Тәуелсіздік

Тәуелсіздік
Қастасқан жаудың ісі бар өгей,
Кезеңнің кетті сартыл, дүбірі.
Үйдің артында кісі бар демей,
Шадыман, шаттық халқымның үні.
Атағым бүгін айға барды да,
Айтатынымды дәлелсіз күтпе.
Көндіріп аю, айдаhарды да,
Қол жеткізгенбіз Тәуелсіздікке.
Бақытым ұшпас енді басымнан,
Есіл ерлерім ел деп келіп ең.
Бір талы түспес енді шашымнан,
Желтоқсан айы желдеткенімен.
Шертіле қоймас жүрегімде мұң,
Бар әлем бізді танып алыңыз.
Тәуелсіздігім тірегім менің,
Шырқала берер Әнұранымыз!
(с) Бақберген Нұрай

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.