Алаштың туы астында күн сөнгенше сөнбейміз

Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық
Арасын қоныс қылдым ірге жайып
Елін, жерін қорғайтын батыр болып,
Ер жеттім ең далада лықа байып- деп Сұлтанмахмұт атамыз айтқандай, бастауы сонау бір X ғасырдан тараған, күллі түркітілдес халықтар мен дештіқыпшақ жұртының ұранына айналған ұлы сөз, рухты сөз ол-алаш.
Осындай ұлы сөздің қадір қасиетін ұғынып, оған «орда» сөзін жалғап, алты алашты алаш туы астына біріктіруді мақсат еткен, өткен ғасырдың қырандары, халық жауқазындары алашордашылар.
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Ағызбай қараңғыда бекер жасты-деп мына бабамыздың сонау ғасырдан бері сарқыттай сақтаған ұлы жерін, ешбір жауға басындырмай, қанауға жол бергілері келмей, қара қазан, сары бала қамы үшін бүгіннен ертеңге сыр жалғайтын ұлы рух сыйлап, алға ұмтылу олардың басты арманы болатын.Қалың ұйқыда жатқан қазағын айқайлап та, маса болып та оятуға тырысқан. Сол ұлы жолда бастарын бәйгеге тігіп, халқы үшін құйынды дауылға да, нөсер жаңбырға да, жалындап тұрған отқа да, тұңғиық терең суға да шыдап, қарсы тұра білді. Себебі олар бәріне сенді, келер күннен үміт үзбеді елім дейтін жастардың боларына, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнарына, алаштың басына бақ қонарына да сенді және оған жету үшін даңғыл жолды да салып берді.
Өйткені алашорда десе әрбір жастың есіне ең алдымен ұлт бостандығы жолында жазықсыз құрбан болған боздақтар мен олардың жалынды жырларының еске түсері сөзсіз әрине.
Алашордашылар тек халқы мен оның бостандығы үшін күресті. Олардың санасында тәк мансапты тілек қылған ой болған емес, олар әрқайсысы жеке тұлға болып қалыптаса білді және де қызғанушылық, көреалмаушылқ олар үшін жат қылық болды. Егерде алаш қайраткерлері белгілі бір эгоизмге салынар болса қазіргі кезде үш арыстың, бес бәйтеректің кім екенін білмегенде болар едік. Олар бірін-бірі демеді, қолдау берді қиын сәтте бір-бірін тастамай таба алды,үлкен мемлекет құрмаса да 1920 жылы қағаз жүзінде жабылған, бірақ керегесі әлі де болсын шайқалмаған <алашорда> атты автономия құрып, ұрпақтары мақтанарлықтай, ұлт болуға бастайтын мәңгілік дара жолды бастап берді. Соның арқасында Әлиханның, Ілиястың, Ахметтің, Мағжанның, ағайынды Досмағанбетовтердің, Міржақып пен Бейімбеттің, Сұлтанмахмұттың кім екенін өз заманындағылар мен келер ұрпаққа ұғындыра алды. Олар туыла сала бір жерде шоғырланып қалған жоқ, талаппен, ізденіспен сана ашықтығымен бірін-бірі жолықтырды.
Әлихан атамыз кезінде Ахмет пен Міржақыпқа былай деп хат жазған екен: кезінде доңыз аққуға <ей аққу сен осы күн бар дейсің, сол күнді мен неге көрмеймін>— десе аққу <әй доңыз, сені Алла төмен қаратып жаратқан сол себепті сен күнді көре алмайсың> депті. Сондықтан болашаққа күнді көре алатын ұрпақ керек деген екен.
Міне жүз жылда, бір рет туар қайраткерлер болашақ ұрпақ қамы үшін күресіп кетті. Олар күресті ерте тоқтатса да, ақыр соңында жеңе білді.
Рухани сана мен ұлттық тәрбиені бірінші орынға қойды, әр қазақ баласына келер күнге ой тастайтындай аталы сөздерді қалдыра білді.
Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен сенемін жастарға!-деп Мағжан атамыз айтпақшы, Мағжанның сенген  жастары айды аспаннан шығарып, алаш атын ғарыштап дамытпаса да, қарыштап дамытып жатыр.
Қорыта айтқанда сақ пен ғұнның ерлігін, түркі халқының мықтылығын, сөздері мен де, істерімен де дәлелдей білген алаш қайраткерлеріне, ұлт көсемдеріне мың тағзым. Олар сол кезде <халық жауы> деген шекпен жамылсада, қазағыма үшін<халық қаһарманы> деген күпі кигенімен бірдей еді.
Жүрегі тек алаш деп соққан осындай тұлғалардың ерлігін келер күнге жеткізу, мақтан ету, мына біздің жастардың міндеті.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.