«Денсаулық-зор байлық!»

Нағыметова Гүлмира Әлібекқызы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
№16 «Аққайың» бөбекжай-балабақшасы
Тақырыбы: «Денсаулық-зор байлық!»

Балалар екіге бөлініп тұрады. Ақ түсті, сары түсті спорттық киім киген.
Жүргізуші:
Бала өсірген ата-ана, бала болып ойнайды,
Бала тәрбиелеген тәрбиеші, бала болып ойлайды, -дегендей, бүгін біз «Балапан» тобының «Денсаулық-зор байлық!» спорттық іс-шарасын бастаймыз. Сайыс түрінде өткізетін болғандықтан, сайыс кезеңдерімен, әділ-қазылармен таныстырайын.
Кезеңдермен таныстыру.
1-кезең «Кім жылдам?» ойыны.
2-кезең «Жүйрік пойыз» ойыны
3-кезең «Шалқан»ойыны
4-кезең «Үңгірден өт» ойыны
5-кезең «Сақина салу» ойыны
6-кезең «Капитандар сайысы»
7-кезең «Желаяқтар» ойыны
Әділ-қазы алқасымен таныстыру.
Жүргізуші:
Топ болып біз жүрейік,
Ойнайық та6 күлейік,
Достық деген тамаша,
Міне, тұрмыз жараса, -дегендей, екі топ өздерін таныстырсын.
Таныстыру.                                                                                                                           
Топ ұраны.
Жүргізуші:
Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса, мың атта,
Аздық етер оның да,
Жету үшін мұратқа -дей отырып, ойын кезеңдеріне кезек берейік.
1-кезең «Кім жылдам» ойыны.
Ойынның шарты: екі тізенің арасына допты қысып доп салатын кәрзеңкеге дейін секіріп допты қалдырып, секіртпемен орнына секіріп келу.
2-кезең «Жүйрік пойыз»ойыны
Ойынның шарты: ойыншылар бір қатарға тұрады. Оң қолдарын алдындағы ойыншының иығына қойып, сол қолдарымен сола яқтарын жерден жоғары көтеріп кедергілер арасымен секіріп орындарына келеді.
3-кезең «Шалқан»ойыны
Ойынның шарты: команда  капитаны кедергілер арасынан жүгіріп орнына келеді де, кезекпен өз тобын бір-бірден жинап жүгіреді.
Жүргізуші: Музыкалық үзіліс.
«Гимнасттар»биі
Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Ептісі деп сайыстың жүрейікші.
4-кезең «Үңгірден өт»ойыны
Ойынның шарты: ойыншылар бір-бірден үңгір астынан өтеді.
5-кезең «Сақина салу»ойыны
Ойынның шарты: Құрсауды басынан киіп аяқпен шығару.
6-кезең «Капитандар сайысы»немесе төмпешіктен төмпешікке ойыны
Ойынның шарты: құрсаулардан секіріп оларды белге жинау.
7-кезең «Желаяқтар»ойыны
Ойынның шарты: белгілі бір алаңды жүгіріп орнына келу.
Жүргізуші:
Қызықты өтті бүгінгі сайысымыз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталсын көңілді жарысымыз.
Марапаттау: Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау.
Жүргізуші:
Жарқын шаттық заман болсын,
Отбасымыз аман болсын.
Сыйластық пен бірлік болып,
Әрқашанда орта толсын.
Осымен, «Балапан» тобының «Денсаулық-зор байлық атты спорттық іс-шарасы аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.