«Реттік санауды ажырату»

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Математика негіздері
Тақырыбы: «Реттік санауды ажырата білу»
Мақсаты: Сандық және реттік санауды ажырата біледі. «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап бере алады. Геометриялық фигураларды тауып ажырата алады.
Ресурстар: 1-5ке дейінгі сандар
Кіріспе
Шаттық шеңбері
Қуанамын менде
Қуанасың сенде
Қуанайық достарым
Жарқыраған күнге
Сәлембердік көк аспан
Сәлембердік Жер Ана
Сәлембердік апайлар
Сәлембердік достарым!
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар! Көңіл-күйлерің қалай? Бүгінгі ҰОҚ өте көңілді өтеді деген ойдамын. Ендеше жыл мезгілін сұрайын. Көктем мезгілі неше айдан тұрады.
Балалар: 3 ай (наурыз,сәуір,мамыр)
Тәрбиеші: өте жақсы жарайсыңдар!
Мысалы балалар көктем айының ерекшеліктерін атап өтейікші. Ауа-райы қалай не өзгерістер бар. Далада көктем мезгілінде нелер ұшып келеді?
Балалар: қар еріп, жер балшық күн жылынып құстар ұшып келеді
Тәрбиеші: балалар тақтаға қарайықшы не тұр екен?
Балалар: көбелек
Тәрбиеші: ия дұрыс айтасыңдар. Сол көбелектің неше қанаты бар.
Балалар. 4 қанаты 1 денесі бар.
ПЖО: «Көбелек»
Шарты: көбелек қанатында жасырылған сандарды тауып ретімен орналастыру. (4 к моделі, сыни ойлау)
Реттік санаудың сұрақтары «қанша?», «нешінші?» болады.
ІІ ойын құрылымдалған ойын «Есте сақта!»
Шарты: көптеген қызықты көрнекііліктерді ортаға тастап, балалар өздері ретімен санап қойып шығады. «креативтілік 4К моделі)
Тәрбиеші: енді сәл серігіп алайық
Бас бармағым-атам
Балаң үйрек-әжем,
Ортан түйрек-әкем
Шылдыр шүмек –анам
Кішкентай бөбек-мен
Жарайсыңдар біз 5 саусағымызды атын атап ретімен санап шықтық
ІІІ ойын Еркін ойын «Қобдиша»
Балалар шеңбермен тұрады. Қорпашаны лақтыру арқылы шыққан санды атап сол сан бойынша шапалақ соғады.
Тәрюиеші: Балалар сонымен бүгін ҰОҚ-де реттік санауды үйрендік.Жарайсыңдар! Мадақтау.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.