Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, № 60 жалпы білім беретін орта мектеп. Ерболат Әбікен. «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі
Қысқамерзімді жоспар
Бөлім: | 2-бөлім. Заман шындығы |
Педагогтің аты-жөні: | Романова М.К |
Күні: | 15.12.2021 |
Сыныбы: 11 «А» | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Ерболат Әбікен. «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: | 11.1.1.1 — әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну; 11.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: Әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге сипаттама береді. Көпшілік оқушылар үшін: Әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс жазады. Кейбір оқушылар үшін: Әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдайды. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. |
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады. 3.Оқушыларды топтарға біріктіру |
Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді. | Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. | Оқулық, жұмыс дәптерлері Кітап, дәптер, қалам суреттері (Қазіргі жағдайда) ДК экраны |
||||||||
Жаңа сабаққа кіріспе |
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Сұрақтар: 1. Ерболат Әбікенұлының шығармалары неге ащы сарказмға құрылған дейміз? 2. Не себепті жазушы шығармаларындағы түйткіл мәселелер барлық қоғамда дерлік кездеседі? |
Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. . |
Қалыптастырушы бағалау: «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | ||||||||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. «Графикалық органайзер» әдісі |
Тапсырма-1 Үзіндідегі көтерілген мәселені анықтап,осы мәселелердің шешімін ұсын |
|
Дескриптор: -Мысал келтіреді. -Талқылайды. -Пікір алмасады. Жалпы — 4 балл |
Оқулық, жұмыс дәптерлері. |
||||||||
«FILA» кестесі | Тапсырма-2 «FILA» кестесі Дерек Пікір Сұрақ Іс-әрекет |
|
Дескриптор: -Мағынасын түсіндіреді. -Пікір алмасады. -Кері байланыс орнатады. Жалпы -4 балл |
Оқулық, жқмыс дәптерлері. | ||||||||
«Пікір сызығы» әдісі Кері байланыс: Үйге тапсырма: |
«Пікір сызығы» әдісімен оқушылар берілген тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады, дәлелдейді «3-2-1» әдісі Кейіпкерлерге мінездеме беру |
«Оқып жүріп, отбасын құрған дұрыс немесе дұрыс емес» тақырыбында оқушылар пікір сызығының бір жағына қостайтындар,ал екінші жағына қостамайтындар тұрса, басына 50/50 дегендер өз ойларын білдіріп, дәлелдейді Сабақтағы 3 маңызды ақпарат Қиындық тудырған 2 мәселе Сабақта ұнаған 1 аспект |
Дескриптор: Жалпы -4 балл —Оқушылар берілген тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады, -Өз ойларын дәлелдейді -Бүгінгі күннің өзекті мәселесін көтере алады |