Жәндіктер

Ажбанбетова Камила
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Топ: ересек
Білім беру саласы:«Қатынас», «Шығармашылық», «Таным»
Тақырыбы: «Жәндіктер»
Мақсаты: Жәндіктердің алуан түрлері, олардың ерекшеліктері туралы білімді бекіту.
Білімділігі: Жәндіктер туралы түсініктерін  қалыптастыру (жәндіктердің атауы, жәндіктердің пайда болуы, құрылымы).
Дамытушылығы: «Жәндіктер» тақырыбындағы тілдерін,  ұсақ моторикасын, байқау мен логикалық ойлауды  дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін, қоршаған табиғи әлемге ұқыпты қарауды тәрбиелеу.
Құрал-жабдық: слайд, тақырыпқа сай суреттер, карточкалар, балалар төсбелгілері.
Технология: «Тәй-тәй» бағдарламасы бойынша белсенділік орталықтарындағы жұмыстар.
Жұмыс жасайтын орталықтар:  «Тіл орталығы», «Математика орталығы», «Бейнелеу орталығы».
 
Барысы:
Шаттық шеңбері
Қоршаған өмір әлемі,
Не деген көркем, әдемі!
Сол сұлулықты сақтайық,
Мадақтайық, мақтайық!
 
Слайдтан «Жәндіктер әлемін» көрсету.
 
Жұмбақ жасыру.
Көлбең-көлбең етеді,
Гүлден ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады.(Көбелек)
 
Қыпша белді,
Қыбыр жүрісті.
Тыным алмайды,
Тындырмай жұмысты. (Құмырсқа)
 
Тоқыған ауы – шыбынның жауы.(Өрмекші)
Әңгімелесу.
Жұмбақтың шешуі не болды? (Көбелек, құмырсқа, өрмекші)
Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? (Жәндіктер)
Жәндіктер-біздің планетамыздың тұрғындары. Көптеген жәндіктер жерде ғана емес, сонымен қатар ауа мен су кеңістігінде де өмір сүреді.
Тәрбиеші:
Балалар, жәндіктер қалай қозғалады? ( жүгіреді,  ұшады, жүзеді, секіреді.)
Немен қоректенеді? (Кейбіреулері-жапырақтармен, өсімдіктердің жас өскіндерін жейді, піскен жемістер, құлаған жапырақтарды жесе ұнтақтағыш қоңыздар-ағаш пен қабығын, жыртқыш жәндіктер басқа жәндіктерді аулайды. Аралар, көбелектер, шыбындар — гүлдердің балшырындары, жасыл жапырақтарымен қоректенеді.)
Топқа бөліну
Балалардың төстерінде көбелек, құмырсқа, өрмекшінің суреттері бейнеленген.Орталықтарда сол жәндіктердің бейнесі болады. Әр бала төсбелгісіне сәйкес орталықтарына орналасады.
Тәрбиеші:
Балалар, әркім өз орталықтарықтарыңды, орындарыңды таптыңдар. Ендеше әрқайсысымыз өз орталықтарымызда жұмыс жасайтын боламыз.
1-орталық: Тіл орталығы
2-орталық: Математика орталығы
3-орталық: Бейнелеу  орталығы
 
Тәрбиеші:
«Тіл орталығындағы» балалар алдарында берілген карточкалардағы жәндіктер туралы мнемокесте берілген. Кестедегі  бейнеленген  тірек-суреттер арқылы сөйлемдерді оқимыз.
 
Тәрбиеші:
Балалар, «Математика орталығындағы» балалар алдарында берілген карточкалардағы жәндіктердің көп-аз-тең белгілерімен белгілеп айтады.
 
Тәрбиеші:
Балалар, «Бейнелеу орталығындағы» балалар гупка қиындыларымен жәндіктерді бояйды.
 
Видеосергіту сәті
 
Слайд арқылы
«Жәндіктердің көлеңкесін тап» дидактикалық ойыны (ауызша)
 
«Жәндіктерді құрастыр, ата» дидактиалық ойыны.
Шарты: Балаларға жәндіктердің қиынды суреттері таратылады. Балалар суреттерді құрастырады, атайды.
 
Қорытынды:
 
Рефлексия «Жәндіктер»
Шарты: Тақтада үлкен гүлдің суреті ілінеді. Үстел үстінде қызыл, жасыл жәндіктердің суреті орналасады.
«Өте ұнады»-деген балалар гүлге қызыл жәндікті орналастырады.
«Түсінбедім»-деген балалар көк жәндіктерді орналастырады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.