Процеттерге есептер шығару

  • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
    5.4. А  Процент (12 сағ)
    Мектеп: Ақтөбе қалалық физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
    Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Слемгалиева Айнур Жандарбековна
    Сынып: 5 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
    Сабақ тақырыбы Процентке мәтіндік есептер шығару
    Сабақтың түрі Бекіту сабағы
    Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.5.2.6 процентке мәтіндік есептер шығару
    Сабақ мақсаты Проценттерге мәтіндік есептер шығару біліктіліктерін бекіту
    Бағалау критерийлері
     
    Оқушы мақсатқа жетті, егер:
    ·         Берілген санның процентін табу және проценті бойынша санды табу формулаларын біледі;
    ·         Формулаларды мәтіндік есептер шығаруға қолдана алады.
    Тілдік мақсаттар
     
    Оқушылар:
    Процентке арналған мәтіндік есептерді талдайды және реттеп жазады.
    Пәнге қатысты лексика мен терминология:
    Процент, проценті бойынша сан, берілген санның проценті, екі санның бүтін бөлігінің проценті, проценті қолдануға мәтіндік есептер.
    Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
    Берілген санның процентін табу үшін:….
    Проценті бойынша санды табу үшін…
    Құндылықтарды дарыту Оқып білу дағдысы, ақпаратты өздігінен табу, жағдайды сараптау, жаңа жағдайларға қалыптасу, мәселе қойып және шешім қабылдай білу, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу
    Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған жұмыс негізінде жасалынады.
    Пәнаралық байланыстар Процентке байланысты білім, білік және дағдылары химия, экономика пәндерін оқу барысында қажетті, өмірде қолдануда практикалық маңызды болып табылады
    АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақтаны презентация таныстыру үшін қолдану, тақтаны жазу құралы ретінде қолдану.
    Бастапқы білім Шамалардың қатынасын, үлес, жүзден бір бөлігі, процент ұғымдарын біледі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.