Адамды адам еткен — кітап

«Өмір» атты кең қайықта адамзат баласының ең қол жеткізген ұлы игілігі-ол білім мен ғылым. Білім адамнан адамға дәуір асып қалай жетті дейсіз,-әрине «кітап» арқылы. Кітап-тарихтың қайнар көзі, баға жетпес қазына. Кітапты адам баласы қашанда рухани азық ретінде пайдаланды және де әлі де пайдаланып жүр. Кітаппен ғана бүгінгі ұрпақ өткен тарихын танып, білімді бағамдай алады.
Шекспир: «Кітап маған тақтан да қымбат»,-деп бекер айтпаса керек. Дүние жүзіне әйгілі Шекспирдің толасыз еңбектері де бізге кітап арқылы жетті емес пе?! Ендеше, кітаптың құны қаншалықты қымбат екенін осы тұста ұғынсақ болады. Адам мәдеиетті және сауатты болу үшін рухани бай болуы қажет, біз ол рухани байлықты «кітап» атты құндылықтан аламыз. Кітап-ойды дамытып, дұрыс өмір сүруді үйретеді. Ал, Абай атамыз: «Артық білім кітапта»,-деп бізге кітап оқуды аманат етіп кетті. Ұлылар салған дара жолда жүрсек адаспаспыз.
Кітап оқу ешқашан артықтық етпейді. Адамның рухани серігі болған соң, әрдайым өзімізді кітап оқу арқылы жетілдіріп отыруымыз керек. Саналының ақылын арттыратын, білімдіге жол ашатын, білімсізді тәрбиелейтін, тарихты ұғындыратын, адамды адам етер нағыз дос. Кітап оқудың тағы бір үлкен артықшылығы-адам денсаулығына тигізетін пайдасы. Ми мен жүйке жүйесін жаттықтырып, көзге серпіліс береді. Ойлау қабілетін жақсартып, зерек болуға пайдасын тигізеді. Онымен қоса өмірде орын алып жатқан түрлі құбылыстардан сыр шертіп, жауап іздеген жанға қашанда дұрыс әрі нық жауап қататын құрал болып табылады. Кітапты өз басым асыл қазыналардың біріне жатқызатын едім. Себебі кітап артық білімнің өзегі екенін жақсы білемін.
Бүгінгі таңда жастар кітап оқуға ерінеді. Себебі: смартфон мен компьютерлер сананы жаулап алған. Десе де, кітап оқу қайта жанданып келеді. Жастарды кітап оқуға ынтықтыру мақсатында жүлдеге түрлі сыйлықтар ұсынылып, түрлі сайыстар ұйымдастыру бүгінгі күннің трендіне айналған. Бұл дұрыс бастама деп білемін және қолдаймын. Кітап биелген заман туса, әлем әдемілікке толушы еді

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.