«Мектепке дарлық тобында инновациялық технологияларды тиімді қолдану»

Іздену тақырыбым: «Мектепке дарлық тобында инновациялық технологияларды тиімді қолдану»
Интерактивті әдістерге жатады :
 жобалар әдісі;
 топтық талқылау
 топтық пікірталас
 ми шабуылы
 рөлдік ойындар
 баскет әдісі
 Тренингтер
 компьютерлік технологияларды пайдалана отырып білім алу;
 практикалық жағдайларды талдау
Оқыту мен тәрбиенің негізгі міндеттері
— Балалардың бастамаларын, дербестігін, танымдық уәждемесін дамыту;
— Оқу және ақпаратты өз бетінше ала білуді қалыптастыру;
— Балалармен біріктірілген жұмыс мазмұны;
— Балалар мен ересектердің әріптестік қарым-қатынасы;
— Баланы социумға белсенді тарту және т. б.
Осыдан іздену тақырыбым «Мектепке дарлық тобында жобалау іс әрекетін ұйымдастыру» деп аталады.
Жобаны орындау барысында белгілі мәселені шешу жолы айқындалады, яғни бұл білім беру үрдісінің тиімді іске асыруын қамтамасыз етуге бағытталған іс әрекет.
Аталған әдіс бала жаратылысына тән: білуге құмарлық, байқау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты бала әрекетіндегі жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Бірақ мектеп алды жастағы баланы зерттеу тақырыбымен «қинауға» болмайды. Әрине жоғарыда айтқандай бала туа біткен зерттеуші, бірақ алғашқыда оған арнайы түрде үйретіледі: проблеманы қалай анықтауға болатыны, болжамды қалай құру керек, эксперимент қалай жасалатыны т.с.б.
Жоба – бұл зерттеудің жолы
• Балабақшадағы жоба әдісі — мектеп жасына дейінгі балаларды кіріктірілген оқытудың бір әдісі.
• Балалардың дербес белсенділігін жоғарлатады.
• Шығармашылық ойлауды дамытады.
• Баланың, оны қызықтарын құбылыс немесе зат туралы ақпараттарды, өз бетінше әртүрлі жолдармен іздестіріп таба білу икемділігі қалыптасады.
• Ата-аналардың балабақшаның білім беру үрдісіне белсенді қатысуына мүмкіндігін береді.
ЖОБАНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1. Демонстрациялық жобалау;
2. Зерттеушілік жобалау;
3. Шығармашылық жобалау;
4. Рольді – ойындық жобалау;
5. Ақпараттық жобалау;
6. Үйретуші жобалау;
7. Моножобалау;
8. Пәнаралық жобалау;
9. Тәжірибелі және бағдарлы жобалау;
10. Қысқа мерзімді жобалау;
11. Ойын жобалауы.
ЖОБАЛАРДЫ ЖІКТЕУ
Қатысушылар құрамы
 Жеке
 Отбасылық
 Жұптық
 Топшалық
 Топтық жаппай
Орындау мерзімі
 Қысқа мерзімді
 Орта мерзімді
 Ұзақ мерзімді
Баланың психикалық дамуы үшін эксперименттің маңыздылығын түсіне отырып, мен балалардың дербес ойын іс әрекеті (топта және алаңда) барысында осындай ойындар-эксперименттер ұйымдастырамын:
— Құммен ойын эксперименттер: «Сиқырлы елгезер», «Тірі құм»; «Сулы құм» , «Құрғақ құм».
— Сумен ойын эксперименттер: «Батады батпайды»,«Су кемелері», «Қар мен су»; «Судың қасиеттері»;
— Магнитпен ойын эксперименттер: «Темірдің қасиеттері»
— Дыбыстармен ойын эксперименттер: «Дыбыстар қалай пайда болады?», «Адам дауысы қалай шығады?».
Эксперименттік әрекеттің нәтижесінде балалар құм, магнит және судың, дыбыстың қасиеттері туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді біледі.
 Құммен эксперименттер
 Магнитпен эксперименттер
 Су және қармен эксперименттер
Ғылыми- зерттеу жоба
 «Кемпірқосақ неге түрлі-түсті?»
 «Өсімдіктерді қалай өсіреді?»
 «Су қоры»
 «Пияздың пайдасы»
ЖОБАНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
І. Мотивтендіру
Тәрбиеші жалпы зерттеу мәселесін ұсынады. Тақырыпқа қызығушылық қалыптастырады.
ІІ. Жоспарлау кезеңі
Зерттеу жұмысына дайындық. Мұнда жобаның тақырыбы мен мақсаты анықталады, міндеттерді шешу жолдары қарастырылады, іс-әрекеттің жоспары бекітіледі, топтағы ұжымдық іс-әрекет келісіледі.
ІІІ. Ақпаратты жинау кезеңі
Балалар хабар жинайды, әдебиетпен және басқа ақпарат құралдармен жұмыс жүргізеді; алыңған нәтижені тәрбиешінің көмегімен сараптайды, ал тәрбиеші бақылайды, көмек көрсетеді, өзі де ақпарат құралы болады.
ІV. Рефлексивтік бағалау кезеңі
Балалар жобаларын ұсынады (презентация), атқарылған жұмыс бойынша есеп береді, ұжымдық пікірталасқа қатысады, өзіне өзі баға береді, тәрбиеші бағалайды.
ЖОБА ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАУ
Жобаның тақырыптары сантүрлі. Ең негізгісі — бала үшін тақырып қызық болуы шарт.
 «Кемпірқосақ неге түрлі-түсті?»
 «Күннің сәулесі қалай пайда болады?»\
 «Пияздың пайдасы»
 «Су қоры»
 «Өсімдіктерді қалай өсіреміз»
ЖОБАНЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР
• Жоба тақырыбын терең зерелеу
• Баланың белсенділігін қолдау
• Баланың ұғынуына қол жетімді проблемалық ситуацияны алдыға қою
• Баламен бірге шығармашылық ортаны қалыптастыру
• Ойын мотивациясын құру
• Шығармашылық қиялды, фантазияны дамыту
• Жобаны іске асыруға шығармашылықпен қарау
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық педагогикалық ерекшеліктері абстактілі тәсіл қолдануға мүмкіншілік бермейді. Сондықтан балабақшада өзіндік жұмыстардың элементтері қолданылады. Олар бір тақырыпқа негізделген хабарламалар, шағын әңгіме құрастыру, кітапша жасау, сахналық көрініс сияқты жұмыстар. Осылардың бәрі жоба өніміне жатады. Жобалау әдісін қолдану тікелей педагогтың көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жұмысқа ата аналарды да қатыстыруға болады.
Баланың психикалық дамуы үшін эксперименттің маңыздылығын түсіне отырып, мен балалардың дербес ойын іс әрекеті (топта және алаңда) барысында осындай ойындар-эксперименттер ұйымдастырамын:
— Құммен ойын эксперименттер: «Сиқырлы елгезер», «Тірі құм»; «Сулы құм» , «Құрғақ құм».
— Сумен ойын эксперименттер: «Батады батпайды»,«Су кемелері», «Қар мен су»; «Судың қасиеттері»;
— Магнитпен ойын эксперименттер: «Темірдің қасиеттері»
— Дыбыстармен ойын эксперименттер: «Дыбыстар қалай пайда болады?», «Адам дауысы қалай шығады?».
Эксперименттік әрекеттің нәтижесінде балалар құм, магнит және судың, дыбыстың қасиеттері туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді біледі.
Қорытынды.
Осымен балалардың өздігінен жұмыс жасау қабілеті жоғарылайды, олардың танымдық белсенділігі арттылады, ұжымдық қарым қатынастар арқасында қоғам дағдылары жетілдіріледі. Шығармашылық қабілеттері арттырылады.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.