«Лайықтыны лайкпен бағалау дұрыс па?

Қазіргі кезде білім бәйгесі мен өнер додасындағы лайықтыны лайк басу арқылы бағалау дәстүрге айналды. Сахнаны ұялы телефон алмастырған байқаулар жиі өтіп жатыр. Бәленшенің қызына лүпіл басып, түгеншенің ұлына пікір қалдыршы деп өтініш айтып, конкурстың сілтемесін жіберетіндер саны өте көп. Алайда, осындай сайыстарға қатысып, бақ сынап жүрген талантты жастар тасада қалып қойған жоқ па? Пікір мен лүпіл саны шын мықтыны анықтай ала ма?
Бұндай байқаулардың шарттары қарапайым. Лайкты неғұрлым барлығынан көп жинасаң, жеңіске де соғұрлым жақындап, лайықты болып таңыласын. Қысқасы, сайысты тек желідегі танысы көптер жеңе ме деген ойға да қаласың.
Мың бұралған бишілер де, күміс көмей әншілер де, ақындар да бағың онлайн сайыстарда сынайды. Бірақ, желідегі онлайн сайыстардың әділдігіне халықтың басым көпшілігі сын көзбен қарайды. Осы күні онлайн байқауға қатысушылардың көбі балалар екені бізге мәлім.
Атап айтар болсақ, онлайн сайыстардың көбі инстаграм және фейсбук әлеуметтік желілерінде өтеді. Халықтың осы онлайн сайысқа қатысты пікірі әрқилы. Бірі жақтайды, бірі даттайды, енді бірі мүлдем жақтырмайды. Бастысы лайк пен пікірге емес, шын өнерге құштар жас таланттардың осындай сайыстардан кейін тауы шағылып қалмаса екен деймін..
Қайыржан Назира Нұргелдіқызы
ЕҰУ, ЖжСф 2-курс студенті

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *