Күз ханшайымының тапсырмалары

Бимаханова Бутакуз Акузаковна
«Қызғалдақ» мектепалды тобының ұйымдастырылған оқу қызметі
 
Тәрбиеші: Бимаханова Б.А
 
Білім беру саласы: Таным
 
Бөлімі: Математика негіздері
 
Тақырыбы: «Күз  ханшайымының  қызықты  тапсырмалары»
Мақсаты: Балалар пішіндерді ажырата алады. Заттың қандай пішінге ұқсайтынын біледі. Сандарды таниды. Жасырылған санды тауып, айта алады. Кеңістікті бағдарлай біледі.
Көрнекі құралдар: Күз мезгілінің көрістері.Түрлі – түсті пішідер, сандар суреттері. Құрастыруға арналған бір реттік тарелке. Сұйық зат құйылған қалта.
Әдіс – тәсілдері: жылулық шеңбер, қызықты сәт, тосын сый, сұрақ — жауап, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, тапсырмалар.
 
Шаттық шеңбер
Мына сұлу әлемде,
Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге,
Күн сәулесін төгеді
 
Шеңберге тұрады
Амандасады.
Айтады, қимыл жасайды.
 
Сұрақ – жауап өткізу:
— Жылдың қай мезгілі?
— Күз айларын атайықшы?
— Қазір қай ай?
(Бала үні)
 
Тәрбиеші: Балалар  айналамызға қарайықшы, не көріп тұрмыз?
(4К сыни ойлау)
Ләйлім: Сәлеметсіңдерме балалар! Сендердің келгендерің қандай жақсы болды. Маған көмек керек.
Балалар: Сен кімсің? Бізден қандай көмек керек?
Ләйлім: Мен Күз патшайымының қызы Ләйлім ханшайымымын! Мыны менің себетім ауыр, тапсырмаға толы.
Тәрбиеші: Қош келдің! Жақсы келдің! Біз саған көмектесеміз.Біздің балалар тапсырма орындағанды жақсы көреді.
Ал, балалар тапсырманы орындау үшін 4 топқа бөлінейік. Пішін суреті арқылы бөліну.
1 топ: «Үшбұрыш»
2топ: «Төртбұрыш»
3топ: «Дөңгелек»
4топ: «Сопақша»
 

  1. Тапсырма: «Заттарды пішініне қарай орналастыр!»

Шарты: Берілген суреттерге қарап, қай зат қандай пішін екенін айырып орналастыру.
( Педагог жетекшілігімен ойын)
(4 К командамен жұмыс, креативтілік)
Педагог ойынды түсіндіреді.Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындады. Суретке қарап ажырата алады.Суретте берілген жерге ораналастыра алды.
 
 

  1. Тапсырма: «Жасырылған санды тап?»

Шарты: Берілген сұйықтан зат құйылған қалтадан жасырылған санды табу.
(Құрылымдалғын ойын) (Бала үні)
Әр бала сұйық зат құйылған қалтадан жасырылған санды табады.
 
Сергіту сәті: «Әуенмен бірге билеу»
Балалар тәрбиешімен бірге би қимылдарын орындады.
 

  1. Тапсырма: «Санды затпен сәйкесте»

Шарты: Берілген затты санап,санға сәйкестендіру.
( Педагог жетекшілігімен ойын)
(4 К командамен жұмыс, креативтілік)
Балалар бір реттік тәрелкедегі берілген заттың суретіне қарап санай алады.Тиісті санды қоя алады. Құрастыра алады.
 
Тәрбиеші: Ой, жарайсыңдар балалар! Сендер барлық тапсырманы толық орындадындар!
Ләйлім: Рахмет балалар! Өте ақылды екенсіңдер! Сендерге себетімдегі алмаларды сыйға тартамын.
 
Қорытынды: Балалар, бүгін сабақта қандай тапсырмалар орындадық? Немен жұмыс жасадық? Балаларды мақтап, мадақтау.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.