Көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындау

Мұғалімнің аты-жөні: Оспанова Айгуль Балтабаевна
Пән/Сынып: Математика, 4-сынып
Қай аптаның нешінші сабағы ІІ апта, 6-сабақ
Тарау немесе бөлім атауы: 1(А)-БӨЛІМ  КӨПТАҢБАЛЫ САНДАР НУМЕРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН АМАЛДАР ОРЫНДАУ
Сабақтың тақырыбы: Көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындау
Оқу мақсаты: 4.1.2.5 Көптаңбалы сандарды ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау; микрокалькулятордың көмегімен есептеулер жүргізу
Бағалау критерийі:  Көптаңбалы сандарды ондық құрамы негізінде қосады және азайтады
Микрокалькуляторды қолданып есептейді
Саралап оқыту тапсырмалары
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
 
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
Уақыты Кезеңдері Тапсырма Тапсырманың мақсаты Бағалау Ресурстар
 1 минут Ұйымдастыру -Сәлеметсіз бе?
«Төрт сурет бір сөз» әдісі арқылы бүгінгі сабағымызды бастайық…
Ненің суретін көріп тұрсыз?
абак, есепшот, арифмометр, калькулятор — есептеу құралдары:
— Ендеше, көптаңбалы сандарды калькулятордың көмегімен қосуды және азайтуды үйренесің.
 
Не меңгеретінін білу үшін   Презентация № 1бет
 
Презентация № 2бет
7-8 минут Жаңа сабақ 72 536 000 – 30 000 = 72 506 000 Нөлдермен аяқталатын көптаңбалы сандарды ауызша азайту үшін, алдымен оларды кластарға бөліп аламыз. Көптаңбалы сандарды ондық құрамы негізінде азайтамыз.
 
72 536 985 + 96 730 852 түріндегі қосындының мәнін қалай тез есептеуге болады?
 
Үлкен сандармен орындалатын есептеулерді калькулятормен есептеген ыңғайлы. Калькулятор(лат. calculator – есептеуіш) – шағын есептеуіш құрылғы.   Бұл құрылғыларды қайдан көрдіңіз?
 
Қазіргі Қазақстан цифрлы Қазақстан. Барлық адамдар электронды техника жетістігін қажетті деңгейде меңгеріп отыр.
Ғалымдар бірнеше жыл бұрын Қазақстан халқының 15 жастан асқан тұрғындарының компьютерді меңгеру деңгейін анықтады.
— Сол уақытта барлығы қанша адам мәтінді редакциялауды, электрондық поштаны қолдануды меңгергенін есепте. Кестеден тағы қандай ақпараттарды алуыңа болады?
4 126 991 + 2 493 122 = 6 620 113 адам
Сол уақытта барлығы 6 620 113  адам мәтінді редакциялауды, электрондық поштаны қолдануды меңгерген екен.
4 126 991 + 2 493 122 + 2 207 635 = 8 827 748 адам жалпы компьютерді меңгерген.
—   Жарайсың! Қандай қиындық болды? Әрине еш қиындық болмады деп ойлаймын.
—   Калькулятор адамдардың жұмысын жеңілдетеді.
 
Жаңа тақырыпты меңгеру   Презентация № 3,4бет
8 минут
 
 
Тәжірибе 1-тапсырма: Өрнектің мәнін ауызша есептеу тәсілін көрсете отырып шығар.
 
25 325 009 + 600 000 = 25 925 009  Алдымен кластарға бөліп алып, есептеуді орындаймыз.
 Өзіңді тексер
Жарайсың, көптаңбалы сандарды ондық құрамы негізінде ауызша қосып, азайтуды орындай алдың
 
2-тапсырма: Калькулятордың көмегімен есептеңіз.
   Қашықтықтан оқу кезінде демеушілер мектеп үшін келесі заттарды сатып алды:
бағасы 120 360 тг принтер
бағасы 12 400 тг пернетақта
бағасы 48 000 тг колонка
бағасы 130 600 тг ноутбук
Демеушілік көмек барлығы қанша теңгеге жасалды?
 
    120 600 + 12 400 + 48 000 + 155 000  = 336 000 тг
Жауабы: Демеушілік көмек барлығы 336 000 теңгеге жасалды
—   Егер барлық ақшаға көп мөлшердегі құралдардың бірін сатып алу нұсқалары ұсынылса, онда қосу көбейтумен ауыстыруға бола ма?
        7 колонка алу керек болса 48 000 * 7 = 336 000 тг
Өзіңді тексер!
Жарайсың! Калькуляторды пайдалана отырып, көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындай алдың деп ойлаймын.
Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру Бағалау критерийлерін ұсыну
 
Көптаңбалы сандарды ондық құрамы негізінде қосады және азайтады
 
Калькуляторды пайдалана отырып, көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындайды
Презентация № 5,6,7бет
3 минут
 
 
Бекіту
 
 
 
 
 
 
Қосымша
Тапсырма  
Микрокалькулятордың көмегімен есепте.
 
5 363 + 2 6118 ∙ 16 – 9 530 + 890123 = 1 303 844
15312 : 24 + 736 914 – 638 413 + 438 ∙ 3 = 100 453
 
Өзіңді тексер!
—   көптаңбалы сандармен берілген амалдардың мәнін калькулятордың көмегімен есептедің
 
 
Мен …. Калькуляторды пайдалана отырып, көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындай аламын
 
Бүгінгі сабақ бойынша пікірлеріңізді «СМС» жіберу арқылы білдіріңіздер
 
Сабағымыз аяқталды Сау болыңыздар
Тақырыпты меңгергенін анықтау
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бағалау критерийлерін ұсыну
 
Микрокалькуляторды қолданып есептейді
 
 
Презентация № 8,9,10бет

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.