Мен және менің достарым

Кадыркулова Карлыгаш Нурымбетовна
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
 
 
Күні: 04.04.2022ж
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Мен және менің достарым»
Мақсаты  1. Өзінің есімін, тегін атай білуге жаттықтыру.

  1. Топтағы балаларды атымен атауды үйрету; «ұл», «қыз» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту.
  2. Адамдармен өзара түсінісіп, қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар:.ойыншық тышқан, доп, балалардың суреттері, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: достық, ынтымақ.

Оқу іс – әрекеттің кезеңдері Тәрбиешінің іс — әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Қандай ғажайып таң! Бәріміз шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге игі тілектерімізді айтайық.
 
-Бізге қонаққа келіп тұр. Кім болды екен?(тышқан жылап кіреді).
Тәрбиеші тышқаннның дауысына салып:
-Сәлеметсіңдер ме балалар! Менің көңіл-күйім түсіп кетті, өйткені менің достарым жоқ. Қарап тұрсам, сендер өте көңілдісіңдер, сендер көпсіңдер. Мен достардың қандай болатынын да білмеймін.
-Балалар, алдымен танысып алайық.
Шеңбер бойымен өз есімдеріңді атап шықсаңдар жақсы болар едіңдер.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне игі тілектерін білдіреді, тышқанға әрқайсысы аттарын айтады
Ұйымдастырушылық-ізденістік. 1.Білімді өзектендіру:
-Тышқанға көмектесіп, достың қандай болатынын және достық туралы айтып берейік.
-Сендердің достарың бар ма?
-Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
 
2.Достық тақырыбында әңгіме өткізу.
-Достық — ада–дардың бір-бірімен жақсы ниетпен араласуды, бірге ойнауы. Балалар, нағыздостың қандай болатынын білесіңдер ме?
-Ынтымақ – адамдар арасындағы ұйымшылдық, бірлік.
 
3.Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді, қалай орындағандарын қадағалайды.
Жеке жұмыс жүргізеді.
«Иә немесе жоқ» ойыны. Шарты: тәрбиеші сөйлемдерді айтады, балалар келісетіндерін немесе келіспейтіндерін «иә», «жоқ» деген жауаптармен білдіреді.
-Ұзақ дос боламыз.
-Достықты біз бағалаймыз.
-Бірге ойнаймыз.
-Бір-бірімізге көмектесеміз.
-Достарды ренжітеміз.
-Досымның қолындағы ойыншығын тартып аламын.
 
4.Саусаққа арналған жаттығу.
Достық
Қыздар менен ұлдар,
Дос қой біздің топта.
Ұсынса біреу қолын,
Ешқашан бас тартпа.
 
5.»Досың туралы айт» жаттығуы.
 
-Досыңның есімі кім?
 
-Сенің досың ұл ма, әлде қыз бала ма?
-Досың ызақор ма, әлде мейірімді ме?
 
Сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерімен бөліседі.
 
 
 
 
 
Тәрбиешіні мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тапсырманы орындайды.
 
 
 
 
Сұрақтарға жауап бере отырып, ойынға қатысады.
 
 
 
 
-Иә.
-Иә.
-Иә.
-Иә.
-Жоқ.
-Жоқ.
 
 
Саусаққа арналған жаттығуды орындайды. Мәтін мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.
 
 
Өз достарын сипаттайды.
 
Менің досымның аты Аяжан.
Ол – қыз бала.
 
Ол мейірімді.
  Тышқан: Балалар, сендерге көп рақмет. Менің кетуім керек. Енді мен дос табатыныма сенімдімін, өйткені мен дос және достықтың не екенін түсіндім.
Балалармен қоштасады.
Тәрбиешімен бірге оқу іс-әрекетті қорытындылайды.
 
 
 
 
Тышқанмен қоштасады.
 

 
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:Заттарды сипаттап айтуға және басқа да ойыншықтардың неден жасалғанын ажыратуға арналған тапсырмаларды.
 Түсінеді: Металл және ағаштан жасалатын ойыншық түрлері туралы мәліметтерді тыңдап.
Қолданады: Заттардың қандай материалдардан жасалатынын анықтап, оларды топтастыра бәлу дағдыларын.
Технологиялық картаны толтырған:
 
Тәрбиеші: Кадыркулова карлыгаш Нурымбетовна
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.