«Көшедегі көліктер»

 Кенжешова Мария Рамазановна
 «Шолпан» бөбекжай-бақшасы, тәрбиеші
Атырау облысы, Махамбет ауылы
 Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Жаратылыстану»
Тақырыбы: «Көшедегі көліктер»
 Мақсаты:  Балаларға көлік туралы түсінік беру. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде), атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету. Олардың қызметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту.
Әдіс — тәсілі: Түсіндіру, сұрақ — жауап, саяхат, ойын.
Көрнекілігі: Тақырып мазмұнына байланысты суреттер, теледидар, DVD.
Мотивациялық қозғаушы.
«Амандасу рәсімі»
«Шолпан» атты бақшаның,
Тәрбиелі баласы.
Алдыменен үлкенмен,
Амандасып алады.
Қайырлы таң апайлар!
Қайырлы таң достарым!
Ой қозғау: Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар алыс жерлерге қалай барған? Ауыр жүктерді бір жерден екінші жерге қалай жеткізген?
Балаларға ерте заманғы көліктер туралы қысқаша түсінік беру. Сурет бойынша әңгімелеу.
Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат, түйеге арба жегіп адам, жүк тасымалдаған. Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған.
Ұйымдастырушы – Ізденушілік.
Балаларды оқу іс — әрекетінің тақырыбымен таныстыру.
Балалар қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда көлік түрлері өте көп.
Көліктер әуе, су және жер көліктері болып үшке бөлінеді.
Әуе көліктеріне ұшақ, тікұшақ, зымыран жатады.
Су көліктеріне кеме, қайық, желкенді қайық жатады.
Жер көліктеріне машина, мотоцикл, автобус, велосипед, поезд т. б жатады.
Тосын сәт: Телефон шырылдайды.
Телефонмен сөйлесіп, балаларға қоянның қиын жағдайға тап болғанын, оған көмек керек екенін айту.
— Балалар қоянға көмектесеміз бе?
— Ол үшін алдымен барлығымыз сиятын көлікті таңдап алуымыз керек.
Балаларға теледидардан автобус түрлерін көрсете отырып, түсінік беру.
Жүргізуші таңдап алу.
Хор: «Көңілді достар».
— Балалар біз үлкен көлге келдік, көлден қалай өтеміз? Балалардың назарын теледидарға аударып, су көліктерінің түрлерін көрсету, түсінік беру
— Балалар мына конвертте бізге тапсырма берілген.
Тапсырма: Геометриялық пішіндерден су көлігін құрастыру.
Қайықты есіп отыратын бала таңдап алу.
— Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, оның шешуі алдымыздағы үлкен таудан өтуге көмектеседі.
Құстан аумайды
Көкте заулайды.(ұшақ)
Теледидардан әуе көліктерін көрсетіп, оларға түсінік беру. Қызметінің маңыздылығын айтып өту.
— Балалар алдымыздағы үлкен таудан ұшақ болып ұшып өтейікші.
— Кәне балалар мына орманнан қоянды тауып алайық.
Қоян: Балалар маған көмектесу үшін алыс жол жүріп келдіңдер, сендерге алғысымды білдіремін.
Ойын: «Ұшты — ұшты».
Шарты: Ұшатын заттарды айтқанда қолдарын жоғары көтереді.
Қоян: Балалар өте ақылды және қайрымды балалар екенсіңдер, енді менің кетуім керек, көжектерім күтіп қалған шығар.
Сау болыңдар, сендерге көп рахмет.
Балаларға теміржолды көрсетіп, қандай көліктің жолы екенін сұрау.
Балалардың назарын теледидарға аударып, поезд туралы түсінік беру.
Поездың адам және жүк тасымалдайтын түрі болады.
Поездың көп вагондары паровозға тіркеледі.
Поезды машинист жүргізеді.
Кәне поезды жүргізетін машинисттаңдап алайық.
Рефлексивті коррекциялаушы.
Дидактикалық ойын: «Не қайда жүреді?».
Шарты: Көлемді бейнелі сурет арқылы көліктердің жүру жолдарын тауып, көліктерді орналастыру.
Сұрақ — жауап әдісі арқылы балалардың оқу іс — әрекетінде алған білімдерін қорыту.
Балаларды шеңберге тұрғызып, оқу іс — әрекетіне белсене араласқан балаларды мақтап, мадақтау.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау — саламат болайық.
Сау болыңыздар!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.