«ТАРИХ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ XIV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОНЛАЙН ОЛИМПИАДАСЫ

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ университетінде «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің XIV республикалық пәндік онлайн форматында өткен олимпиадасыда  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих факультетінен қатысып, 3 –ші орын иеленген 3 курс студенттерінен құралған команда мүшелерін Қазақстан тарихы кафедрасының ұжымы құттықтайды.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінде  «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің XIV республикалық  пәндік олимпиадасы 2022 жылы сәуірдің 22 күні MICROSOFT TEAMS платформасында онлайн форматында өтті. ЕҰУ Тарих факультетінің деканы т.ғ.д., проф Т.Садыков олимпиаданы ашылуы салтанатында  сөйлеген сөзінде: «Білімді де, білікті, интелектуальды жас ұрпақты қалыптастыруда жоғары оқу орындары арасында осындай өзара додаға түсіп, біліммен  күш сынасатын олимпиадалық жарыстардың  өткізілуі орынды екендігін айта келе, олимпиядаға қатысушы 14 команда студенттеріне сәттілік пен  ақжол тіледі.

Олимпиадаға республиика бойынша 14 жоғары оқу орныдарынан командалар қатысты. Бірнеше кезеңнен тұрған олимпиада барысында, әр кезеңге қатысушы командалар өздерінің креативтілігімен көзге түсіп, әділ-қазылар алқасы бәсекеге толы жарыстың куәсі болды. Бір топ өзінінің шығармашылық қабілетімен көзге түссе, енді бірі өзінің тарихи білімін көрсетіп оқ бойы оза шапты Бұл сайыста әр команда студенттерінің сөйлеу мәнері, сөз саптауы мен шешендігі және нақты фактілерді қолдануы басты назарға алынды. Сайыс тартысты, әрі тартымды өтті, додаға түскен әрбір команда мүшелері  жоғары денгейдегі дайындықпен келгендігін байқатты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 3-орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- дың Тарих факультетінің 3 курсыны4 студенттерінен құралған командасы иеленді. Команда мүшелерін Қазақстан тарихы кафедрасының профессор оқытушылар ұжымы құттықтап, оқуда озат, алдағы уақытта осындай сайыс мәрелерінен сүрінбей, интелектуалдық ой-өрістерін арттыра берулеріне тілектес екендігін білдіреді.

                 

           Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы  кафедрасының доценті, т.ғ.к., Қозғамбаева Гүлнар Бестібайқызы  

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *