«Тәуелсіздік ұлы — тағылым»

Рахымберді Мақсат

«Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.»

Н.Ә.Назарбаев

  Тарих сахнасында өзінің тектілігімен орын алған, сан ғасырлар бойы жасалған ұлтты жою саясатына мойынсұнбай, ұлттың ортақ мүддесі үшін талай қазақ баласы еркіндік жолында қаза тапқан тарих кезеңі халық көңілінде мәңгі өшпес қасірет қалдырды. Қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдер өткеннің еншісінде. Өткен іске өкіну – болашақты бұлыңғыр етеді. Тәуелсіз ел жастарының болашаққа деген нық сенімділігі армандарының асқақ болуына, бүгінгі қазақ елінің  өркендеп дамуы бірден-бір себеп. Қазіргі Қазақстан Республикасының өз алдына жеке дербес мемлекет болып қалыптасуы тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастауымен жүзеге асқан болатын. Отыз жыл ішінде мемлекетімізде көптеген өзгерістер енгізіліп, әлемнің дамыған елу елі қатарына қосылып, Қазақстан атын тарих бетіне алтын әріппен жазды. Ел қауіпсіздігі, ұлт бірлігін сақтау мақсатында еліміз жаңадан астана салды.Бұл тарихи сәт еліміздің ертеңі үшін өте күрделі шешімдердің бірі болды. Ерім дейтін – ел тұрғанда, еріміз дұрыс жолды адаспай таңдағанына бүгінгі халықтың өзі куә. Сол Ел-ордамыз бүгінгі күні дүние жүзі тамсанардай ажарлана, жылдан-жылға құлпыра түсуде. Әлем елдерінің жас бас қаламызға «Бейбітшілік қаласы» мәртебесін беруі сөзімнің дәлелі. Еліміздің отыз жыл ішінде адам танымастай өзгеруі, әлемдік саяси аренада өз алдына мақсат қоюы, дұрыс реформа құруы, экономикасының қарыштап дамуы, бір кездері бодандықта болған еліміздің енді «Мәңгілік ел» болып өмір сүруіне деген сенімді әрі нық қадамдары. Әлімсақтан қырандай еркін өскен қазақ елі үшін тәуелсіздік ұғымының мәні тереңде…
Әлем халықтарының ішінде өз ана тілі, өз діні, өз ділі бола тұра кей ұлттар тәуелсіз ел болып қалыптаса алмай, өзге елдің боданында жүрген халық қаншама. Жыл сайын ереуілдерге шығып, тіпті соғысқа ұласқан кездерді өз құлағымызбен естіп, көзімізбен көріпте жүрміз. Әр халық үшін бостандықтан асқан бақыт бар ма?
«Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.» Елдің басты күші- ұлттың бірлігінде, тарих беттерінен жойылып кеткен көптеген елдер ұлттың бірлігінсіз жеңілді. Нәтижесі боданды- ел.
«Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ер құлдықтан, әйел күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды!» — деп, кешегі Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхан бостандық таңы, ұрпақтың қамы үшін жанын құрбан еткен еді. Алайда бүгінгі елдің болашағы – жастар, тәуелсіздік қадірін білмей, өзге елдің мәдениетіне тәуелді. Ел жастарының тәрбиесін ата-анасы емес әлеуметтік желі беруде. Қазақ жастарының өз ана тілінде сөйлеуге ұялуы, ұлттық салт-дәстүрді білмеуі, үлкенге құрмет әдебінен жұрдай болуы, өзге ұлтқа тұрмысқа шығып шет елге кетуі бәрі-бәрі «Мәңгілік ел» болып  қалуымызға өз кедергісін тигізуде. Ата-анасын қарттар үйіне тапсырып, некесіз туған сәбиді қоқысқа тастаған қай ата-бабамызды көріп едік. Ішімдікке сылқия тойып, түнгі клубта жалаңаш билеген қазақ қыздарын тәрбиелеуде қай жерден қате кеттік. Елді жаудан қорғайтын Қабанбайдың ұрпақтары шашын бояп, жынысын ауыстырғаны қалай? Осындай қоғамның түйткөл мәселелері казақ елінің шежіресіне орыны айықпастай жара салды. Өзге елдерге үлгі болып жүрген Қазақстанның бүгінгі бейнесі осы…
Мемлекетіміз өз алдына тәуелсіз ел болып, отыз жылда жетістіктерге жеткенімен, елдің ертеңі- келешек ұрпақты көргенде, ұлттың бірлігінсіз жойылған өзге елдердің күйін кешпесімізге кім кепіл.
Тәуелсіздік таңы бүгінгі кей жастардың санасына жетуі қиын-ақ. Сол себепті жастарды елдің өркендеу ісіне атсалысып, қоғамда өз рөлі бар тұлға болып қалыптасуы мемлекетіміздің отыз жылда жеткен жеңісінің бірі болары сөзсіз. Өз еліне деген – сүйіспеншілігін арттыру мақсатында жастарды кітап оқуға бейімдеу, әлеуметтік желідегі бұрыс ақпараттардан гөрі газет басылымдарына көңіл бөлгізу орасан пайдалы болмақ. Еліміздің елдігі сыналар сәтте күш біріктіріп, ынтымақтасу арқылы кез-келген қиындықты осылай ашық жеткізе білсек қиындықтардың өз шешімін табады деген сенім мол.
 
Тәуелсіздік
Отыз жыл көз салсаңыз бұл азғана,
Қиыншылық көп күндердің бірі ғана,
Сол күндерде көп асу белді алып,
Жайқатылып өсіп келет бір боз бала.
 
Ол тәуелсіз сонысымен мақтанады,
Әр күні арайланып атқан таңы.
130 ұлт киелі мекенімде,
Көк байрақтың астында шатанады.
 
Біз қалықпыз көк жүзінде еркін ұшқан,
Бейне салып туымызға азат құстан.
Қызығада қызғанада қарар шет ел
Бұл тәуелсіз егеменді Қазақстан!
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.