«Буратиномен ғажайып саяхат»

«Сауат ашу негіздері » ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Тәрбиеші:  Турганбаева  Айгуль Бекжасаровна

Тобы  «Құлыншақ» Мектепалды  тобы
ББС «Қатынас»
ҰОҚ «Сауат ашу негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметі.
Тақырыбы: «Буратиномен ғажайып саяхат»
ҰОҚ мақсаты
 
Дыбыстық құрылымы әртүрлі үш және төрт дыбыстардан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөйлем туралы түсінеді. Дыбыстардың белгілерін ажыратады (дауысты-жуан/жіңішке; дауыссыз-қатаң, ұяң, үнді), оларды дұрыс атайды.
Сөйлем құрайды, сөздегі буындардың ретін анықтайды;
Күтілетін нәтиже
 
— Дыбыстардың белгілерін ажыратады (дауысты-жуан/жіңішке; дауыссыз-қатаң, ұяң, үнді);
-сөздердегі буындардың санын ажыратады және екпінді буынды естиді;
— үш-төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасайды;
-берілген сөздерден жай сөйлемдер құрастырады;
 
Әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбері әдісі, ой қозғау әдісі,  қызығушылықты ояту әдісі,  көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, миға шабуыл, 4 к моделі (командамен жұмыс, комуникативтілікті дамыту), бала үні.Кинеметафра әдісі.Ширату әдісі.  Ашық сұрақтар. Бақылау түрлері: қысқа мерзімді, жаппай,тікелей. Саралау әдісі: өнім арқылы саралау. «Галлереяны шарлау» әдісі
Ресурстары Слайд, Буратино сызба картасы, топтарға біріктіретін текшелер (кілт суреттері), құрылымдалған және педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойындарға қажетті материалдар, әліппе кітабы (фетра), 4 сандық, тақта.
Кері байланыс. Рефлексия. «Бас бармақ» әдісі, «Ым-қимылмен көрсет» әдісі.
Рефлексия «Білім сандығы»
 
 
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Кіріспе 5 мин
Жағымды ахуал орнату
 
 
 
«Шаттық шеңбері» әдісі
 
 
 
Мақсаты мен тақырыпты таныстыру
 
 
Қызығушылықты ояту әдісі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кинеметафра әдісі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ширату әдісі
 
Шаттық шеңбері.
Шақырамын сендерді
Жолдастарым кел бері
Толтырайық шаттыққа,
Дөнгеленген шеңберді.
Достарымның барлығын,
Сыйлап, жақсы көремін.
Алақаным арқылы
Жылуымды беремін.
-Бүгін бізге келген қонақтармен амандасып алайық.
Ғажайып сәт: Буратино келеді.
(әуенмен Буратино келеді)
Буратино: -Мені таныдыңдарма балалар!

-Балалар сендерді өте білгір, білімді дейді. Сендер маған көмектесесіңдер ме? Мен сендерден көмек сұрағалы келдім.
Менің әкем Папа Карло маған білімді болсын, мектепке барғанда жақсы оқысын деп Әліппе сыйлады. Ал мысық Базилио мен түлкі Алиса менің Әліппемді ұрлап әкетіп, тығып қойыпты.  Бірақ мен олардың кітапты жасырған жерін белгілеген картасын тауып алдым. Ол жерге жету үшін алдымызда көп кедергілер бар екен. Сендер маған көмектесісіңдер ме?
-Жарайды. Көмектесейік.
-Олай болса картаға қарап  саяхатқа шығайық. Алдымызда кездесетін тапсырмаларды орындауға дайынбызба?
(картаны қарау)
-Балалар,белгіленген жерге тез жету үшін 2 топқа бірігіп, тапсырмаларды орындайық.
 
Топқа біріктіріп ширату.
Қызыл және көк түсті суреттері бар кілттер   арқылы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Негізгі бөлім 20 мин
Айтылым.
Тыңдалым
 
Жеке жұмыс
 
Бақылау түрі: жаппай, тікелей, жанама.
 
Саралау әдісі: өнім арқылы саралау
 
Жұптық жұмыс
 
 
 
 
Жеке жұмыс
 
 
 
 
 
 
Топтық жұмыс
 «Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын» «Қандай дыбыс?»
Мақсаты: берілген дыбысқа байланысты суреттерді сәйкестендіріп, жинайды.
 
 
 Құрылымдалған ойын: «Буынды анықта»
Мақсаты: берілген суреттерді буынға бөледі, буын санына қарай орналастырады.
 
 Құрылымдалған  ойын: «Сәйкесін тап»
Мақсаты: берілген суреттегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды анықтайды, соған сәйкес суретпен сәйкестендіреді.
 
 Құрылымдалған  ойын: «Сөйлем құра»
Мақсаты: берілген сурет арқылы сызбаға қарап сөйлем құрайды.
 
 
 
 
 
 
Қорытынды бөлім 5 мин
Ұжымдық жұмыс
 
 
 
 
 
 
 
 
Мақтау, мадақтау әдісі.
 
 
 
Рефлексия
Құрылымдалған ойын: «Ойна да ойла!»
Мақсаты: Шатасып тұрған дыбыстарды үйшіктеріне орналастырады, дыбысқа қатысты жануарларды үйшіктеріне орналастырады.
 
Буратиноға әліппесін қайтару. Буратиномен қоштасу.
Галлереяны шарлап жинаған кілттер санын санап, мақтау мадақтау.
 
Рефлексия. «Білім сандығы»
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.