. «Философтардың қойған сауалдарына жауаптар» деп аталатын еңбегінде педагогика, оқу, оқыту мәселелеріне қатысты жайларға тоқталады. Мәселен, оқып-үйренуге «жаттап алу дұрыс па?» жоқ «түсініп алу дұрыс бола ма?» — деген сұраққа Әбу Насыр: «түсініп алған дұрыс, өйткені барлығын жаттап алу мүмкін емес, оларды белгілі бір байланыстары арқылы ойда топтастыру пайдалы»,- деп жауап береді. Бала тәрбиесі, қоғам мен халықтың балаларды оқыту жөніндегі қамқорлығы, жастарды халық өміріне байланысты біліммен қаруландыру, балаға оның жеке бас және жас ерекшеліктерін ескеріп, шын жүректен қамқорлықты қарым-қатынас жасау ең маңызды қадам екенін інжу маржандай тізбектеп атап өткен.
Қазіргі таңдағы білім беру жүйсінің ең негізгі қағидасы мен ұранына айналып кеткен «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың – қас жауы» деген атақты афоризмінің астарында «Тәрбие – тал бесіктен» деген халық даналығының ізі көрінеді.  Яғни, бала тәрбиесінің өте күрделі процесс екендігін айқын ұғынуға болады. Тәрбиені қажет ету мәселесінің адамзат қоғамымен бірге келе жатқаны да талас тудырмайды. Өйткені өскелең ұрпақ ғасырлар бойында қалыптасып, жүйеленген тәлім-тәрбиені, тиісті тәсілдерді санасына біртіндеп сіңіріп, оны дағдыға айналдырып отырады.
Бірде әл-Фарабиден:«Егер Аристотель заманында өмір сүргеніңде, оған кім болар едің?» — деген сұраққа, «Оның ең сүйікті шәкірті болар едім»- деп жауап береді. Талай ғылым саларында алғаш ой қозғаған, жетпіс тілді меңгерген ғұлама ретінде «әлемнің бірінші ұстазы» атағын ұсынғысы келетін ғалымдарға, Фарабидің осы сөзі үлкен тосқауыл болды. Қарағанды қайран қалдыратын ғалымның дәл осы қарапайымдылығы мен қанағатшылдығында ісімен сөзі біте қайнасып жасқан  тәрбие жатқандай.
Фараби бабамыздың әрбір тәрбиелік трактатынан түйіндейтініміз: Қай ғасырда, қай дәуірде болсын жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Адамдық қасиет қалыптасқаннан кейін ғана білім ізгілікке жол бастайды. Елімізді, ұлтымызды, болашағымызды жарқын етіп, биік тұғырдан көргіміз келсе, адамзат баласының ғұмырында мәңгілік бренд болып қалатын тәрбиені басты назарда ұстуымыз шарт. Ал өсиеті мәңгілік өнеге болатын Фараби сынды Ұлылардың ұлағатын жас буын бойына дарыту – сіз бен біздің парызымыз екені даусыз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.