«Дәрумендер еліне сахат»

Калыкова А.Н
Білім беру саласы:  Қатынас, Таным, Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Дәрумендер еліне сахат»
Оқу мақсаты: Жемістер мен көкөністер туралы түсінік беру. Оларды ажырата білуге үйрету. Ойын, есте сақтау қабілетін, дүние танымын дамыту.  Дұрыс тамақтану, дәрумендер туралы түсініктерін кеңейту, жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыру.
ҰОҚ мақсаты: Көкөністер мен жемістер дәруменге өте бай екенін біледі.
Көрнекіліктер: суреттер, муляждар, үлестірмелі материалдар.
Әдіс тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ жауап.
Шаттық шеңбері
Шуағын шашады
Күн шықса жиектен
Жылу алып нұрынан
Денсаулықты түлеткем.
Денсаулық ол күлуің
Көңіл күйің жадырай
Денсаулық ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
Ашық сұрақтар:
— балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— күз айларын атап беріңдерші?
— күзде ауа райы қандай болады?
—  көкөніс пен жемістер қай уақытта піседі?
— көкөністер мен жемістерде адамға тигізер қандай пайдасы бар?
— дәрумендер қайдан алынады?
Дұрыс айтасыңдар, адамның дені сау болып, ширақ та, сергек болып жүру үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Адам ағзасына әртүрлі қоректік заттар мен дәрумендер қажет.
Балалар алма, банан, құлпынай жемістерін таңдап үш топқа топтасады.
Педагог жетекшілігімен ойын: «Сәйкестендір»
Мақсаты: Көкөністерді сәйкестендіреді орнын тауып қояды.
Ойын шарты: балалар  берілген  уақыт  ішінде көкөністі ажыратып тауып белгілеуі  керек
(саралап оқыту -қарқын, жылдамдық,  4 К-сыни  ойлау,командада жұмыс)  
Құрылымдалған ойын: «Ажырат»
Мақсаты:Суреттерден көкөністер мен жемістердің түрін ажыратады.
Ойын шарты: Балалар суреттерден жемістер мен көкөністерді  ажыратып орналастыруы  керек (   заттық кеңістікті  ортаны  ұйымдастыру,4 К-сыни  ойлау, креативтілік, бала  үні)
Еркін ойын: «Түсіне қарай жұптастыр»
Мақсаты: көкөністер мен жемістерді түсіне қарай топтастырады.
Ойын шарты: балалар себеттен көкөніс пен жемістерді алып жерде орналсқан түстеріне қарай топтастырады, Триз технологиясы бойынша.(   заттық кеңістікті  ортаны  ұйымдастыру  және командамен жұмыс, 4 К-сыни  ойлау,  бала  үні)
Сергіту сәті
Иiлiп оңға бiр,
Иiлiп солға бiр.
Денемiздi дұрыстап,
Тұрамыз тік ұстап.
Әр топ өзінің жемістері және пайдасы туралы айтады.
Кері байланыс: «Әткеншек» әдісі арқылы оқу қызметін қорытындылау.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.