«Дала уәлаятының газетіндегі» көтерілген мәселелер

«Дала уәлаятының газеті» қазақ тілінде жарық көрген екінші басылым болып табылады.1888-1902 жылға дейін Омбы қаласында «Акмолинские областные ведомости» деген газетке қосымша ретінде орыс және қазақ тілдерінде жарық көріп отырды. «Дала уәлаяты газетінің»  редакторлары болған И.Козлов, К.Михайлов, Г.Абаза, Д.Лавров болды. Газетті қазақша  шығару ісін басқарушылар: Е.Аблайханов, Д.Сұлтанғазин. Газет өзінің бағдарламасына және берілген бұйрыққа сәйкес патша үкіметінің бұйрық жарлықтарын, әкімшілік – басқару істерін жариялайтын басылым болды. Бұл газет ресми болғанымен,  шын мәнінде халық газетіне ұқсайтын еді. «Дала уәлаятының газетінде» басылған материалдар екі топқа бөлінген болатын. Бірінші тобы қазақтың өз төл туындысын басып шығарса, екінші тобы орыс тілінен аударылған және шығыс әдебиетінен ауысқан үлгілерін жарыққа шығарып  отырды. Көбінесе газет бетінде қазақ халқының ұлы тұлғалары жөнінде оның шығармашылығы және өмірбаяны туралы көптеп мағлұматтар беріліп отырған еді. 1894 жылдың 18 санында жариянған мақаласында Шоқан Уәлихановтың туғанына 60 жыл толуына арнап берілген бұл мақалада оның  білімді, адамгершілігі мол, ғылымды қуған   адам екендігі жайлы суреттеледі. Бұл газетте көптеген мәселелер көтерілген. Сол кездегі байлардың қарапайым халыққа жасаған озбырлығын айтуға болады. Байлар қарапайым халыққа жұмыс істеуге мұрша бермеді. Олар арзан жұмыс күшін пайдаланып, байлардың билігін мойындатқысы келді. Оны «Кісі өлімі» деген материалдан байқауымызға болады. Бұл материалда Делбентай қазақтарының арасында ұрыс шығады. Бұл байлардың бір ауылды екінші ауылға айдап салу саясатының нәтижесінен туған ұрыс еді. Бұл газеттің осы санында  “Барымтадан болған кісі өлімі” атты мақалада: “Семей облысы Шыңғыс ауылының малын барымталап, қуып кету үшін Аякөз- дің алты қазағы жылқыға тиіскен. Жылқышылармен болған қақтығыста шабуылдаушылардың бірі өліп, үшеуі қолға түскен”, — деп айтылған. Сол кезде адамдар бірінің байлығын, бірі көре алмаған, шонжарлар арасындағы күндестіктің  кесірінен адам өлімі жиі болып, зардап шегетін тек қана қарапайым халық болатын. «Дала уәлаятының газеттерін» оқи отырып сол кездегі қазақ халқының тұрмысының нашар болғанын, әрдайым көшіп — қонып жүріп, мал шаруашылығымен айналысу тиімсіз екенін айтып отырған. Мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығымен айналысса ел қатарына қосылуға болатынын мысалдарға жүгіне отырып түсіндіреді. Сонымен қатар, газет беттерінде әйел теңдігі мәселесі, дін және тіл мәселелері көтеріледі. Осыған байланысты көптеген материалдар жарияланып, халықты дұрыс жолға жетелей білді.»Дала уәлаятының газеті» жалпы мұсылман қауымының сауатын ашуға, санасын дамытуға және көп нәрсені білуге үйретті. Менің ойымша, бұл газеттің зиянынан гөрі пайдасы көп болды. Және қазақ баспасөз тарихында есімі ерекше аталатын басылымдардың бірі болды.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.