«Қыстайтын құстар»

Ізмағанбетова Камшат Мақсотқызы
«Шолпан» бөбекжай бақшасы, тәрбиеші
Атырау облысы, Махамбет ауылы
Білім беру саласы: Таным.
ҰОҚ : Жаратылыстану.
 Тақырыбы: «Қыстайтын құстар»
 Мақсаты :
Білімділік:Балаларға қыстайтын құстардың тіршілігі туралы түсіндіру.
Дамытушылық:Жыл құстары, күз мезгілінде олардың тіршілігіндегі өзгерістер туралы түсінік беру. Құстардың қыс мезгілінде табиғи жағдайлардағы тіршілігі туралы түсініктерін бекіту
Тәрбиелік:.Құстарға суық уақытта көмектесуге тәрбиелеу.
Әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекіліктер: Құстар туралы суреттер,жұмбақтар, слайд ,құстардың дыбысы кеңейту. Құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық   Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жайнай түсті гүліміз.
Кайырлы күн балалар
Кайырлы күн қонақтар
Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жылы лебіз білдіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Күз айларын атайықшы?
-Күз айының ерекшеліктерін кім атайды?
-Күз мезгілінің түрлерін атайықшы
(Құстар туралы аудиозапись қосылады)
Тәрбиеші: Балалар ненің дауысы естіліп тұрған?
Тәрбиеші: Ендеше, біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу- іс-әрекетіміз құстар тақырыбында болмақ.
-Балалар, ал енді сендер құстар туралы не білесіңдер?
Тәрбиеші:Дала құстарының өзі екі түрлі болады «қыстап қалатын құстар», «жыл құстары»
Тәрбиеші: Қыстап қалатын құстарға:
қарға,сауысқан,торғай,көгершін жатады ал
жыл құстарына: көкек,аққу,қарлығаш жатады.
Тәрбиеші: Олардың қандай пайдасы бар?
Тәрбиеші: Қыстап қалатын құстар  суықтан қорықпайды, қыста өз қоректерін тауып жейді,ал
жыл құстары  жылы жаққа ұшып кетеді.
Тәрбиеші: Қыстап қалған құстар немен қоректенеді деп ойлайсыңдар?Олар ағаш бүршігін, кепкен жемістерді қорек етеді.Кейбір ағаштар мен бұталарда қураған жапырақтар сақталып қалады,құстар соны азық етеді.Қыста олар қар астынан дән тауып жеу өте қиын,сондықтан олар үйдің маңайына ұшып келеді.   Адамдар оларға жемшашар жасап, оған нан қоқымын, жем шашып береді.
Билингвалдық компонент: Құстар – птицы
Жұмыртқа – яйцо
Тәрбиеші: Балалар біз осы құстардың қалай дыбыстайтының білеміз бе?
Тәрбиеші: Олай болса қай құс қалай дауыстайды, соны табыңдаршы.
Д\ойын:«Құстар қалай дауыстайды?» .
Қарға—— қарқылдайды
Сауысқан—— шақылдайды
Аққу – қаңқылдайды.
Торғай – шиқылдайды.
Көкек – көкектейдi.
Көгершін-гуілдейді
Құстар туралы слайд. Құстар бір орында тұрмайды. Олар бір жерден екінші жерге ұшып –қонып жүреді. Олар балапандарын жауларынан  қорғайды. Барлық құстарға ортақ қасиет – олар ұшады, қанаттары, мамықтары, бәрінің тұмсықтары бар.Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Айырмашылығына келсек, құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір – біріне ұқсамайды.
Құстар: жүзеді, ұшады, жүреді. Құстар өте пайдалы ағаштарды қорғайды
Суретпен жұмыс :
Қарға – басы, қанаты, құйрығы қара, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Бұл өте ақылды құс.. Қарғалар ұзақ өмір сүреді.
Сауысқан– ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Кез келген тамақты қорек етеді. Қауырсындары бірыңғай қара емес, жасыл реңкті келеді, бүйіріндегі қауырсыны аппақ.
Суық торғай– ағаш қуыстарын, індерді, үй – жайларды мекендейді. Бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Кейде тоқылдақ қорегінің қар бетіне түскен қалдығын теріп жейді.
Көгершін –  Ол бейбітшілік құсы деп есептеледі Ол — әлемді  шарлап  хат  тасушы  құс  болған. Оның түсі көк, сұр, қоңыр, ақ түсті болады Өсімдік тұқымы
мен,астық тұқымдарының дәнімен қоректенеді.
Қарлығаш-қарлығаш  киелі  құс.  Ол  адамның  досы.  Қарлығаш  ұясын  асханаларға,  үйлердің  кіре   беріс   жеріне киіз  үйдің  шаңырағына  салады.  Ол  кішкентай сәбиді  аидаһардан  қорғап   қалған.
Көкек – «Көкек, көкек», — деп үн шығаратын, түсi ала-құла көктем құсы.
Д\ойын:«Құстарды топтастыру»
Ағаштарға қыстап қалатын құстарды ілу.Ал буклетке жыл құстарын салу.
Сергіту сәті: «Шөжелерім» әнімен қимылдау.
Тәрбиеші: Балалар құстар туралы тақпақ білесіңдер ме?Қандай  ырымдар мен болжамдарды да білеміз. Қане, соларды еске түсірейікші.
Тыйым сөздер:
Құстың ұясын бұзба!
Құсқа тас лақтырма!
Құстардың балапанына тиіспе!
Құстардың жұмыртқасын жарма!
Мақал-мәтел:
Құс жеткен жеріне қонады.
Қарға қарқылдаса,қысты шақырады.
Қаз қаңқылдаса,жаз шақырады.
Қара құс басып жейді,
Сұңқар шашып жейді.
Құстар туралы болжамдары:
Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса,қыс қатты болады.
Торғай  шаңға аунаса, жаңбыр  жауады.
Торғай  терезеге  қонса, күн  суытып, аяз  болады
Шығармашылық жұмыс: Екі топқа сауысқан мен торғайдың суретін беріп,дақылдармен бейнелеп желімдеу.
Сауысқан-шәй,күріштен жасау.
Торғай-Қарақұмық ,күріш
Д/ ойын: «Сөйлемді аяқта».
Құстар ұша алады өйткені-қанаттары бар.
Құстар көріктенеді –құрт-құмырсқа,жәндіктер,
дәндермен
Көктемде келетін құстар-аққу,қарлығаш,көкек..
Қыстайтын құстар-қарға,торғай,сауысқан,көгершін
Құстар бір-біріне ұқсайды-жүнімен,қанаттарымен,
құйрығымен,тұмсығымен,жұмыртқасымен
Рефлексиялық түзетушілік         Тәрбиеші: Балалар, барлығыңызды «жүректен жүрекке» шеңберіне шақырамын.
Балалар, біздер құстарға деген сүйіспеншілігімізді білдірейікші! ( Тәрбиеші құс мүсінін алақанына салып, келесі балаға ұсынады.)
— Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оны аялап мәпелер едім — деп, балапанды балаларға ұсынады.
— Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оны жуындырар едім.
— Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оған әдемілеп ұя жасап берер едім.
-Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оның аузына дәм салар едім.
— Егер менің қолыма құс келіп қонса мен оның қанаттарын тазалар едім.
— Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оны құшағыма қысар ед
Жарайсыңдар, балалар!
Осы сәби жүрегінен шыққан жақсы тілектер қабыл болсын!
Құстарымыз сайрап, күніміз ашық болсын!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.