Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің исламтану Мамандығын оқытудың негізгі мақсаты.

Қазақ ұлттық университеті исламтанушы, дінтанушы жәнеде тағыда басқа білімді де білікті мамандарды дайындау арқылы елде етек алып бара жатқан соқыр сенімнің алдын алу жолында еңбек етуде.
Исламтану – ислам жəне оның қағидаларын, тарихын, мəдениетін, мұсылман халықтарының құқықтары мен исламға қатысты қоғамдық-саяси ұйымдарға, діни-құқықтық жүйелерге, мектептерге байланысты өткені мен бүгінін оқытатын ғылыми білімдер жүйесі. Исламтану ғылым ретінде ислам туралы деректерге, рухани құндылықтар мен оны ұстанушылардың бағыт-бағдарларына қызмет етеді.
 
Исламтанушы мұсылмандық сенімтаным мəселелерімен, діни-саяси қозғалыстарды оқып-үйренумен шұғылданады. Мұсылмандық құқық, дəстүрлер, тұрмыс-тіршілік, мұсылман халықтарының материалдық жəне рухани мəдениетін зерттейді, мұсылман философиясының маманы болып саналады, исламның өркениеттік (институционалдық жəне құндылықтық) өлшемдеріне маманданады.
 
Исламтану – ислам дінінің тарихын, қағидаларын, мұсылман халықтарының мәдениетін, құқығын, экономикасын зерттейтін дінтанулық пән. Дін тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, қарым-қатынас әдебі, моральдық нормалар жиынтығы, жақсы мен жаманды, адал мен арамды ажыратушы рухани қағидалар жүйесі. Сондықтан, дін мәселесі – руханият мәселесі. Исламтанудың негізгі міндеті – ислам діні, оның рухани құндылықтары, ізбасарларының бағдарлары туралы халыққа объективті ақпарат ұсынуды үйрету.
 
Мұхиддинов Рашид Сражович әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының доценті аға оқытушысы, PhD,
Қожа Тоқтияр, исламтану мамандығының 1-курс магистранты
https://www.kaznu.kz/kz

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.