“ Христиан діні мәдени ерекшеліктері ”

www.kaznu.kz
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
Философия және саясаттану факультеті Дінтану мамандығының 1 курс студенті Наурызбаева М.А 
Жетекшісі  аға  оқытушы Тунгатова У.А. 
Христиан діні (грек тілінен аударғанда Christos — мәсіхтелген, мәсіх) Палестина жерінде екі мың жыл бұрын пайда болған монотеистік дін. Ислам және буддизммен қатар христиан діні де үш әлемдік діндердің қатарына кіреді. Көне Өсиет және Жаңа Өсиет Қасиетті Жазбалар болып табылады. Христиан дінінің негізгі қағидалары сенімнің тарихи үш нышандарында қысқаша түрде берілген: Апостолдық, Никейлік (немесе Никей Константинопольдық) және Афанасийлік. 
Православие бағытында Апостолдык нышан Никей-Константинопольмен шеттетілген. Бұл Бүкіл әлемдік соборларда Бiрiншi Никейлік (325 ж.) және Бірініші Константинопольдікпен (381 ж.) қабылданды. Христиан сенімінің негізгі бөлігі құдайдың бейнелеуне, яғни адам келбетіне айналыуна, Иса Мәсіхтің адамзат үшін крестегі құрбандылығына, қайта тірілуі мен көкке ұшыуына, Мәсіхтің сөзсіз болашақта екінші мәрте қайтып келіуіне, өлгендердің болашақта қайта тірілуіне және тірілген соң мәңгілік өмір жалғасына сенеді. 
Көптеген христиандықтар құпияларды — Құдайдың рақымы туралы сенушілердің хабарлауға қасиетті іс-шараларды орындау қажеттілігін мойындайды.
Православтықтар мен католиктер жеті құпияны мойындайды: шоқындыру, мира майын жағу (католиктерде — конфирмация), шырша майымен тазару, неке, жалбарыну, тəубеге келу, қасиеттілік. 
Протестанттықтардың көпшілігі тек шоқындыру мен тәубеге келуді мойындайды (алайда мұны карапайым ғұрып ретінде қарастырады).Христиандық конфессияда көптеген бағыттар, ағымдар, деноминациялар бар. Негізгі бағыттары православие, католицизм және протестанттық. 
Христиан дінінің таралуы және мемлекеттік дінге айналуы. 
Христиан діні 20 ғ. дейін әлемде өз үстемдігін жүргізіп, идеологиялық монополияны сақтап келгенмен, христиан шірекулерінің саясаттағы ықпалының құлдырау ғасыры болды. Осыған байланысты олар өз саясатын өзгертуі қажет болып, саясатқа араласудың жаңа жолдарын қарастыра бастады. Қазіргі кездегі кез келген шіркеу иерархы — саясаткер. Дегенмен шіркеулер әлемдегі көптеген бейбітшілік жолындағы күрестерде үлкен роль атқарып келеді. Мәселен, үлкен апаттарға қарсы, ядролық қаруды жоюда т.б.с.с. Бүгінде конфессионалдық ерекшееліктеріне қарамастан христиан шіркеулерінің қайсысы болмасын әлеммн тығыз байланыста болуда белсенділігін көрсетуде. Христиан әдебиеті негізгі 4 жанрдан тұрады: 1. Інжілдер, 2. Апостолдардың арнау- лы хаттары, 3. Апостолдардың iсi туралы жазбалар, 4. Христос өсиеттері. Дiншiлдер олардың ішінен ең маңыздысы Інжілдер деп санайды.
 Христиан дініәлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 миллиардқа жуық ұстанушылары бар. Христиандық православие, католицизм, протестанттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. «Христос» сөзі грек тілінен алынған, мессия, құтқарушы деп аударылады. Көне Өсиетте Иисус Христос болашақта Израиль жеріне келіп, ол жердегі халықты қиыншылықтан құтқаратын, әділеттілікті орнататын пайғамбар ретінде сипатталады. Бұл дін біздің дәуіріміздің 1 ғасырында Помпей шапқыншылығы нан кейін Рим — империясының құрамына кірген Палестинада пайда болды. Палестинаның, әсіресе, оның орталық бөлігі — Самария тұрғындарының этностық құрамы әртүрлі еді. Бұл жерлерге қоныс аударғандар мұнда өз мәдениеттері мен нанымдарының белгілерін ала келді. Жалпы алғанда Христиан дінінің қалыптасу мен таралуы антикалық мәдениеттің дағдарысы мен негізгі құндылықтарының мәнсізденуімен қатар келді. Римдік қоғам құрылымынан беті қайтқан қауым үшін христиан ілімі өте орынды болды. Ол өзінің ізбасарларына ішкі жан дүниені құтқару жолын ұсынды: 
Құдай Патшалығы бұл әлемде орнау үшін бүлінгеннен, күнәһар әлемнен аулақ кетіп, өзінің жан-дүниесіне үнілу, өрескіл тәндік қылықтар орнына қатаң тақуалықты ұсыну, әлеуметтік дәреже мен билікке негізделген тәкаппарлыққа саналы мойынсұнушылықты дәріптеу. Христиан діні өзінің табиғаты жағынан сан қырлы.,әрі жан-жақты болып келеткн христиан мәдениеті-Исус Христос дiнiн қабылдағанбарлық халықтарға тән мәдениет болып саналады. Діннің ұлттық мәдени ерекшеліктерін терен түсіну үшін, оның құндылық бағыттарына да көңіл бөлген жөн, өйткені құндылық бағыттар жеке адамның жан дүниесінің басты элементтері болып табылады. Ол адамның өмірде жинаған бай тәжірибесіне, оның жан-дуниесiнiң толғаныстары мен ішкі сезімдік қасиеттеріне тығыз байланысты болып келеді. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.