Болашақтың цифрлық индустриясын құру

Адамзат өркениеті күн сайын жетіліп келеді. Заманға сай жаһандық дамудың біршамасы осы цифрлық жүйеден. Цифрлық жүйе дегеніміз — қоғамға ыңғайлы, қолжетімді етіп, барлық саланы интернетпен қамту. Мысалғы: жеке куәлікті ұлы телефон арқылы «digital» формат түрінде пайдалану
Экономиканың жан – жақты дамуына сандық жүйенің ықпалы зор. Бұл туралы алғашқы қаулыны Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы жариялаған болатын. Елбасы, өз жолдауында цифрлық индустрияны дамыту басқа да барлық салаларға серпін бермек. Сондықтан Үкімет ІТ – саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауы тиіс. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты ғылыми – техникалық инновацияларды қолдау, оларды күнделікті әлеуметтік экономикалық өмірімізге енгізуде жаңа форматты үйреніп, белестерді бағындыру туралы айтқан болатын.
«Цифрлы Қазақстан» жобасының негізгі 4 бағыты бар: Бірінші бағыт – ауыл аймақты интернетпен қамтып, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру. Екінші бағыт – экономикалық салаларға цифрлы технологияны енгізу. Үшіншісі мемлекеттің органдардың жұмыс сапасын арттыру. Төртіншісі – ІТ мамандарын даярлау.
«Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасы жарияланғаннан кейін, оның артықшылығы мен қандай мүмкіндіктері бар жөнінде БАҚ жарыса жазғаны мәлім.
Цифрлық жүйенің бірнеше артықшылығын қарастырайық. Бұл бағдарламаның ел тұрмысын жақсартуда әл – ауқатын көтеруде біршама рөл ойнайды. Себебі біз осы жүйе арқылы коррупциядан алшақ боламыз.
Заманның дамығаны соншалық ендігі кезек ауылшаруашылық өнеркәсібіне де енгізді. Мал басына «чип» орнатты. Бұл өз кезегінде мал ұрлығы мен оның қайда жерде жайылымда жүргенін үйде отырып анықтай аласыз.
Бағдарламаның мемлекетке біршама пайдасы бар. Бұрын өнеркәсіпте 400 – 600 кг астық алатын болсақ, цифрландырудың арқасында астық 4 тоннаға өскен. Статистикаға сүйенсек «Ақпараттық қоғам» мәдени әлеуметтік болмыс, жаһандық динамиканың қалыптасу кезеңі десек те болады. Медиа бұл ақпарат таратушы құрал. Жоғарыда атап өткендей әлеуметтік құралдар, медиалар т.б интернетпен жабдықталған.
Масс — медиа – бұл бұқаралық коммуникация құралдары деген мағынаны білдіреді. Коммуникация құралдарына телевидение, интернеттегі ақпараттар, әр түрлі сайттар мен әлеуметтік желілердегі байланыстар кіреді. Қоғамдағы рухани және экономикалық саланың басым бөлігі осы масс – медиаға қарайды. Олардың маңыздылығы кешегі орнаған карантинде айқын байқалды.
Медианы дамыту ретінде, жаңа қаулыға сай 2017 жылдан бастап e.gov сайтына біліктілік арттырып, жаңа технологияларды үйретіліп келеді. Ендігі кезекте халық бұрынғыша ұзынсонар кезекте тұрмай, үйден шықпай сайттан құжаттарын рәсімдей алады. Осы оқытулардан кейін статистикаға сүйенсек; 2017 жылы халықтың 3,8 игеріп шыққан екен.
Алдағы мақсат халықтың 80% сауаттандыру көзделіп отыр.
Қазақстан цифрлық даму алғаш егеменді ел атанған кезде келді десем артық болмас. Оған дәлел мектептерде компьютерлік сыныптар ашылып, барлық жұмыстың күші компьютерге жүктелді. Ақпаратты тасымалдау да сақтау да нақты жолға қойылған кезеңдердің бірі болды.
Жеті миллиард халықты тентіреткен індеттің кесірінен, дәстүрлі оқудан ауытқып онлайн форматқа ауыстық. Алайда, «Цифрлы Қазақстан» әлі де сын көтермейді. Ауылдық жерлерде интернетпен байланыстың болмауы, компьютерлік құралдар жетіспеушілігі, банкоматтық жүйелердің болмауы проблемалар туғызып жатыр.
Цифрлы медианың негізгі мақсаты: барлық ақпарат құралдарын онлайн форматта тарату болып табылады. Адамдар көп шоғырланатын жерлерде әдеби әңгімелер айтылып, еріксіз қоғамда таратылып жатыр. Сондықтан да кітаптар – электронды түрге айналса, мәдени мұраларды қашықтықтан көруге арналған 3D сайттар жасалған. Арнайы сілтемені басу арқылы мұражайларға саяхат жасай аламыз. Әлемнің кез – келген нүктесінен тікелей эфирде көрсетілім көре аламыз. Мұның бәрін дамыған цифрлы медиа – мәдениет деп айтар едім. Айшылық алыс жерлерден, желден де тез хабар жеткізіп, әрі ақпараттануға көмегі зор. Біз бұл арқылы әр елдің мәдениетін, дәстүрін, сөйлеу мәдениетін, рухани құндылықтарын игере аламыз. Шыққан тегімізді «Шежіре» деп аталатын қосымшадан біліп, кім екенімізді тани аламыз. Әр заманның өзіндік дамуы болса, бүгінгі заманның талабы ретінде цифрлы Қазақстан жобасының масс – медиа арқылы рухани әрі материалдық дамып, әлемге танытып, кеңінен насихаттауға бағдарламаның үлесі зор болмақ.бұрынғыдан салыстырғанда бюджет шығыны 3 есеге азайған. Бұл уақыт пен шағынды үнемдемек
«Болашақтың цифрлық индустриясын құру» — адами капиталды дамытудың жаңаша көрінісі. Бағдарламада 2018 – 2022 жылдар аралығында бірнеше жоспар құрылған. Солардың бірі «ақылды қала», «ақылды ұлт» деп аталады.
«Ақылды қала» арқылы Қазақстанның негізгі ірі қалаларына енгізуді жоспарлап отыр. Соған сәйкес әр қала өзіне қажетті бағытты таңдап отыр. Нұр – Сұлтан қаласы әлеуметтік қауіпсіздікті алса, Алматы шаһары – кептеліс болдырмау үшін, көлік саласын тиімді басқаруды таңдаған. Еліміздің шығысы – экология мен бизнесте таңдаса, мұнайлы батыс – қоғамның салауатты өмір салтын қалыптастыруды таңдаған. Жобаны іске асыру үшін ақпараттық технологияларды пайдаланып, болашақта жақсы жетістікке жетуге жәрдемдеспек. Қазіргі кезде осы жобаның аясында бірнеше «смарт» шаралар қолға алынған. Смарт – емхана, смарт – мектептер, смарт – билеттер мен төлемдер, смарт -көшелердің жарықтануы, қауіпсіз қала жобалары жүзеге асырылып, біршама тиімділіктерін көрсетіп жатыр. Болашақта деп жоспарланған жобалар, келіп жеткен кеселдің әсерінен мерзімінен бұрын іске қосылды. Ендігі кезекте аялдамаларда адамның көп шоғырланатын жерлерде тегін «Wi – Fi» қондырып, халықты кез келген уақытта интернетпен қамтамасыз етпек.
Бұл жүйелер дамыған елдерде бұрыннан бар. Сондықтан да жас мемлекеттерге қарағанда дамыған мемлекеттер біршама алда. Экономикалық және рухани мәдени жағынан басып озып тұр.
Барлық саланы цифрландару адамзат баласына өте тиімді дүние болмақ. Қазақстан осы қарқынмен әрмен қарай жалғастырса экономика жағынан алда болмақ. Себебі, еліміз табиғи құндылықтарға бай. Осыны пайдаланып, жүйелі жүргізсе дамыған ондық елдің қатарына кіре аламыз. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы арқылы болашағымыз жарқын болмақ. Бүгінде цифрландыру экономика дамуының негізгі трендтерінің біріне айналып отыр. Цифрлық технологияларды дамыту бүкіл Еуразиялық экономикалық кеңістіктің басымдығы деуге де болады.
Қазақстанда технологиялардың қарқынды өсуінің және қызметтер көрсетудің электрондық форматына қайта бағдарлануының негізгі тетігі болатын «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы әзірленгендігі белгілі.
Тұжырымдаманы әзірлеушілер атап өткендей, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары экономиканың даму қарқынын жеделдету және орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ экономиканың ұзақ мерзімді перспективада болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшуі үшін жағдай жасау болып отыр.
Аталған бағдарламада дамудың екі бағыты бойынша қозғалыс болжануда: алғашқысы — қолданыстағы экономиканы цифрландыру, яғни нақты сектордағы нақты жобалардан тұратын прагматикалық стартты қамтамасыз ету, экономиканың қолданыстағы салаларын, мемлекеттік құрылымдарды цифрландыру және технологиялық қайта жарақтандыру жөніндегі жобаларды іске қосу және цифрлық инфрақұрылымды дамыту.
Екінші бағыты — болашақтың цифрлық индустриясын құру — ұзақ мерзімді орнықтылықты қамтамасыз ету, адами капиталдың даму деңгейін арттыру, инновациялық даму институттарын құру және тұтастай алғанда цифрлық экожүйені прогрессивті дамыту есебінен елдің цифрлық трансформациясын іске қосу.
Бұл тұжырымдаманың негізінде бес негізгі бағыт бар
біріншісі- экономика салаларын цифрландыру, яғни – еңбек өнімділігін арттыратын және капиталдандырудың өсуіне әкелетін серпінді технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, экономиканың дәстүрлі салаларын қайта құру.
Екіншісі — электрондық қызметтерді дамыту бағыты.
Үшіншісі — цифрлық мемлекетке көшу, халыққа және бизнеске қызметтер көрсетудің инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын оның қажеттіліктерін алдын ала болжай отырып, қайта құру бағыты.
Төртіншісі — цифрлық Жібек жолын іске асыру — яғни деректерді ұсыну, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдықты және қорғалған инфрақұрылымын дамыту.
Бесіншісі — адами капиталды дамыту – жаңа болмысқа — білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам деп аталатын қоғамды құруды қамтитын қайта құру бағыты.
Бағдарламаның бенефициары бүкіл халық, бизнес және мемлекеттік органдар болады, өйткені ол тыныс – тіршіліктің барлық салаларына әсер етпей қоймайды. 2022 жылға қарай цифрландыру есебінен 300 мың жұмыс орны құрылады деп болжануда.
Мемлекеттік бағдарлама авторлары қазіргі заманғы қолжетімді телекоммуникациялық инфрақұрылымсыз Қазақстанды әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікте орнықтыру мүмкін еместігін айтқан еді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қолжетімділік цифрлық экономиканы құрудың негізі болып табылады.
Халық пен бизнесті желіге толық қолжетімділікпен қамтамасыз ету үшін қалалар мен облыстарда телекоммуникациялық инфрақұрылым құрылды; алайда, бүгінгі күні ол ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандырмай отырғандығы жасырын емес. Цифрлық теңсіздікті төмендету мақсатында ауылдық елді мекендерді кең жолақты қолжетімділік желілерімен неғұрлым сапалы және жан-жақты қамтамасыз ету қажет.
Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, 2007 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі Дүниежүзілік экономикалық дағдарыста, басқа салаларда тоқырау болған кезде, экономикалық даму және Ынтымақтастық Ұйымы елдеріндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жұмыс орындарының саны әлемдік экономикаға үлес қоса отырып өскен болатын
Цифрландыру саласының ерекшелігі — ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ұлттық экономиканың басқа салалары үшін нәтижелерге және оң экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге өз үлесін қоса отырып, қазіргі заманғы бизнестің маңызды бөлігін құрап отыр. Екінші жағынан, ақпараттық технологияларды енгізу киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиімді шаралар қабылдауды талап етеді.
Цифрландыру барлық секторларға ықпал ете отырып, шикізаттық емес салалардың әлеуетін әртараптандыру және ашу, стартап — белсенділікті ынталандыру және жаңа салаларды ашу арқылы тұтастай алғанда Қазақстан экономикасы құрылымының өзгеруіне алып келеді.
Павлодар облысында цифрландыру шарасы барлық бағытта бірдей атқарылып жатыр. атқарылып жатыр. Ел үкіметі өткен жылы 12 желтоқсанда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекітіп, өңірлерге цифрлық технологиямен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлес қосуды және осы арқылы қарапайым халықтың өмір сапасын Жақсартуды жүктеді.
Мемлекеттік бағдарламаны алға ілгерілетуде Павлодар облысы өзге облыстардан көш ілгері тұр Енді цифрландыру өмірімізге енді, .Бұл тек бастамасы, болашақта Қазақстан жаңа «цифрлық» дәуірге қадам басайды .
 
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Цифрлық медианы басқару 2 курс
Әділ Әлфира
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.