Менің тұңғыш президентим!

Оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Менің тұңғыш президентім»
Мақсаты: Балалардың өз Отаны туралы білімін кеңейту.Еліміздің Тұңғыш Президенті, Нұр ағамыздың құдіретті тұлға екенін жас ұрпаққа таныту.Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Отанымызды,туған жерімізді сүюге.еліміздің рәміздерін құрметеуге тәрбиелеу. Сөздік қорын дамыту.
Құрал жабдықтар: Елбасы,рәміздер суреттері, «Нұрсұлтан қаласы және біздің президентіміз,Қазақстан катасы.
Сөздік жұмыс: Президент, рәміздер
Балаларды жартылай шеңберге тұрғызып:
Армысын көк аспан,
Армысын жер ана.
Армысын жан досым
Жылуыма жылу қосқан
Қонақтармен амандасу: Үлкендерге
бас иіп салем береді
Қимыл жасау
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Балалар бүгінгі оқу-іс әрекетіміз,Тұнғыш – Президент күніне арналады. Сабақты ән ұранмен бастайық
Ән ұран
(балалар орындарына отырады)
Тәрбиеші:
-Балалар біздің ұлтымыз кім?  «Қазақ»
-Біз қай тілде сөйлейміз?   «Қазақша»
-Біз қай Республикада тұрамыз?   «Қазақстан»
-Біздің елбасшымыз кім? «Н.Ә.Назарбаев  қазіргі таңда Қ.Ж.Тоқаев»
Дұрыс-ақ, біздің Республикамыз Қазақстан деп аталады.
Біздер 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті,онда Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды..
Балалар экранға назар аударайықшы.
-Балалар бұл кім?
Өте дұрыс бұл кісі біздің елбасшымыз бәрімізге ортақ атамыз.Нұрсұлтан Назарбаев ол да сендердей кішкентай болды. Ата-анасының айтқанын тыңдап, мектепте сабақты жақсы оқып,осындай үлкен жетістікке қол жеткізді. Егерде сендерде тәртіпті болып сабақтарыңызды жақсы оқысаңыздар сендерде Н.Ә.Назарбаевтай бола аласыңдар.
Қазір біздің президентіміз 2019жылы 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды. 1953 жылы 17 мамырда  туылған. Барлық тілді меңгерген. Нұрсұлтан Назарбаев пен бірге көптеген жұмыстарды атқарған.
Айдана
Кең жазық Отан мекенім,
Сен де өсіп көктедім
Сені қорғау парызым,
Мұны біліп өтемін.
Сырым
Ұлан байтақ жерім бар,
Пайдалы қазба кені бар
Тәуелсіз ел-Қазақстан
Көркіне көркі жарасқан.
Салауат
Менің туған ауылым,
Туған жерім мекенім
Өскен жерім Шоқаным,
Жарқырасын жұлдызың.
Әмина
Отаным менің Қазақстан
Мәңгілік сенімен мақтанам
Саяңда жүрсем әрдайым
Күлімдеп жүрем бақ табам.
Нұржан
Отаным менің Қазақстан
Қарызбын саған әрқашан
Азаматық борышты
Өтеуге мәңгі талпынам.
-Балалар мына сурет таныспа ?
-Балалар мынау не?
— МемлекеттікТу, түсі қандай? Ненің бейнесін көріп тұрсыңдар.Сабына бекітілген тұста нені көріп тұрсындар?
Көгілдір түс бейбітшілік белгісі.Тудын ортасында жарқырап шықан күн.Күннің астында қалықтап үшқан қыран құс бейнеленген.Дала құсы – дарқандық пен биік самғау белгісі.Өрнек қазақ халқынын салт – дәстүрін,мәдиниетін және ұлттық өнерін білдіреді.Күн,қыран құс,ою – өрнек алтын түспен берілген.Алтын түс – молшылық белгісі.
— Мемлекеттік Елтаңбасы
-Дұрыс-ақ
Мемлекеттік Елтаңбасы
-Балалар елтаңбадан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар.
-Шаңырақ, жұлдызша, қанатты тұлпар,күн шеңбері.
–Иә,өте дұрыс айттыңдар
Тәрбиеші: Балалар шаңырақ бірлікті,татулықты білдіреді,қанатты тұлпар қажымас қайраттың,жеңіске деген жасымас жігердің белгісі. Ал бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі, жол нұсқайтын жарық жұлдызы.Төменгі жағында «Қазақстан»деген жазуы бар
Ту, Елтанба Әнұран бір сөзбен рәміздер деп айтылады
-Кел балалар бойымызды бір жазып алайық
СЕРГІТУ СӘТІ:
(Қыдырып айтайық әнін сергіту сәтін жасап балалар орындарына отырады)
-Балалар біздің бас қаламыз қай қала?
-Нұрсұлтан қаласы.(слайд көрсету)
Тәрбиеші: -Балаларға Нұсұлтан қаламыз жайлы,әңгімелеп береді.
Тәрбиеші: -Нұсұлтан қаласы-ол бас қаламыз. Астанамыз қазір үлкейіп,өркендеп келеді.Көшелері кең,онымен көп машиналар,тролебустар,автобустар жүреді. – Астанада Президенттің сарайы бар. Президент Н.Назарбаев сол жерде қызмет істейді,шет ел басшыларын қабылдайды. Мынау Қазақстанын Тұңғыш – Президентінің мұра жайы.Ал мына ғибарат Астанадағы «Нұр — Астана»мешеті.Биыл блесіндер Астанада ЭКСПО -2017 өті.Мына ғибараттар сол жерде орналасқан Астанада әсем, биік үйлер салынып жатыр, Астанамыз көркейіп келеді.
Тәрбиеші: Қазақстан біздің Отанымыз дедік.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар,Отан үшін еңбек етесіңдер ме?
Фатима
Отаным менің Қазақстан
Атыңнан сенің айналдым
Бас иіп саған өтемін
Жасай бер жаса Қазақстан
Ернат
Күн шуақты Қазақстан
Саған ғана үн қосқан
Жүрегімнің дүрсілі
Төгіледі жыр дастан
Анель
Отаным менің -Қазақстан
Ыстық қой  сенің топырағың
Орманын, көлін бау-бағын,
Қастерлеген қазағым.
Фарида
Найзаның ұшымен қорғаған
Халқым менің мықты ғой
Ата-бабам әрқашан
Салт-дәстүін сақтаған.
Біз бүгін кім туралы әңгімелестік?
-Елбасымыздың аты жөні кім?
— Бас қаламыз қай қала?
«Туған жерді гүлдендір»ойыны.
(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады)
–Балалар,Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне,сендерсіңдер
Еліміздің келешек тағдыры,Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда.Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең,керегесі кең ететін сендерсіңдер.Ол үшін терең ,әрі жан-жақты білімді болу-міндеттерің
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қазақстан Республикасынын Тұңғыш президентін.
Игереді: Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу
Меңгереді: алақандарын жазып гүл жасайды
Тәрбиеші: №1 «Балапан» ортаңғы тобының  тәбриешісі Батырова.А.А
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.