Мектепалды даярлық сыныптарда балаларды адамгершілік патриоттық тәрбие беруді жүзеге асыру.

Сембаева Бакытгуль
Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие — адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы.  Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Мектепке дейінгі  берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын  орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне  педогогтардың  тигізер әсерінің маңызы зор.  Жас жеткіншектердің тәрбиелі де білімді болып, еліміздің мақтанышына айналуына  мектепалды даярлық сыныптарда «Балалардың бойында рухани –патриоттық сана сезімді қалыптастыру» бағыты бойынша өз үлесін қосуда. Мектепке дейінгі мекемеде балалар еркін дем алып, рухани патриоттық тұрғыдан білім алып, тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған. Мектепке дейінгі мекемеде 4 даярлық топ жұмыс атқарады. Педагогтардың бала тәрбиесіндегі ізденістері, өз істеріне деген қызығушылықтары қуантады. Педагогтардың барлығы білімді, санаттары бар. Мамандардың басты мақсаты баланы даму әлеміне енгізу, баланың денсаулығын сақтау, нығайту, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ережелерінің жаңа стандартының бес білім саласының талаптарына сай, ата-бабамыздың асыл мұрасын, өнер мен өнегедегі үлгілерін бала бойына сіңіре отырып, жан – жақты тәрбиелеу мақсатында «қазақ халқының ұлттық ойындарын ойнатып» патроттық білім беру бағдарламасы негізінде жұмыс жүргізілуде. Осы бағдарламаларды қолдану арқылы балалардың ерік — жігерінің қалыптасуына, өздігінен ізденуіне, жеке тұлға ретінде дамуына назар аударылады.  Педогогтар бала тәрбиесінде өз  топтарында «Семейім » «Туған қалам — мақтанышым» атты үйірме ұйымдастырды. Бұл үйірмеде балалармен бірге ата – аналар да өздерінің көп үлестерін қосады. Тәрбиешілер балаларды қаланың мәдениет  орталықтарымен, әйгілі батырлары, ақын – жазушыларымен таныстырып, мәңгілік алауға, ескерткіштерге барып гүл шоқтарын қоюды әдетке айналдырды. Мектепке дейінгі мекемелерде  балалармен  тәрбиешілер  тақырыптық сабақтар өткізді. Еліміздің төл мерекелерінде ертеңгіліктер, сайыстар өткізіп отырады. Осы сабақтар, ертеңгіліктерді  өткізуге тәрбиешілер, ата –аналар өз үлестерін қосады. Балаларды тәрбиелеуде  балабақша  мен  мектептің, мұражайлардың, кітапханалар мен сабақтастығы дұрыс жолға қойылған. Салауатты өмір салтының бөлімімен бірлесіп «Шынықсаң шымыр-боларсың!» атты спорттық сайыс өткізілді. Қала педагогтарына   әрдайым ұйымдастырылған семинарлар оқу іс — әрекеттері көрсетіледі. Сонымен қатар  отбасымен ынтымақтастық  жұмыстарын нығайту  мақсатында ашық есік күндері, сауалнамалар, ертеңгіліктер, көрмелер, ойын —  сауықтар өте қызықты да тартымды өтуі,  ата –аналардың  белсене  қатысып,қызығушылық таныту  жүргізілген  жұмысымыздың  нәтижесі деп есептейміз.  Тәрбиешілердің мектеп  жасына дейінгі  балалардың интеллектуалдық  және тұлғалық  дамуына бағытталған  әдістемелік құралдарына сүйенді.       Халқымызда «баланы жастан» деген  дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын  ескерсек,  ата – бабадан келе жатқан  дәстүрлерді ең алдымен өзіміз  түсініп,  балаларға оның нәрін сіңіре білсек,  болашақ патриот тәрбиелесек бұл  еңбегіміздің  жанғаны, қосқан үлкен үлесіміз.
Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр. Мемлекеттің болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты болса, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай білуіміз де ерекше рөл атқарады.Егемен ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға баулу, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдір­шіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер бала­бақшамызда жақсы іске асырылуда. Мектепаалды сыныптарда бала қазақ тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі – ауызша сөйлеп үйренеді. Ол сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл-ой дамуымен біртұтас жүреді. Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сол себепті де сәбилермен жүр­гізілетін жаттығу түрлері де әр алуан. Балалардың жас ерекшелетеріне қарай топтары үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Мектепте жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері де кешенді түрде іске асырылады. Дыбыстардың ерекшелігін жете меңгеріп, дұрыс айтуға жаттықтыру тілдерін дамыту сабақтарында ғана емес, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарында да, сабақтан бос кездерінде балаларға ана тілінде өлеңдер, тақпақтар, көркем сөздер жаттатылып, үйретіледі. Қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы зор. Осы арқылы балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілерді рольдермен орындауға, қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәде­ниетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды. Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте, – деп ақын жыр­лағандай, өз ана тілімізді жетік меңгеру, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, халқымызда ға­сырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным-сенімдерін, дәстүрін, әдет-ғұрыптарын өсіп келе жатқан, жас ұрпақтың бойына сіңіру барысында, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда үлкен нәтиже береді. Халық байлығының асыл қазынасы – рухани тіл. Оны меңгеру бесік тәрбиесінен, ана әлдиінен бастап, балабақшада ары қарай жүзеге аспақ. Қазақта «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек біз мектеп табалдырығын табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре білсек, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз.
 
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.