Ұлттық ойынмен шындаламыз эстефеталық жарыс

Онгарбаева Бакыткул Адилхановна
Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.
Балаларды ұлттық ойынға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар:Қалташадағы теңгелер,асықтар,таяқшалар,арқан,ағаш ат
Жүргізуші:Қадірменді қонақтар,балалар,балабақша қызметкерлері!
«Салауатты өмір салтын»ұстау қазіргі таңдаөзекті мәселелердің бірі болып отыр.Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты,жан-жақты жетілген,парасатты,мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының,балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.
Шағын орталығымыздың да негізгі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы,ата-ана мақтанышы, дені сау,сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіру,тәрбиелеу.Соның бір шарасы «Ұлттық ойынмен шыңдаламыз» атты эстафеталық жарысымызға қош келдіңіздер.
Бүгінгі сайысқа «Жас ұлан» мен «Жас қыран» тобы балалары арасынан екі топ қатысқалы отыр.
Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап,құрмет көрсетіп ортаға шақырайық.
Жүргізуші:
Дүбірле бақшам,дүбірле,
Жақсылық болсын үйіңде
Қуаныш толып жүзіңде,
Арнаулы жерден сүрінбе.
Жарыста нағыз мықтылыр,
Жеңіске жетер түбінде,
Бүгінгі сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.
1.Топтың аты мен ұраны

  1. «Теңге ілу»
  2. «Кім мерген» асық ату жарысы
  3. «Таяқша құра» жарысы
  4. «Бәйге» жарысы
  5. «Арқан тартысы» жарысы.

Жүргізуші: Әділқазы,ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сараптардан неше бір,
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.
Жүргізуші: Міне балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке-жеке команда,
Ал балалар,өздеріңді танытыңдар,
Естелік,мықтылық,батылдық көрсетіп табанды.
«Ура» деген ұранды ортаға біз тастаймыз,
Жарысымызды бастаймыз.
1.Топтың аты мен ұраны.
Әр топ өздерінің атымен ұрандарын таныстырсын.
«Жас ұлан» тобы:
Топтың ұраны: Көк бөрідей қайраттымыз,
Жігерлі де айбаттымыз.
«Жас қыран» тобы
Топтың ұраны:
Қырандай қалықтаймыз,
Оқудан жалықпаймыз.
Жүргізуші: Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса мың атта.
Аздық етер оныңда,
Жету үшін мұратқа.

  1. «Теңге ілу» топ басшыларының жарысы

Шарты: Топ басшылары музыка әуенімен мәрені айнала билейді. Музыка әуені тоқтағанда мәредегі қалташаны алады. Ішіндегі сұрақтарға жауап беріп ішіндегі силықтарды алады.
Жүргізуші: Топ болып біз жүрейік,
Ойнайықта күлейік,
Достық деген тамаша,
Міне тұрмыз жараса!
3 «Кім мерген» жарысы,
Шарты: мәредегі тігілген асықтарды әр топ мүшелері келіп, атып алулары керек. Қай топ көп асық алса, сол топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса мың атта.
Аздық етер оныңда,
Жету үшін мұратқа.

  1. «Таяқшаларды құра» жарысы.

Шарты: Сендердің жандарыңда таяқшалар жатыр,  бірінші бала сол таяқшаларды рет ретімен қалайды. Ал, екінші бала оны мәре сызығында тұрып таяқшамен атып құлатады.
Жүргізуші: Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян-қолтық алыспай.

  1. «Бәйге» жарысы.

Шарты: Балаларға ағаш ат беріледі. Осы ағаш атқа бір топтың екі баласынан  мініп, белгіден айналып келеді. Қай топ бірінші болып аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Қазағымның ойыны арқан тартыс,
Ежелден келе жатқан, бұл-бір жарыс.
Белді буып аянба, ұмтыл, қатыс.
Көтеріп, ең биікке туын намыс.

  1. «Арқан тартыс» жарысы

Шарты: ортада арқан беріледі. Арқанның қақ ортасынан белгісі бар. Екі топ арқанның екі жағынан ұстап белгі бойынша тартысады. Қай топ арқанды өзіне тартып алса сол топ арқан тартыс жарысы бойынша жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Жарыс жаңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол.
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыста ренжімей,
Тараса бізге жарады – демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Жеңіске жеткен топ марапатталады.
Қатысқандары алғыс хат беріледі.
Жүргізуші:
Жарқын, шаттық заман болсын,
Отбасымыз аман болсын.
Сыйластық пен бірлік болып ,
Әрқашан орта толсын.
Осымен «Ұлттық ойынмен шыңдаламыз» атты эстафеталық сайысымыз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңдар!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.