Ән көңілдің ажары

Әннің де естісі бар есері бар, тыңдаушының құлағын тесері бар деп дана халқымыз айтқандай, қазіргі таңда желіде саңырауқұлақтай қаптаған жас әншілердің қазақ эстрадасына араласуы, талғамы терең тыңдарманның көңілінен шығып жүр. Дегенмен әндердің сөзіне мән берер болсақ тым жұтаң, жалаң десек те болады. Көпке түгел қара жағып қажет емес, десек те кейбір әннің әр сөзіне түгел мән беріп, назар салатын болсақ, келіссіз ұйқас пен мағынасыз, таптаурынды сөздердің куәгері боласыз.
Бір қуантарлығы қазіргі кезде әннің жазылу стильу өзгеріп, мол ізденістің арқасында жасалған оранжировка мен музыка тыңдар құлаққа майдай жағымды әсер береді. Жас әншілер Qanay, Kalifarnia, Raim сынды әнші жастардың әнін, өз замандастары түгілі, жоғары буын адамдарының да көңілінен шығып жүргенін байқауға болады.
Бүгінгі таңда Қазақтың өлмес әндерінің репертуарына еңген Шәмші әндері, ретро әндер, халық әндері жоғары тыңдалымға ие болып өздігінше жаңарып жатыр. Кейбір креативті жастар өздігінше өңдеп, каверлар түсіріп тыңдарманға жаңа қырынан жеткізіп жүргені қуантарлық іс, игі бастама.
Кезінде шоу-бизнес алға басып, қазақ эстрадасына той әндері көптеп жазылып жүрген уақытта бауырлас қырғыз, түрік, өзбек әндеріне барымта көбейіп, ұрланған әндердің саны көбейіп кеткен болатын.
Бұл әрине бірінші кезекте қазақта ән жазатын композитор жоқпа деген сауал тудырды.
Шөпте өлең, шөңгеде өлең, бұтада өлең демекші тойдан сұраныс арттыру үшін мәнсіз әндер көптеп жазылып, той арасында желдей есіп, әншілердің қалтасын өсірген болатын.
Одан бергі уақыт нақты жастардың стильінде Корейлік K-Pop жанрын қазақша жанрда астастырып 91 атты топ Q-Pop атты сахнада пайда болды.
Алғашқы уақытта топтың киіну стильіне байланысты, бұл топқа наразылықтардың саны артып, заманауи тілде хейтерлар саны көп болды. Дегенмен жаңа стильде, жаңа бағытта құрылған топ бүгінгі таңда өз актуалдылығын жойған жоқ.
Жалпы бұл топтың басқалардан артықшылығы креативті идеяның мықтылығында еді. Әрі түсірілген бейнебаян мен жазылған ән өте жоғары деңгейді танытты.
Кейіннен шоу-бизнеске Q-Pop араласып дәл осы Q-Pop стильіндегі топтар саны жедел өсіп кетті.
Қазіргі тыңдарман әншілерден жоғары деңгейдегі сапалы ән күтеді. Мысалы жас әнші Мирас Жүгінісов 2021 жылдың үлкен жаңалығы болғандай. <Сен туралы>, <зымыран>, <шыда>сынды әндері бірінен соң бірі жазылып, тыңдарман көңілінен шығып, жоғары бағаланды.
Қазіргі жазылып жүрген әндерге тек Қазақстандағы тыңдармандардың емес, күллі ТМД мемлекеттерінің де назарын аударуда. Әлі талай жақсы әндер жазылып, қазақ өнерінің үлесін жаңартады деп сенемін.
Қазағымда есті әндердің саны артып, ескі әндеріміз өшпесін.
                            Джандауов Нурдаулет

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.