ҚазҰУ қалашығында Нурыз мейрамы тойланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Наурыз мерекесі кеңінен аталып өтті. Мерекелік іс-шара университет аумағында қарағай мен шырша көшеттерін отырғызудан басталды. ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев, факультет декандары, оқытушылар және шетелдік ғалымдар кампус аллеясына 100-ден астам жасыл желек отырғызды.
Ұлттық мерекеге арналған ауқымды шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Наурыз мерекесіне Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, ҚР Жоғарғы Сотының экс-төрағасы Мұсабек Әлімбеков, ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов, мемлекет және саяси қайраткерлер Амандық Баталов пен Бақытжан Сағынтаев, белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының ректорлары, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиналғандарды құттықтай отырып, Басқарма төрағасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Қансейітұлы Наурыз – бірлік пен келісім мерекесі екенін атап өтті. «Баршаңызды көктемгі Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақтар үшін бұл мереке жаңарудың, махаббат салтанатының, құнарлылық пен достықтың символы болып табылады. Наурыз-бұл жаңа жылдың басы, көктемнің келуі, табиғаттың жаңа өмірге қайта оралатын күні. Мереке келген соң қазақтар сәнді киім киіп, бір-біріне қонаққа барады, қуанышымен бөлісіп, алғашқы көктем – Наурыз мейрамымен құттықтайды», — деді ЖОО басшысы.
Мерекелік шара әсерлі музыкалық-театрландырылған қойылыммен жалғасты.
Жиналғандар университеттің шығармашылық ұжымдары мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаны тамашалады. Сондай-ақ көрермендерге қазақтың салт-дәстүрлері: тұсаукесер, қыз ұзату және т.б. ұсынылды.Сонымен қатар, қонақтар мен мерекеге қатысушылар кәдесыйлар мен зергерлік бұйымдардың көрмесімен танысты, ұлттық тағамдар мен дәстүрлі наурыз-көжеден дәм татты.
Халық костюмдері, халық әндері мен билері ұлттық колорит, достық атмосфера жасап, мереке қонақтарына жақсы көңіл-күй сыйлады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *