Ана гүл

«Аяулым» бөбекжай бақшасы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Ана гүл, анажыр, анаөмір шуағы»
 
 
 
 
Тобы: Ұлан
Тәрбиешісі: Тәңірберген Нағима Орынбайқызы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Нұр Сұлтан 2022 жыл
 
 
Ұлан тобының
«Ана – гүл, ана — жыр, ана — өмір шуағы» атты
8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
 
Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Ардақты әжелер, аяулы аналар, қызғалдақ қыздар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана — жыр, ана — өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Презентация
 
Жүргізуші:
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды.
Бүгінгі мерекемен құттықтайық
Ұйытқысы жанұяның берекеміз
Аналар құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан аналарымыз аман болсын
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз
Көңілді музыка ойналып залға балалар кіреді.
 
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеде біз өз өнерлерімізді аналар мен әжелерге арнап, жылы лебіздеріміз бен махаббатмызды әнмен және бимен жеткіземіз. Сонымен қатар түрлі тапсырмаларды орындауға тырысамыз.
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы мына жерде қызық кітап тұр. Ол кітап сиқырлы екен, онда не бар екенін білу үшін оны ашып көрейік.
1 бетте ♫
Жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
«Аяулы анашым» әні
 
Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік. 2 бет
Баланың да тірегі
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын, мейрамың,
Құттықтаймын анашым!
 
Би: «Қуыршақтар»
 
Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік. 3 бет
Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі баланың,
Анаға айтар лебізі.
Анасыз жоқ бір күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің.
Ұсынамыз біз бүгін,
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
 
Ән: «Әже туралы ән»
 
Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік 4 бет
Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Мерекеде қыздарға
Достық биін арнаймыз
Біздің ұлдар өз билерін аналарымен әжелеріне және топтағы қыздарға да арнайды.
 
Би: «Жігіттер биі»
 
Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік 5 бет
Сегізінші наурыз келді
Шаттық сезім ап келді
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймын сіздерді!
 
Ойын: «Сыпырғыш пен шар»
Балалар сыпырғыштың көмегімен шарды кедергіден өткізу.
 
2 ойын: «Гүлзардағы гүлдер»
Балалар гүлзарға гүлдерді жылдам жинау керек.
 
Жүргізуші: Енді соңғы бетті ашып онда не жасырғанын білейік
Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.
 
Тақпақтар
Балалар кезектесіп тақпақтарын айтып, өз сыйлықтарын аналарына сыйлайды.
 
Жүргізуші:
Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
 
Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды, қымбатты да аяулы аналар мен әжелер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздерсіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.