Мидың шегі жоқ

Әл-Фараби атындағы университеті,

Философия және саясаттану факультеті,

Педагогика және Психология мамандығының

2курс магистранты

Ментаева Лаура

 

Мидың шегі жоқ

      Егер “мен бәленше сияқты армандай алмаймын, жұртқа идея қайдан келеді осы” деп, жұртқа тамсанып жүрсеңіз, STOP ?.
Әдетте Эйнштейн миының 10%-ын қолданыпты, ал біз 3%-ын да пайдаланбаймыз деп өзімізді кінәлаймыз. Бірақ сөйте тұра “Алла мені солар сияқты жаратпаса, не істеймін?” деп өз-өзін ақтайды. Ал сіз ойланып көрдіңіз бе, Алла біреуін ерекше мимен, ал сізді жарты мимен жаратты ма? Жоооқ. Бірдей жаратты. Бірақ сіз ол миды неге жұмсадыңыз? Бірнәрсе білуге, үйренуге, қоғамға пайдалы істі меңгеруге арнадыңыз ба? Жооқ. Сіз машина іспеттес айтқанды орындап, оны ата-ана қарсылығы мен қаржы тапшылығынан көретініңізді де түсініп отырмын. Ал Эйнштейнде не болды?
— ИДЕЯ. Сол идеясына сеніп, мақсат еткенде, нәтиже берді.
Біздің қиялымыз біреуге еліктеуден емес, кітап оқып, әсерлі фильмдер қарап, ел аралағаннан дамиды. Осылайша идея пайда болады. Идея миыңызға келді ме, “ондай болу қайда?” деп тыйып тастамаңыз. Ой келді ме, оны жүзеге асыруға қабілеттісіз деген сөз. Алла Тағала бекерден-бекер ой салмайды.
Ал көптен ойыңызда жүрген арманыңызды іске асыруға қорқақтап жүрсеңіз, мына шарттарына мән беріңіз:
?Мақсат қойыңыз. Оның идеясы болуы шарт. (Көршінікіндей дүкен, Қатипаныкіндей есік, Қатираныкіндей еден емес, ол рамкадан шығыңыз).
?Құндылығы.
?Қалай жүзеге асырамын? Жоспар құрыңыз.
?Сынбаңыз, берілмеңіз.
?Бұрынғы сәтсіздіктерді мүлдем ойламаңыз.
?Дедлайн. Уақытпен санасыңыз.

Қияли болудан қашпаңыз, балаңыз қияли болса,  қуаныңыз. Томас Эдисон, Илон Маск өз қиялдарының соңынан жүріп, жетістікке жеткен тұлғалар. Мүмкін, сізді болмаса да, балаларыңызды сондай өмір күтіп тұрған шығар? Елге пайдалы, қызықты жобаның авторы болса ше?
Өздеріңіз идеямен өмір сүресіздер ме? Әлде бос қиял деп ұмытуға тырысасыз ба?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.