«РӘМІЗДЕРІМ – МАҚТАНЫШЫМ!»

 
«РӘМІЗДЕРІМ – МАҚТАНЫШЫМ!»
 
І. Тақырыбы: «Рәміздерім – мақтанышым!»
ІІ. Мақсаты: Өлеңді дауыс ырғағын келтіре отырып оқу және өлеңнің мазмұнын ашу;
Балалардың ынталарын арттыру,білімділікке баули отырып, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Балаларды еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу; имандылық, адамгершілік тәрбиесіндегі үлгі – өнеге сөздерді үйретіп, елді қорғауға баулу.
Көрнекіліктер: Дидактикалық материалдар, суреттер, санамақ таяқшалар, геометриялық пішіндер. Ел рәміздің суреттері.
Әдісі: Слайд.
 
«Менің елімнің рәміздері» өлеңі.
                                                                          Тақпақтар:
 

  1. бала:    Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.

  1. бала: Құт — береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
 

  1. 3. бала:  Рәміздерім — елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім – елтаңба, ту, гимнді,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Сұрақ — жауап;
Балалар, айтыңдаршы, жылдың неше мезгілі бар?
Суретпен жұмыс:
Суретте жылдың қай мезгілі көрсетілген?
Олай болса, осы жылдың жаз мезгілінде төртіншіше       маусым күні осы     біздің мемлетіміздің рәміздер күні болып аталған.
 
Қуанышты сәт: «Тосын сый»
 

Саламатсыздар ма, балалар!
Балалар бүгінгі                   сәтті пайдаланып, мен сендерді алдағы келе жатқан мерекелермен құттықтаймын. Еліміздің болашағы сендерсіңдер, сендерге зор денсаулық, қуаныш тілеймін. Үлкен азамат болып өсіңдер!
 
Сергіту сәті: «Көңілді күн»
 
Ойын: «Тез ойла, сөз ойла»
 
Балалар, сендер осы күнге дейін де ел рәміздері туралы өлеңдер бар екенін білесіңдер, олай болса, өздеріңнің де рәміздер туралы айтатын тақпақтарың бар болар?
 
Тақпақтар:
 
Абылай:  Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы.
Әділ:  Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Айша: Елтанбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі!
Рамзан: Құт, береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
Дарина:  Қазақстан рәміздері- елдігімнің белгісі,
Білу керек балаға дейін ең кіші.
Ән ұран, көңілдір ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.
 
Ойын: «Мақалды жалғастыр»
Отан …………………………..
Отан үшін ……………………………
Туған жерге ……………………………
Туған жерім — ……………………
Туған жердей жер болмас, ……………………….
Туған жердің күні де ыстық, ……………….:….
Жері байдың — ………………………………….
 
             Тәрбиеші:      Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
—  дей отырып, әрқашан бірлікте болайы. Олай болса, кезекті ойынға берейік, бірге болайық.
Бекіту: Дидактикалық ойын: «Құрастыр»
 
Қорытынды:  Әнұран: «М е н і ң  Қ а з а қ с т а н ы м»
 
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.