Менің мектептегі өзін-өзі басқару жүйесіндегі үлесім

Менің мектептегі өзін-өзі басқару жүйесіндегі үлесім
Дүниеде еңбек пен шығарманың қиындығын жеңуден асқан ұлы ерлік жоқ.
                                                                                     (Максим Горький)
Мен Рымбекова Шырын Қайырбекқызы Алматы облысы,Байсерке ауылы  №12 орта мектебінде педагог-ұйымдастырушы  қызметін атқарамын.  «Мектеп парламенті»  ұйымының жетекшісі ретінде өз сөзімді  Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» ұранымен  бастағым келіп отыр. Бала кезімнен жан-жақты болуға мақсат қойдым,спорт түрлерінен ,пәндер бойынша көптеген  қосымша үйірмелерге қатысқанды ұнататынмын. Отбасымының өнерге жақын болуы да,менің әншілік қасиетімді аша түсті.  Мерекелік кештерде өз өнерімді ұялмай ортаға салып,ән саласына кішігірім өз үлесімді қосып жүрмін.Мектепшілік байқауларға қатысып,жүлделі орындарға ие болып мақсаттарымды айқындай түстім.Уақыттың өтуімен білім алушы атанып,колледж қара шаңырағында өзімді болашақ ұстаз ретінде шыңдай түстім.Ұлт болашағы отбасыдан басталады,еліміздің керегесінің берік болуы,тұтастай бір үйдің баласындай бірлікте жүруі ,сіздің және менің қолымда!Иә,ол тек кітап бетіне сиямен түскен сиқырлы жалған сөздердей шаң басып жатпауы тиіс.Әрекетке-берекет.Көзі ашық,көкірегі ояу жеке тұлға -қашан да сұранысқа ие.Патриоттық тәрбиенің жоғары деңгейде жүргізілуі менің жұмысымның  дәлелдемесі .
Мен педагог –ұйымдастырушы ретінде кіммін?
Жеке тұлға;
Білікті маман;
-Педагог-психолог:
-Жаңашыл ұстаз;
-Мектеп өмірінің қоғамдық сатысының жандануына үлес қосушы азаматша;
      Біздің  мектепшілік Өзін -өзі -басқару ұйымының жүйесіндегі жасағымыз келетін бағыттарымыз:
-Қоғамдық іс -шараларға белсене қатысқан оқушыларға ерекше көңіл аудару;
-Пікірсайыс ұйымдарының пән ретінде маңыздылығын арттыру;
-Жекелеген бағытарда  оқушылардың мәдени,эстетикалық дамуына көңіл аудару;
Ұйымның  ұзақ мерзімдік  мақсаты:
-Мектеп өмірін жандандырып,оқушылардың интелектуалдық қызығушылықтарын арттыру;
-Мектепшілік топ-сұхбат жобасын қолға алу:Мектебімізге үлесін қосқан,білікті ұстаздарымызбен оқушылар арасында сұхбат жобасын ұйымдастыру;
-Әлеуметтік желілерде белсенділікті арттырып,жаңа технологиялар арқылы ұйымның жаңа тұстарын көрсету;
-Апта сайын мектеп жаңалықтарымен ұстаздар қауымын,ата-аналарды ,оқушыларды таныстыру мақсатында жаңалықтар  стендін ілу;
-Жоғарғы аға буынның өз біліктіліктері боойынша фракцияларға бөлініп,кіші буынға жол көрсетуіне жағдай жасау;
Қәзіргі таңда мен қолданатын ресурстар:
Жаңартылған ,заманауи бағдарламалар;
-Интерактивтік тақталар, Led;
-Әлеуметтік желі;
-Оқушылардың жекелей дарыны мен қасиеті;
Педагог-ұйымдастырушы ретінде неден қауіптенемін:
Мектебімізде ештеңеге қызығушылығы жоқ,кері байланысты жек көретін,тек өз дегенімен жүруді қалайтын білімсіз « Neet» тұқымдас ұрпақтың болуы мен үшін -жеңіліс!Өмірге деген түбегейлі жеккөрінішпен қарауды жеңіл санайтын,адал еңбектің иісі мұрнына бармайтын,мектепке тек өз уақытын өткізуге немесе сыныптастарын көруге келетін азамат-қараңғы болашақтың көлеңкесі болып қалары анық!
    Мен қолданатын әдіс-тәсілдер:
Алпауыт елдермен тереземіз тең болуы үшін зиялы қауымды дәл осы сәттен тәрбиелеуіміз керек.
-Оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшелігін, мүдделерін және қажеттілігін зерделей отыра үнемі байланыста отырамын;
-Оқушының талантын, ойлау және дене даму ерекшеліктерін дамытуға, жалпы мәдениетін қалыптастырамын;
-Қосымшалардың , үйірмелердің, секциялардың, әуесқой бірлестіктердің жұмыстарын, балалар мен ересектердің қызметтерін ұйымдастырамын;
-білім саласында,көркемдік-шығармашылық, спорттық-туристік бағыттарда жұмыс атқарамын;
-Мерекелерді, саяхаттарды, экскурсияларды,  каникулдық демалысын ұйымдастыру, білім алушылардың бос уақыт, ойын-сауық саласындағы маңызды әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдаймын;
   Жұмысты жетілдірудегі менің ұсынысым:
-Білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы тәрбие үдерісінің бастаушы ретінде қарастыру.
-Еркін қарым-қатынасқа тәрбиелеу, танымдық, еңбектік, құндылық-бағдарлық жүйелерін жетілдіру;
-Тәрбиенің бағыттары бойынша жекелей қарастырылған іс-шаралардың құндылығын жоғарылату;
Ұйымдастырушы педагог ретінде  мәдениет пен коммуникативті қабілеттімнің жоғарғы деңгейде болу керектігін ескеремін,тәжірбие алмасу арқылы өзіме шығармашылық нәтижелер жинақтаудамын!Ұйымдастырушы ұстаз болғандықтан -әр баланың бабын таба отырып, оны мектепке бейімдеу, оқыту проецесін түсіндіру күнделікті әдетім!
 
Шығармашылық туралы әдемі дәйексөздерді бір қарапайым сөзбен айтуға болады — еркіндік.
Күнделікті жұмыс немесе жұмыс сапалы алға жылжып, шығармашылыққа айналғанда, өлім сұмдығы алдыңғы қатардан шығып, өзін-өзі көрсету мен қиялға орын қалдырады. — Л.Толстой
      Шығармаға шабыт берген ұстазбын!
Байсеркенің  мектебінде шығармашыл ұстазбын,
Өз уәдемде берік тұрам,ешуақытта бұзбаспын,
Оқушының қасиетін ашу менің міндетім
Өз сөзіме шабыттанып міне бүгін жыр жаздым!
———————————————————
Тәлімгерлік қабілетім шыңдалуда мектепте ,
Шәкірттерім асығады,өнерімен мектепке,
Сөз өнерін,өз өнерін ортаға кеп салады
Естелік боп қалу үшін оқушы кез әр сәтте!
 
Мемлекетіміз біздің болашағымыз үшін жыл сайын жаңартылған бағдарламалар енгізіп,функционалды сауатты,өз ойын пікірсайыстарда ашық айта алатын,креативті идеялар иесі болуға мүмкіндіктер сыйлауда.Дегенмен де,қатысушы яғни оқушының ынта-ниетін қоса алмасақ біздің еңбек бекер болмақ.Өз тарапымнан біздің мектебімізде жасаланып жатқан жұмыстар тек статистика мен фотоесеп үшін емес екендігін нық сеніммен айта аламын!Мектеп парламенті ұйымында оқушыларымның өнерлі,білікті әрі білімді болуы үшін өз күшімді салудамын.Ұстаз –ұлылықтың бастаушысы,ұлт болашағының жүйесін негізгі құраушы тұлға.Балдырған балаларымыздың өсіп-өркендеу жолында айқындалған сара жолымыздың түзу болуы бізге тікелей байланысты.Педагог-ұйымдастырушы ретінде өз кезегімде мектебіміздің талантты,дарынды,жасампаз ,өнерлі,білімді ,өз ойларын анық айта алатын оқушылар құрамын жасақтап ,жұмыс атқарудамын! Сонымен қатар,мерекелік күндерге арналған іс-шаралар жоғары  деңгейде ұйымдастыру арқылы оқушылардың  ашылмаған қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік беріп жаңа қырларынан көре аламын.Мектеп парламенті ұйымының жетекшісі ретінде болашақта мектебіміздің іргетасында айшықты өзгерістер енгізілсе деймін.Сараптай келе жазатын болсам,оқушылардың күнделікті оқу- тәрбиесінде кемшіліктер болмауы үшін  әр мұғалім және оқушы өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінсе деймін!
Қорыта айтқанда, қазіргі таңда  кез келген баланы шығармашылыққа   бейімдеуге болатыны  дәлелденген. Сенім,  ынта, ниет, жігер, қызығушылық және  байланыс.Осы тіркестер сөз жүзінде іске асса,талантсыз оқушы деген түсінік жойылады. Оқушының шығармашылыққа ынтасы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруға жол ашады.Мен мектеп оқушыларына,олардың қабілеті мен қасиеттеріне,шығармашылық жолына сенемін!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.