Іnternet-тің таралуы

І.1  Іnternet-тің таралуы

Іnternet – бұл дүниежүзіндегі ең үлкен компьютерлік жүйе. Қазіргі уақытта Іnternet-тің шамамен 50-ден аса елде 150 миллионға жуық қолданушылары бар. WWW-ке негізінен Іnternet арқылы кіруге болады, бірақ WWW  және Іnternet дей отырып, біз бірдей нәрсені ойламаймыз. WWW-тің ішкі мазмұнын қарауға болады, яғни бұл абстракты білім дүниесі, ал бұл кезде Іnternet  көптеген кабельдер мен компьютерлер түріндегі глобальды жүйенің сыртқы жағы болып табылады.
 
Сурет-1. Жер шары картасы
 
1-суретте  қара түспен боялған елдердің Іnternet-пен байланысы бар. Бұл байланысқа қосылған адамдар саны күннен-күнге өсіп келеді. Ақ түспен боялған елдер локальды жүйеде e-maіl-мен жұмыс істей алады.
 

І.2.  WWW концепциясы

 
World Wіde Web дегеніміз не, немесе, қарапайым — 3W?  WWW-бұл гипертекстте  орналастырылған мультимедиа ақпараттық жүйесі.
Ал енді бұл анықтаманы ретімен талдайық.
Орналастырылған ақпараттық жүйе: ақпарат WWW-сервер (servers) деп аталатын үлкен жиында сақталады. Яғни арнайы программалық қамтамасыздандыру орнатылған және Іnternet жүйесіне қосылған компьютерлерде. Жүйеге кіру мүмкіндіктері бар қолданушылар бұл ақпаратты клиенттер-программасы, WWW-құжатын қарау программасының көмегімен алады. Осымен бірге қарау программасы файлды керекті құжатпен сақтайтын компьютерлік жүйесі арқылы серверге сұрау жібереді. Егер файл осы, не басқа себеппен қол жеткізбесе, онда сервердің сұрауына жауап ретінде қарау программасы осы керекті файлды немесе келіспеу жөнінде хаттама жібереді. Клиент-сервер арақатынасы белгілі ереже бойынша өтеді немесе ереже қағазы деп аталады (протокол). WWW-те қабылданған ереже қағазы HyperText Transfer Protocol деп аталады, қысқаша – HTTP.
Мультимедиа: ақпарат өзіне тек текст емес, сонымен бірге екі және үшөлшемді графиктерді, видео және дыбысты қосады.
Гипертекст: WWW-те ақпарат құжат түрінде беріледі, кез келгені құрамында ішкі қиылысушы сілтеме бар.
Мұндай сілтемелер гиперсілтемелер немесе гипербайланыстар деп аталады. Компьютердің экранының қарау программасының терезесінде сілтемелер белгілі бір мақсатпен бөлінген текст аумағы немесе графиктер түрінде көрінеді (мысалы, басқа түспен немесе асты сызылған).
Гиперсілтемені таңдай отырып, қарау программасын қолданушы құжаттың бір бөлігінен басқа бөлігіне тез көше алады, немесе бір құжаттан басқа құжатқа. Керек кезінде қарау программасы автоматты түрде жүйедегі сәйкес сервермен байланысады және сілтеме жасалған құжатты сұрайды. Олай болса, Web-парақта стилизденген және форматталған текст, графиктер және әр түрлі Іnternet ресурстары бар гипербайланыстар  болуы мүмкін. Бұл мүмкіндіктерді шындыққа жанастыру мақсатында HyperText Markup Language (HTML) деп аталатын арнайы тіл жасалды, яғни Гипертекстті Белгілеу Тілі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.