«Алтын жапырақ төккен күз» ,«Күзгі жапырақ».

Білім беру салалары: Таным,шығармашылық.
Ұйымдастырылған  оқу қызметі: Жаратылыстану, мүсіндеу.
Мақсаты: Күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын (жапырақтардың түсуін) бақылап, жапырақтың бойындағы дымқылдың болуын, құрғап үгітілуін, қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылықтарын арттыру, командамен жұмыс жасауға үйрету, шығармашылық  дағдыларын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер: 4К-моделъ жұмыс,тәжірибе, «Ашық микрофон», «Ерекше  отшашу», «Басбармақ» дәстүрден  тыс мүсіндеу,әдіс-тәсілдері.
Көрнекіліктер: Сары, қызыл, жасыл түсті жапырақтар.
Қажетті құрал- жабдықтар: Жапырақтар, зертханалық үлкейткіш әйнек, тұзды  қамыр, тақтайша, кескіш,оқтау,балауыз  шам.
Технология  түрі: Ойын  технологиясы.
Барысы:
Күлім қағып жүзіңнен,
Бір, екі, үшдеп соғайын.
Қарап тұрған көршіме
Мен қолымды созайын.
Ыстық алақаныммен
Бер қолыңды, қысайын.
Амандасып өзіңмен,
Құшақтасып алайын.

  • Балалар, бүгінгі күндеріңіз көңілді, сәтті өтсін!

 
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, жақында ғана айналаның бәрі жап- жасыл еді, ал, қазір ағаштардың жапырақтары сап –сары болып кетіпті. Күз мезгілінде осындай өзгерістер болып, жапырақтар сарғайып жерге түседі. Себебі күннің сәулесі азаяды, күн қысқарады, ауаның температурасы мен ылғалдылығы төмендейді. Сол кезде жапырақ өз бойындағы нәрді бұтаққа береді де, жапырағы үзіліп жерге түседі.

  • Ендеше ,балалар, жапырақ туралы қызық мәліметтерді білу үшін жапырақтарға назар аударайық.

Балалармен  бірге  жапырақатардан  бірнеше тәжірибе жасап көрейік.

  1. Тәжірибе: Балалар жасыл жапырақты қолдарына алып умаждаған кезде, ол өз пішінін сақтап қалады. Себебі оның бойында дымқыл бар. Сары жапырақты умаждаған кезде ол үгітіп шашылады. Себебі оның бойында дымқыл жоқ, құрғақ. Сондықтан ол үгітіліп, шашылып өзінің бастапқы қалпына келе алмайды.
  2. Тәжірибе: Балалар қазір біз жапырақтардың жануын, жанбауын бақылаймыз. Сары құрғақ жапырақты жақсақ ол жанады. Жасыл жапырақты жақсақ жанбайды, бойында ылғал бар.

Ал, енді балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

  • Ойын ойнағыларың келе ма?
  • Ендеше біз фишкаларды таңдау арқылы, өз орындарымызды табайық.

Педагог жетекшілігімен ойын «Сиқырлы жапырақтар»

  1. Қураған жапырақтарды жылы суға салып, қалпына келген жапырақты түстеріне қарай қыстырғышпен ілу.
  2. Үлкейткіш әйнекпен жапырақтардың ұсақ тамырларын көру.
  3. Тұзды қамырды тақтайша бетіне жайып, жапырақты қамырдың  бетіне қойып, ермексаз кескішімен жапырақты  қиып аламыз.
  4. Жапырақтардан гербарий  жасаймыз. Слайгер пакетіне  балалар жапырақтарды орналастырып, слайгер пакетінің аузын жабады,слайгер пакетінің үстіне аққағазды  қойып, ыстық үтікпен бастырамыз.
  • Қане, балалар, жұмысымызды аяқтап болсақ, дымқыл сүрткішпен қолымызды сүртейік.
  • Балалар, сендердің жасаған жұмыстарың маған қатты ұнады, сендерге «керемет» деген баға беремін.

«Отшашу» әдісі.
Құрылымдалған  ойын: «Көлеңкесін тап»
Шарты:   Көлеңкесіне қарай суреттерді орналастыру.
Постер қорғау: 2 топқа бөліну.

  1. Күзгі табиғат құбылыстары.
  2. Күзгі жемістер.

Қорытындылау «Ашық микрофон» әдісі.

  • Жасаған тәжірибеміз ұнадыма?
  • Қандай тәжірибелер жасадық?
  • Қандай ойындар ойнадық?

 
 
 
 
 
 
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.