«Интернеттің пайдасы мен зияны» Әлеуметтік желіні тиімді пайдаланайық!
Қожан Сәуле Жанболатқызы
Ақтөбе қаласы №60 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш класс мұғалімі
Тәрбие сағаты
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Бағыты: | Зияткерлік тәрбие | |
Педагогтің Т.А.Ә. | Қожан С.Ж | |
Күні: | 29.01.2022 жыл | |
Сынып: 3 Д | Қатысушылар саны: 23 | Қатыспағандар саны: 0 |
Сабақтың тақырыбы | «Интернеттің пайдасы мен зияны» Әлеуметтік желіні тиімді пайдаланайық! | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, қызығушылығын арттыру; Өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, сөйлей және тыңдай білуге тәрбиелеу; |
|
Аяқтау нысаны | «Ғаламтор әлемі » моделін жасау |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі |
Психологиялық ахуал «Қобдидағы сурет» әдісі. Қобдидың түбіне айна қойылады.Оқушылар шеңбер бойымен тұрады.Оларға қобди ішінде танымал тұлғаның суреті бар екендігі,сол кісінің жақсы қасиетін тауып айту керектігі тапсырылады. «Конверт-сұрақ» әдісі (жаңа тақырыпқа кіріспе) Оқушыларды конверттен алынған сұрақтарға жауап беру арқылы диалогқа түсіру. — Онда көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады — Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. -Алысты жақындататын, бар ақпаратты жедел беретін не? Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру |
Балалар кезектесіп келіп қобдиды ашқанда табанында тұрған айнадан өз суреттерін көреді.Өзінің жақсы қасиетін тауып айтуға тырысады. Оқушылар берілген сұрақтарға өз ойларымен жауап береді |
«Жарайсыңдар!» «Сендердің әр сөздерің мен үшін құнды. Рахмет!» |
Қобдиша,айна Слайд -1 Сабақтың тақырыбы мен мақсаты |
Сабақтың ортасы | Мағынаны ашу:«Оқы ,талда, бөліс» әдісі. 1-топқа: «Интернет туралы ақпарат» 2-топқа: «Интернеттің пайдасы» 3-топқа: «Интернеттің зияны» Инернет туралы қосымша мағлұматтармен танысу |
Бірінші топ жалпы инернет туралы берілген ақпаратпен танысады. Екінші интернеттің пайдасы туралы танысады. Үшінші топ нтернеттің зияны туралы танысады Өз пікірлерін білдіреді |
Жетістік баспалдағына жұлдыз қондыру |
Тақырып туралы ақпараттар Слайд -2 |
Сабақтың соңы | Топпен жұмыс: Постер Топтарға жаңа тақырып бойынша сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікірлерін постер арқылы қорғайды, ол үшін конвертке салынған тақырыптар таратылады. І -топ:«Біз интернетті қалай пайдаланамыз?..» ІІ-топ: «Ғаламтор әлемінің зияны…» ІІІ-топ:«Ғаламтор әлемінің пайдасы» |
Берілген тапсырманы уақытылы орындап, сұрақтарға нақты жауап береді, тақтаға шығып тапсырманы қорғайды. |
Жетістік баспалдағына жұлдыз қондыру . |
Төңкерілген кеспе қағаздар, А-3 формат,түсті фломастер |
Кері байланыс | «Интервью әдісі» Бүгінгі сабақта не үйрендің? Сен үшін не қиын болды? Саған қандай тапсырма қызықты болды? |
Оқушы тілші қойған сұраққа жауап береді | Жетістік баспалдағына үш жұлдызды түгел қондырған топ мадақталады. | Микрофон |