Спорт-денсаулық кепілі

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы.
№16 «Аққайың» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі,
Амангалиева Улболсын Жумагуловна.
 Тақырыбы: «Спорт-денсаулық кепілі.
Мақсаты: Салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналысудағы әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану.
Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Ептілікке, шапшаңдыққа, салауатты өмір салтына, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Сайыс тақырыбы, жар қағаздары, эмблема.
Керекті құралдар: Кеглилер, боулинг доптары, жалаушалар, доптар, арқан.
Барысы.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар , ұстаздар және бүлдіршіндер! Бүгінгі «Балапан» ортаңғы тобының «Спорт-денсаулық кепілі» атты спорттық сайысына қош келдіңіздер!
Әр таңды бақытпен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Ортаға сайысқа қатысатын «Тұлпар», «Қыран» топтарды шақырайық.
Бүгінгі сайысымыздың әділ қазылары:
Меңгеруші: Ермағанбетова М.С
Әдіскер: Г.Әлібекқызы
Медбике: Сматова.Б
 
Енді сайыс бөлімімен таныс болыңыздар.

  1. Кім жылдам?
  2. Боулинг.
  3. Кедергілерден өту.
  4. Кенгуру.
  5. Арқан тартыс.

 
Топ ұрандары         
 
«Тұлпар» тобы
Желмен бірге жарысқан
Тұлпар қалмас жарыстан.
 
«Қыран » тобы
Қырандай күшті қанатты
Біз өрендер талапты.
 

  1. «Кім жылдам?»

Шарты: Балалар белгіленген жерге дейін жалаушамен жүгіріп қайтады.

  1. Боулинг.

Шарты: Балалар қатар қойылған кеглилерді құлатуы қажет.
 
 

  1. Кедергілерден өту.

Шарты: Балалар кедергілерден шатаспай өтіп жүгіріп қайтуы керек.

  1. Кенгуру.

Шарты: Допты аяқтың қылтасына қысып алып екі аяқпен секіріп белгіленген жерді айнала, қайтарда допты қолға ұстап жүгіру.

  1. Арқан тартыс.

Шарты: Екі топ балалары арқан тартысады.
Тәрбиеші:
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады, — деп сөзді әділқазыларға береміз.
Сайыскерлерді марапаттау.
Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп рақмет, сау болыңыздар!
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.