БАЛАБАҚШАДА ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ.

БАЛАБАҚШАДА ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ.
 
Құм терапиясы — адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.
Құмдағы тераписын қолданудағы мақсатым: 1. Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыру. 2. Танымдық және психикалық процестерді дамыту; түйсікті (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістіктік түсінікті, қолдардың ұсақ моторикаларын дамыту. 3. Ауызша және ауызша емес әдіс тәсілдерді қолдана отырып, тәжірибелік қарым — қатынастық біліктіліктер мен дағдыларды жетілдіру. 4. Қиялды, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік — логикалық ойлауды, көрнекі іс — әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, балаларды белсенді іс — әрекетке және зейіннің шоғырлануына тәрбиелеу.
Міндеттерім: 1. Танымдық сезімдерін дамыту (зейін, жады, қиял, қабылдау) 2. Интеллектуалдық ортаны қалыптастыру – ойлай білу, көрнекі — шынайылық, көрнекі — бейнелік, сөздік — логикалық, шығармашылық ойлау. 3. Эмоционалдық және коммуникативтік ортаны (қарым — қатынастың табысты ағымына қажетті, ауызша және ауызша емес құралдарды қолдана отырып) дамыту.
Құм терапиясына керекті құрал-жабдықтар:
Құм терапиясында стандартты өлшемде (50 х 70 х 8 см) ағаш тақтай, құм, су және ұсақ пішіндер жиынтығы қолданылады. Құмзардың түбі мен жиегі көгілдір түске боялады, ол аспан мен суды модулдеуге мүмкіндік береді. — адам кейіпкерлері; — жануарлар (үй, жабайы, тарихқа дейінгі, теңіз және т. б.); — көліктер (құрғақта жүретін, суда жүзетін, ғарыштық және т. б.); — өсімдіктер (ағаштар, гүлдер, көкөністер, жаңғақтар және т. б.); — табиғи заттар (ұлутастар, бұтақтар, әр түрлі пішіндегі тастар және т. б.); — лақтырым материялдар (пласмасс ыдыстар, тығындар және т. б.); — Пластикалық немесе ағаш әріптер мен сандар, геометриялық пішіндер. Бір сөзбен айтқанда, қоршаған әлемде кездесетін заттың бәрі «коллекцияда» лайықты орынға ие бола алады. Егерде ойын кезінде қандай да бір бейнелердің фигуралары жетіспесе, оларды ермексаздан, қамырдан илеп, қағаздан қиып жасауға болады.
Бала құм терапиясында тек қана қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыта отыра процесс барысында бала өзінің ішкі қобалжуларын ішкі сезімдерін сыртқа ойын барысында фигураларды таңдау барысында толығымен өз назарын салады. Бала ойын барысында өзінің терең эмоционалдық қобалжуларын айта алады.
Құм терапиясының маңыздылығы:
— сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.
— іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.
Құм терапиясын 3 жастағы балалармен бастауға болады. Кейбір адамдар бұл әдісті психоанализге әкеледі деп ойлайды, бірақ менің тәжірбиемде терапияның еркін әдіс екені көрсетіледі.
Әрекет үстіндегі құмды қолдану.
Тіл құзіреттілік дамыту сабақтарында мен келесі әдіс-тәсілдерді қолданамын:

  1. Әңгімелесу «бөлмедегі құммен ойнау ережелері» бұл сабақта және топта не істеуге болады және не істеуге болмайтының талқылаймыз (құмды шашуға, лақтыруға, басқа жерге тасуға т.б.)
  2. Балаладың өз тәжірибесі туралы әңгімелесу «Құммен ойнағанда мен не сеземін». Балалар өз сезімдері, құммен ойнау барысындағы туындаған қиялдары туралы әңгімелейді.
  3. Сусымалы құмды қарастыру (Құм сағаты) «Менің сезінулерім». Балалар сусымалар құмды, бірнеше рет аударып отырып бұл процесті өте ұзақ қарап отыра алады. Бұл көрініс оларды қатты қызықтырады. Содан кейін олар өз сезінулері туралы әңгімелейді.

Математика сабақтарында төмендегіндей жаттығуларды қолданамын:
1.«Өлше де сана». Балалар қасыкпен құмды өлшейді және санын санайды.
2.«Түрлі өлшемдермен өлше». Бірдей мөлшердегі құмды балалар түрлі белгілері бар қасықтармен өлшеп салыстырылады және санын санайды.
Сурет сабақтарында келесі сабақ түрлерін қолданамын:

  1. «Құммен сурет салуды үйренеміз». Осы сабақты балалармен бастапқы кезеңде әрқайсысымен жекелеп өткіземіз. Бір заттың бейнесін саламыз немесе көшірме қағаз арқылы бейнелейміз. Суреттің ортасына жіңішке қылқаламмен желім жағып үстіне құм себеміз, 1-2 минуттан соң артық құмды алып тастаймыз да, қайта өз ыдысына қалдық құмды саламыз.
  2. «Суретті құммен саламыз». Сабаққа түрлі түсті гуашьпен боялған және түрлі табиғи реңкі бар құмдарды қолданамыз. Түрлі түсті құмды біртіндеп желіммен әр түсті жеке алып отырып суретті шығарамыз.
  3. «Бауырсақ және түрлі безендірілген қуыршақтар» дымқыл құмнан мүсіндеу.

Құм ойындары
Қыстың суық күндерін де сыртқа шығу мүмкін болмаған жағдайда балалармен құммен ойнайтын түрлі ойындар ұйымдастырылады.
Ойын түрлері:

  1. «Ненің ізі».
  2. «Келесіге бер»
  3. «Сезімтал алақандар»
  4. Еркін ойындар»

Бала тәрбиесінің басты ошағы отбасы десек,құм терапиясының маңыздылығы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың болуына үлкен үлес қосады.Бала құммен ойынды тек балабақшада ғана ойнап қана қоймай,үйге барғанадада сол ойынды жалғастырады.Осы орайда балабақша мен ата-ананың байланысын нығайту барысында ата-аналарға үйге төмендегідей тапсырмалар беріп отырамын.
Ұсақ моториканы дамыту жаттығулары:

  1. «Коктейль трубочкалары»
  2. «Моншақтар»
  3. «Фасольды теру»
  4. «Жіпті орау»
  5. Сусымалы заттарды сапыру»

Қорытынды.
Қорыта айтқанда «Құм терапиясының» негізін қалаушы Карл Густав Юнг «Қиялдау — ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама-қарсы сыртқы және ішкі дүние бірге қосылады» деген. Демек бала қиялындағы сөзбен айтып жеткізе алмайтын дүниесін құмға түсіре алатындығына көзім жетті.
Бала қолымен және табиғатпен жасалған шынайы, тартымды және тартымсыз пішіндерді қолданады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі.
Құм терапиясы арқылы баланың мынадай құзіреттіліктерін дамыттым:

  • Шығармашылық
  • Танымдық
  • Интеллектуалдық
  • қарым–қатынас

Құмзар ойындарды, жаттығуларды пайдалану балалардың эмоциясын, шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзқарастарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, қойылған міндеттерді іске асыруда жеке тұлғаны жан — жақты етіп қалыптастыру бірлікте шешімін табады. Заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан — жақты дамуына «Құм терапиясының» тигізер үлесі өте зор.
 
Қолданылған   әдебиеттер  тізімі:

  1. Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева Т.М. Грабенко « Чудеса на песке» практикум по песочной терапии. Из-во « Речь» 2005 год
  2. Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева Т.М. Грабенко « Игры в сказкотерапии» СПб 2008
  3. М.В. Кисилева «Арт-терапия в работе с детьми»СПб 2006
  4. Балапанов Е .Қ.Бөрібаев Б.Б. Ақпараттық мәдениет негіздері. Әдістемелік нұсқау-Алматы,2005жыл.
  5. Венгер Л.А. Қабылдау мен оқыту-М.Просвещение 1969жыл

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.