«Денсаулығым – баға жетпес байлығым»

Қызылорда қаласы
№5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернат
Тәрбиеші: Абсултан Ж.
 Тақырыбы: «Денсаулығым – баға жетпес байлығым»
Мақсаты: Оқушыларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімділікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Қимыл-қозғалыс арқылы баланың қиялын, ойлау қабілетін арттыру, берілген тапсырманы ынтамен тыңдай білуге үйрету.
Түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: Жарыс
Көрнекілігі: доп, кегли, арқан, орындық
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі-оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, жарысқа дайындығын тексеру.
ІІ. Кіріспе: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 7 сәуір Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау күніне орай ұйымдастырылып отырған «Денсаулығым – баға жетпес байлығым» атты жарысқа қош келдіңіздер! Бүгінде осындай іс-шара біздің мектебіміздің 4-7 сынып оқушыларынан құралған екі топ арасында өткізіледі.
Тәрбиеші:

  1. Топтарды ортаға шақыру

Ал, қанекей, қонақтар,
Ортаға назар салайық.
2 топтың ойыншылары келеді,
Қол соғып қарсы алайық! – деп, ортаға қатысушы топтарды шақырамыз.
 
Ақ түсті киімде  «Денсаулық» тобы, көк түсті киімде «Салауат» тобы.
Жарысты бастамас бұрын ойынға төрелік ететін әділ-қазылар алқасымен таныстыра кетейік.

  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қарабөпеева Баян апай
  2. Кәсіподақ ұйымының төрайымы Кукеева Гүлзат апай
  3. «Жауқазын» тобының тәрбиешісі Мыңбаева Гүлнар апай

 
Әр топ өздерін ұрандарымен таныстырады
1 топ «Денсаулық» Ұраны: «Денсаулық –зор байлық»
2 топ «Салауат»  Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі»
Бәрекелді, әр топ өздерін таныстырып өтті.
 
ІІІ. Негізгі бөлім: Ал, жарысқа қатысушылар ең алдымен біз дене қыздыру жаттығуларын жасауымыз керек.
Қанекей бірге бастайық
көңілді ойын ойнайық (жаттығу жасау)
 
Дүбірле жарыс, дүбірле,
Жақсылық болсын үйіңде.
Жарыста нағыз мықтылар,
Жеңіске жетер түбінде,- дей отырып, бүгінгі жарысымыз 4 бөлімнен тұрады.

  1. «Кім озар?»

Шарты: допты жерге ұрғылап, кегли арасымен айналып өту, қайтар жолда допты қолға ұстап тіке жүгіру, келесі ойыншыға допты беру.

  1. «Кім епті?»

Шарты: екі тізе арасына допты қысып, кедергілер арасымен өтіп, қағазда көрсетілген есепті шығарып, қайтарда допты қолға ұстап тіке жүгіру, келесі ойыншыға допты беру.

  1. «Кім шапшаң?»

Шарты: орындық үстіне қатысушылар тізбектеліп отырып, қолдарын жоғары көтеріп отырады. Ең алдында отырған қатысушы допты жоғарыдан келесі ойыншыға береді және допты берген соң жылдам соңғы қатысушы артына жүгіріп келіп отырады. Ең алғаш қатысушы бастапқы орынға жеткен кезде ойын аяқталады.

  1. «Кім батыр?»

Шарты: Екі топқа бөлініп, әрбір топ арқанды өз жағына тартады. Өз жағына арқанды тартып шығарған топ жеңімпаз болып танылады.
 
Ал, енді әділ-қазылар әділ ұпайларыңызды беріңіздер.
ІV. Қорытынды: Сөз кезегі әділқазыларда (Марапаттау рәсімі).
Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік!
«Денсаулығым – баға жетпес байлығым» атты жарыс осымен аяқталды.
Жеңістеріңіз құтты болсын! Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін
көп-көп рахмет!
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.