Табиғат- адамзатқа қажетті рухани байлық

Табиғат- адамзатқа қажетті рухани байлық, ортақ үй, ортақ мекен.Адам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты.Табиғаттың таза болуы адамның өмірі мен денсаулығына тікелей әсер етеді.Фариза Оңғарсынова айтқандай: «Таза болса табиғат,
Аман болар адамзат».
Табиғатымыз ластанып, адамдар мен жан-жануарларға да зиянын тигізеді.
Қазақ халқы табиғатқа зор құрметпен қарайды.Жұлдыздарға қарап бағыт-бағдар болжаған, түрлі өсімдік пен шөптерден дәрі-дәрмектер жасаған, көптеген ақын-жазцшыларымыз өз шығармашылықтарында табиғат туралы жырлаған.
Табиғат бір жағынан адам денсаулығына әсер етсе, екінші жағынан көңіл күйіне де әсер етеді.Жайқалып өскен гүлдер мен жасыл ортадан өткенде керемет әсерде боламыз.Қыздар қауымына гүл сыйласа да, көңіл күйлері көтеріліп қалатыны сөзсіз!
Жалпы осы табиғат жанашырларының бірі ретінде мен өз анамды айтар едім.Анам үй гүлдері өте қатты жақсы көреді, және өте жақсы күтім жасайды.Жер үйде тұрғанда үлкен бау-бақша өсіріп, гүлдер мен көкөністердің түр-түрін өсіретін.Қазір көп көпқабатты үйде тұрсақ та, сол дәстүрді тоқтатқан емес.Гүлдері солып қалса, жақыны ауырғандай көңілі босайды.Ал біз гүлдерге су құюды ұмытып кетсек, бізге «Сендерге тамақ бермей қойсам қалай болады, оларға да солай, өздерің қаншалықты тамақтансаңдар, гүлдерге де соншалықты су құйыңдар» деп ұрысып отырады.Туған күніне гүл сыйласа, алтын сыйлағандай қуанады.
Менің ойымша, табиғатқа деген құрмет дәл осылай отбасыдан басталады.Анамыздың осындай құрметін көрген біз де дәл солай құрмет көрсетуге тырысамыз.Табиғатты аялап, таза ұстау- біздің жарқын болашағымыздың кепілі!
Сонымен қатар, қазіргі таңда барлығы шет елдерде демалуды жөн көреді.Бірақ өз елімізде де әдемі, ауасы таза, қарасаң көз тоймайтын керемет жерлер өте көп.Еліміздің әр өңірінде табиғаты сұлу жерлер жетерлік.Сондықтан, ең алдымен біз шет елдерге жүгірмей, өз еліміздің туризмын қолға алып, дамытқанымыз жөн деп ойлаймын!
 
Аружан Даиргелденова

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.